Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Алу және өтеу

Микрокредитті қалай алуға болады?

Жеке банктік шотқа немесе картаға. Егер шотыңыздың нөмірін білмесеңіз, өз банкіңізге хабарласыңыз. Шот иесінің деректері профильдегі деректермен бірдей болуы тиіс. Сәйкес болмаса, банк аударымды қабылдамайды.

Ақша шотқа түскен жоқ

Микрокредит рәсімдегенде банк шотына аударылатын ақша банкіңіздің жұмыс жылдамдығына байланысты 1–5 күн аралығында банктік жұмыс уақытында түседі. Ақша алған кезде жіберілген офертадағы деректерді де тексерген жөн.

Микрокредитті өтеу жолдары

Қолма-қол ақшамен, электрондық әмиян арқылы, банк аударымымен немесе банк картасымен. Қажет соманы толық және ішінара өтеуге болады. Өтеу тәсілдері туралы толық ақпаратты мына жерден алуға болады.

Мерзімінен бұрын қалай өтеуге болады?

Байланыс орталығына қоңырау шалып немесе support@solva.kz поштасына хат жазып толық берешек сомасын нақтылап, сол соманы төлеңіз. Ары қарай өзіңіздің жеке кабинетіңіздегі шаблон (Бізбен байланысу – Мерзімінен бұрын өтеу – Толық немесе ішінара таңдау – Өтініш нысанын жүктеу) бойынша өтініш жазыңыз. Өтініштің сканын/фотосуретін, екі жағындағы деректеріңіз айқын әрі толық көрсетілген жеке куәліктің сканын/фотосуретін, төлемді растайтын құжаттың сканын/фотосуретін хатқа тіркеп, support@solva.kz поштасына «Мерзімінен бұрын толық өтеу» белгісімен жіберіңіз.

Мерзімінен бұрын ішінара қалай өтеуге болады?

Ол үшін support@solva.kz электрондық поштаға жазып, берешектің толық сомасын біліңіз де, сол соманы төлеңіз. Ары қарай жеке кабинетіңіздегі (Бізбен байланысу – Мерзімінен бұрын өтеу – Ішінара өтеуді таңдаңыз – Өтініш нысанын жүктеу) үлгі бойынша өтініш жазыңыз. Өтініштің сканерленген көшірмесін\суретін, деректеріңіз нақты және толық көрінетіндей етіп, жеке куәліктің екі жағынан жасалынған сканерленген көшірмесін\суретін және төлемді растайтын құжаттың сканерленген көшірмесін\суретін хатқа қоса жүктеп, «Ішінара мерзімінен бұрын өтеу» тақырыппен support@solva.kz электрондық поштаға хат жіберіңіз.
Өтінішті төлемді жасағаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде жазу қажет.

Егер қателесіп, ақшаны Solva шотына жіберіп қойған жағдайда не істеу керек?

support@solva.kz электрондық мекенжайына хат жолдаңыз. Хатта аты-жөніңізді көрсетіп, төлем чегінің сканын немесе фотосуретін жүктеп, жағдайды сипаттаңыз. Қолдау көрсету қызметі сізге хабарласады.

Қандай айыппұлдар қарастырылған?

Микрокредит бойынша қарызды мерзімінен кешіктірген жағдайда келесі айыппұлдар есептелінеді:
– 5 000 теңге мөлшерінде біржолғы айыппұл;
– мерзімі кешіктірілген әрбір күн үшін алынған соманың 0,5 % мөлшеріндегі күн сайынғы өсімпұл.

Ақша төленген соң неге бармай жатады?

support@solva.kz электрондық поштасына хат жолдаңыз. Хатта аты-жөніңізді көрсетіп, төлем чегінің сканын немесе фотосуретін жүктеңіз. solva.kz қолдау көрсету қызметінің мамандары сізге қоңырау шалады.