«ОнлайнКазФинанс» микроқаржы ұйымы» ЖШС микрокредиттер беру қағидалары
1 тарау. Негізгі ережелер
Микрокредиттерді берудің осы Қағидалары (одан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (одан әрі –ҚР АК), Қазақстан Республикасының «Микроқаржылық қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ «ОнлайнКазФинанс микроқаржы ұйымы» ЖШС (одан әрі -МҚҰ) ішкі құжаттарына сәйкес құрастырылған және жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер беру, сонымен бірге оларға қызмет көрсету тәртібі мен шарттарын анықтайды және Микрокредит беру туралы шарт (бұдан әрі-Шарт) жасалған күннен бастап туындаған тараптардың қатынастарына қолданылады және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Осы Қағида МҚҰ микрокредиттер беру, сондай-ақ оларға қызмет көрсету бойынша операцияларды жүргізуді регламенттеу мақсатында әзірленді.
Осы Қағидалар келесі ақпараттардан тұрады:
Қарыз алушыларға қойылатын жалпы талаптар;
микрокредит беру шарттары;
микрокредитті беру туралы Өтініш-сауалнаманы толтыру тәртібі және оны қарау тәртібі және (немесе) Сайттағы Жеке Кабинетте тіркелу;
микрокредитті беруден бас тарту негіздемелері;
микрокредитті беру туралы шартты жасасу тәртібі;
ұсынылатын микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу ережелері;
кредиттік құжаттаманы құрастыру;
микрокредитті беру;
мониторинг;
микрокредит берудің қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізу тәртібі;
мерзімі өткен берешекпен жасалатын жұмыс;
микрокредиттерді өтеу әдістері;
микрокредиттер бойынша төлемдер жасау тәртібі;
берілген микрокредиттер бойынша сыйақыны төлеу тәртібі;
Микрокредитті беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу тәртібі;
Микрокредитті беру туралы шартты жабу тәртібі;
микрокредит беруге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері;
дербес деректер;
микрокредитті беру құпиялылығы.
Осы Қағидалар ашық ақпарат болып табылады және коммерциялық құпияныңмәні бола алмайды. Бекітілген Қағидалар көшірмесі https://solva.kz/ сайтында орналастырылады.
Осы Қағидаларда келесі анықтамалар қолданылады:
сыйақы – микрокредит беру туралы Шарттың талаптарына және МҚҰ белгілеген өтеу тәртібіне сәйкес негізгі борышқа пайыздық мәнде айқындалған, берілген микрокредит үшін төлемақы;
жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – Қарыз алушының сыйақыны қамтитын микрокредит төлеу жөніндегі шығыстары нескере отырып есептелетін, микрокредит бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелетін сыйақы мөлшерлемесі;
сыйақының шекті мөлшерлемесі – жеке тұлғамен қырық бес күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге жасалған микрокредит беру туралы Шарт бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшердегі сыйақы мөлшерлемесі;
микрокредит беру туралы шарт (бұданәрі-Шарт) – оған сәйкес МҚҰ Қарыз алушының меншігіне ақша береді, ал Қарыз алушы МҚҰ-ға негізгі борыш сомасын уақтылы қайтаруға және ол бойынша ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен сыйақы төлеуге міндеттенеді;
Заң – «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
Қарыз алушы – МҚҰ-мен Шарт жасасқан жеке тұлға немесе заңды тұлға, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
Өтініш беруші – микрокредитті беру бойынша МҚҰ-ға Өтініш-сауалнама берген жеке тұлға немесе заңды тұлға, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
Сайт – МҚҰ-ның мына мекенжайдағы интернет – беті: https://solva.kz/ және / немесе «Solvа» мобильді қосымшасы.
Жеке Кабинет – МҚҰ сайттарында МҚҰ мен Өтініш беруші/Қарыз алушы арасындағы, оның ішінде электрондық тәсілмен микрокредиттер беру шеңберінде өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін көпфункционалды қорғалған сервис;
кредиттік тарихы – кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат жиынтығы;
кредиттік бюро – кредиттік тарихты қалыптастыруды, кредиттік тарихты ұсынуды және өзге де қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйым;
кредиттік құжаттама – МҚҰ әрбір Қарыз алушыға қалыптастыратын құжаттар мен мәліметтер;
кредиттік скоринг – сандық статистикалық әдістерге негізделген Өтініш берушінің/Қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін (кредиттік тәуекелдерді) автоматтандырылған бағалау жүйесі;
кредит төлеу қабілеттілігі – Қарыз алушының сапалық және сандық көрсеткіштермен ұсынылған, оның болашақта толық және Шартта көзделген мерзімде кредитор алдында өзінің борыштық міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ қарыз алушыға кредитберу кезіндегі тәуекел дәрежесін айқындайтын кешенді құқықтық және қаржылық сипаттамасы;
аннуитеттік төлем әдістері – микрокредитті өтеу әдісі, ол бойынша берешекті өтеу негізгі борыш бойынша ұлғайтылып отыратын төлемдерді және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақы бойынша азайтылып отыратын төлемдерді қамтитын микрокредиттің бүкіл мерзімі ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылады;
сараланған төлеу әдістері – микрокредитті өтеу әдісі, ол бойынша берешекті өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең сомаларын және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақыны қамтитын азайтылып отыратын төлемдермен жүзеге асырылады;
төлемдердің өзге әдісі – берешекті өтеу микрокредиттің бүкіл мерзімі ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылатын микрокредитті өтеу әдісі. МҚҰ алдындағы мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыру кезінде МҚҰ жасалған Шарт негізінде басқа әдісті ұсынады. Өтеудің өзге әдісі кезінде сыйақыны есептеу қайта қаржыландырылатын микрокредит бойынша негізгі борышқа және есептелген сыйақыға жүзеге асырылады, бұл ретте қайта қаржыландырылатын микрокредит бойынша есептелген мерзімі өткен сыйақы және тұрақсыздық айыбы берілген микрокредит бойынша төлемдердің жаңа кестесіне көшіріледі және жеке бағанамен көрсетіледі және басым тәртіппен төленуге жатады.
Микрокредит – МҚҰ Қарыз алушыға Шартта, Қазақстан Республикасының заңнамасында және МҚҰ ішкі нормативтік құжаттарында айқындалған мөлшерде және тәртіппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасымен беретін ақша;
микрокредит беру – шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, сондай-ақ жеке тұлғалардың қарыз қаражатына қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған микрокредиттер беруді реттейтін процесс;
мониторинг – жеке микрокредиттің / микрокредиттер портфелінің жай-күйін мерзімді бақылау, қабылданған тәуекелдерді талдау және болжау;
МҚҰ – «ОнлайнКазФинанс» микроқаржыұйымы» ЖШС микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген қосымша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
Өтініш берушінің міндеттемелері – Өтініш берушінің МҚҰ және кредит беруді жүзеге асыратын басқа да ұйымдар (олар болған кезде) алдындағы бар міндеттемелері бойынша ай сайынғы шығыстары, сондай-ақ болжалды микрокредит бойынша шығыстар (микрокредит бойынша төлем);
Өтініш-сауалнама (Өтініш) – Өтініш берушінің МҚҰ белгілеген нысанда рәсімделген, осы Қағидаларда баяндалғанталаптарға сәйкес Шарт жасасу туралы ұсынысы не микрокредит мерзімін ұзарту туралы ұсыныс;
негізгі қарыз – Шартқа сәйкес Қарыз алушыға ұсынылатын микрокредит сомасы;
төлем қабілеттілігі – Өтініш берушінің МҚҰ алдындағы өзінің міндеттемелерін мерзімінде және толық түрде орындау үшін экономикалық мүмкіндіктің болуы;
ресми табыс – мынадай құжаттардың бірінің және (немесе) бірнешеуінің негізінде есептелген орташа айлық табыс;
мерзімінен бұрын толық өтеу-негізгі борышты, микрокредитті пайдалану кезеңі үшін есептелген сыйақыны, өсімпұлды және/немесе айыппұлды өтеуді қоса алғанда, Қарыз алушының МҚҰ алдындағы берешегін толық көлемде өтеуі;
мерзімі өтіп кеткен микрокредит – микрокредит бойынша негізгі борыштың және (немесе) сыйақының сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу жөніндегі міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алуы бар микрокредит;
МҚҰ-ның уәкілетті тұлғасы-өзіне табысталған өкілеттіктер шеңберінде және МҚҰ-ның бекітілген өкімдік және ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес микрокредит беру бойынша шешім қабылдайтын МҚҰ қызметкері;
МҚҰ – ның уәкілетті органы – МҚҰ-ның бекітілген өкімдік және/немесе ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес өзіне табысталған өкілеттіктер шеңберінде микрокредит беру бойынша шешім қабылдайтын МҚҰ-ның органы;
Шот – Қарыз алушының Өтініш-сауалнамасына немесе өтінішіне сәйкес Шартқа және осы Қағидаларға сәйкес микрокредит сомасы аударылатын банк шоты (банк деректемелері бар банк шотының нөмірі);
Карта – Қарыз алушының Өтініш-сауалнамасына немесе өтінішіне сәйкес Шартқа және осы Қағидаларға сәйкес Микрокредит сомасы аударылатын төлем картасы (төлем картасының нөмірі);
АЕК – бір қарыз алушыға арналған республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
ЕТЖ-мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен жыл сайын белгіленетін ең төменгі жалақы;
Күнкөріс минимумы – жыл сайын инфляцияны ескере отырып, тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленеді;
БЖК – борыштық жүктеме коэффициенті. Барлық өтелмеген микрокредиттер, Қарыз алушының қаржы ұйымдарындағы қарыздарыелмеген микрокредиттер, Қарыз алушының қаржы ұйымдарындағы бюджете на соответствующий финансовый год.од.елгіленетін ең төменгі жалақыржденными раӨтінішкердің/Қарыз алушының міндеттемелерінің шамасы ретінде айқындалады. МҚҰ Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау жүйесінің негізінде Қарызеттемелерінің шамасы ретінде айқындалады. МҚҰ Қ.
Орташа ай сайынғы табыс-Қарыз алушының соңғы алты айдағы жалақысы және (немесе) өзге де табыс түрлерінің алтыға бөлінген сомасының қатынасы ретінде есептеледі. Атаулы әлеуметтік көмек алушыға қатысты оның табысын бағалау ресми табыстардың негізінде ғана айқындалады;
Өзін-өзі жұмыспен қамтушы-бір мезгілде жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
Қайта қаржыландыру – Қарыз алушының МҚҰ не өзге кредитор алдындағы берешегін өтеу нысаналы мақсаты болып табылатын Шарт бойынша Қарыз алушыға берілетін микрокредит;
Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (СДАО) – клиенттерді сәйкестендіру рәсімдерін жүргізу үшін қолжетімді көздерден клиенттердің деректерімен алмасу бойынша қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін банкаралық ақша аудару жүйесінің операциялық орталығы.
2 тарау. «ОнлайнКазфинанс» микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің микрокредиттеуге қойылатын жалпы талаптары
§1 Қарыз алушыларға қойылатын жалпы талаптар
МҚҰ Қарыз алушылары мыналар болуы мүмкін:
Жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтушы және жеке немесе заңды тұлғалар, оның ішінде микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері – Қазақстан Республикасының резиденттері.
МҚҰ қарыз алушылары жеке кәсіпкерлерге, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, жеке тұлғаларға қойылатын жалпы талаптар
жасы – Өтініш-сауалнаманы рәсімдеу сәтінде 18 жастан кіші емес және 75 жастан үлкен емес;
тұрақты табыс көзі бар;
микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушысының борыштық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнін және есептеу қағидаларының талаптарына және (немесе) МҚҰ-ның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес өз кірістерін растауға мүмкіндігі барлар:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ету қабілеті шектелмегендер;
БЖК-ы өкілетті орган белгілеген шектен аспайтын;
Жеке кәсіпкерлер Қарыз алушылар осы тармақта жазылған талаптардан басқа, Қағиданың 1.2-тармақғында жазылған талаптарға сәйкес келуі тиіс.
1.2. Заңды тұлғаларға қарыз алушыларға қойылатын жалпы талаптар:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушыны құру және тіркеу күні микрокредит алуға өтініш берген сәтке дейін кемінде 6 ай бұрын болуы тиіс;
қарыз алушының салық міндеттемелері бойынша орындалмаған міндеттемелері болмауы тиіс. Ерекше жағдайларда, МҚҰ шешімі бойынша Өтініш берушілерге 10 АЕК-тен аспайтын сомаға ағымдағы салық берешегі болған кезде микрокредит беруге жол беріледі;
қарыз алушы оның нәтижесінде микрокредит сомасынан 50% және одан да көп пайызы мөлшерінде орындауға міндеттеме туындайтын және (немесе) туындауы мүмкін сот талқылауының тарапы болып табылмауға тиіс;
қарыз алушының негізгі және қосымша қызметтен түсетін кірістері қолданыстағы кредиттер және сұратылған микрокредит бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті болуы тиіс;
қарыз алушы өзінің табысын мынадай құжаттардың біреуімен немесе жиынтығымен растау мүмкіндігіне ие болуы тиіс:
кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептілік;
1-С бухгалтериядан үзінді көшірмелері/пайда мен шығындар туралы есеп;
Қарыз алушы өтініш берген күннің алдындағы 3 (үш) айдан 12 (он екі) айға дейінгі кезеңдегі шоттардағы ағымдағы қалдық туралы және айналымдар туралы қызмет көрсететін банктерден үзінді көшірмелер.
§2. Микрокредитті беру шарттары
МҚҰ өзінің микрокредит беру бағдарламалары шеңберінде, сондай-ақ іске асыруға МҚҰ қатысатын мемлекеттік және өзге де сыртқы кредит беру бағдарламалары шеңберінде мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық шарттарында микрокредиттер береді.
1.1 Микрокредиттер бланкілік (қамтамасыз етусіз), сондай-ақ үшінші тұлғалардың кепілдігімен және (немесе) кепілгерлігімен қамтамасыз етілген түрінде беріледі.
МҚҰ микрокредиттерді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен береді.
МҚҰ беретін микрокредиттер бойынша мынадай шарттар белгіленеді (әрбір қарыз алушы үшін жеке):
1 кесте
Өтеу тәртібі – бөліктермен, микрокредитті өтеу кестесіне сәйкес.
Микрокредиттің максималды сомасы
Мерзімі (айлармен)
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің максималды мөлшерлемесі (ЖСММ)
20 000 АЕК
3
56% жылдық
6
9
12
15
18
21
24
27
30
33
36
42
48
54
60
МҚҰ Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұлдар және/немесе өсімпұлдар мөлшерін белгілейді.
Микрокредитті мерзімінен бұрын толық және ішінара өтеуге жол беріледі.
Қарыз алушы мерзімін өткізіп алуға шыққан жағдайда, сонымен қатар мерзімін өткізіп алуға шыққанға дейін МҚҰ Қарыз алушыға микрокредит мерзімін ұзарту қызметін ұсынуға құқылы.
Ұзарту кезеңінде айыппұл санкциялары және өсімпұл есептелмейді. Төлем күні ұзарту кезеңіне сәйкес мерзімге жылжытылады.
Ұзарту Қарыз алушы мынадай формула бойынша есептелген сыйақыны төлегеннен кейін Тараптардың Шартқа қосымша келісімге қол қоюы арқылы жүзеге асырылады: ҰКС*СКМ
Мұндағы:
ҰКС– ұзарту күндерінің саны
СКМ – Шарттың ағымдағы шарттарына сәйкес сыйақының күндізгі мөлшерлемесі.
Қарыз алушы өзінің Жеке кабинетін пайдалана отырып, осы қызметті белгілі мәрте пайдалана алады. Ұзарту опциясының қолжетімділігі МҚҰ автоматтандырылған скорингтік жүйесімен анықталады.
3 тарау. Микрокредитті беру тәртібі
§1. Микрокредитті беру кезеңдері
Микрокредиттерберуді МҚҰ мынадай ретпен жүзеге асырады:
Өтінішберушіні осы Қағидаларментаныстыру;
Микрокредитті беру үшін Өтініш берушінің Өтініш ресімдеуі;
Өтініш берушінің Өтінішті қарау және (немесе) Сайттағы Жеке кабинетте тіркелу үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынуы;
КДН есебін қоса алғанда, Өтініш берушінің Жеке тұлғаның кредит қабілеттілігін бағалау, сондай-ақ мынадай тәуекелдерді бағалау: кредиттік, заңдық және қауіпсіздік;
микрокредитті беру/беруден бас тарту туралы шешім қабылдау;
Шартқа (оған қоса берілген микрокредитті өтеу кестесімен), сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының және МҚҰ ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес басқа да қажетті құжаттарға қол қою;
Микрокредитті беру.
§2. Микрокредит алуға өтініш беру тәртібі және оны қарау және (немесе) Сайттағы Жеке Кабинетте тіркеу тәртібі. Шарт жасасу.
Шарт оған Қарыз алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою жолымен және (немесе) парольдерді генерациялау және енгізу жолымен немесе көп факторлы аутентификациялау белгілерінің (токендердің, смарт-карталардың, бір реттік парольдердің) кемінде біреуін пайдалана отырып не Қарыз алушының қолма-қол қол қоюы арқылы жасалады.
Шарттың сомасы мен қолданылу мерзімін Өтініш беруші Шартта дербес көрсетеді.
Өтініш беруші Микрокредитті алу мақсатында келесі әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс:
cайтта орналастырылған Өтінішті толтыру және (немесе) оны қағаз тасығышта толтыру;
егер Өтініш беруші сайттағы жеке кабинетінен тіркеуден өтпесе, онда ол осындай тіркеуден өтуге тиіс болады (микрокредитті жеке кабинет арқылы ресімдеу кезінде).
Қажет болған жағдайда Өтініш беруші жеке тұлға өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін,бет әлпеті бейтарап және аузы жабық ашық фондағы толық фондағы фотосуретін, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тарауының 1-бөлімінің 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса беруі тиіс. Көрсетілген басқа Өтініш берушіден жеке тұлға МҚҰ-ға мынадай ақпаратты ұсынады: тегі, аты, әкесінің аты; жынысы; туған күні мен жері; ЖСН; жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және қолданылу мерзімі, ұялы телефон нөмірі, банк шотының деректемелері (IBAN) және/немесе төлем картасының деректемелері, тұрғылықты жері және қандай негізде (тұрғын үй-жайды жалдау немесе өтініш берушінің меншігінде болу), отбасылық жағдайы, кәмелетке толмаған балалардың саны, білім деңгейі; жұмыспен қамту туралы мәліметтер; айлық табыс мөлшері; келесі жалақы күні; тұратын өңірі; нақты тұратын мекенжайы; тіркелген мекенжайы; ағымдағы мекенжайы бойынша тұратын уақыты; телефон нөмірі; байланыс жасайтын адамның үй телефонының (бар болса)/үй телефонының нөмірі; жұмыс телефонының нөмірі (бар болса); электрондық пошта.
Өтініш беруші заңды тұлға келесі ақпаратты/құжаттарды ұсынуы тиіс (құжаттар электронды түрде немесе қолма-қол ұсынылады):
микрокредит алуға өтініш беруші органының шешімі;
заңды тұлғаның барлық тіркеу іс-әрекеттері туралы анықтама, өтініш берген күнгі тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама, сондай-ақ қажет болған жағдайда МҚҰ айқындайтын өтініш берушінің құрылтай құжаттарының көшірмелері (Жарғы, құрылтай шарты (қатысушылар саны біреуден артық заңды тұлғалар үшін);
өтініш беруші өкілінің микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға өкілеттігін растайтын құжаттар (өтініш берушінің өкілі үшін) (заңды тұлғаның атқарушы органының басшысын тағайындау туралы бұйрық немесе Шартқа қол қоюға уәкілеттік берілген адамның өкілеттігін растайтын сенімхат), шартқа қол қоюға/жасасуға уәкілеттік берілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, ашық фонда, бейтарап бет көрінісі бар және аузы жабық анфаста фотосуреті, тегі, аты, әкесінің аты; жынысы; туған күні мен жері; ЖСН; Шартқа қол қоюға/жасасуға уәкілеттік берілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен қолданылу мерзімін енгізу;
клиенттің негізгі және қосымша қызметінен түсетін кірістерді растайтын құжаттар, оның ішінде:
кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп беру;
1-С бухгалтерия үзінділері / пайда мен шығындар туралы есеп;
қарыз алушы өтініш берген күннің алдындағы 3 (үш) айдан 12 (он екі) айға дейінгі кезеңдегі шоттардағы ағымдағы қалдық туралы және айналымдар туралы қызмет көрсететін банктерден үзінді көшірмелер;
құрылтайшылар мен бенефициарлық меншік иелеріне арналған құжаттар. Егер Өтініш берушінің құрылтайшысы заңды тұлға болып табылған жағдайда, құрылтайшыны заңды тұлға ретінде барлық тіркеу іс-әрекеттері туралы анықтама, не құрылтайшының заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын өзге де құжат ұсынылады;
Заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің орналасқан жерінің мекенжайын растайтын құжат (жалдау, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарты, өзге).
МҚҰ-ның сұрау салуы бойынша Өтініш беруші МҚҰ белгілеген тәсілдермен Өтініш беруші бойынша ақпаратты ұйымға/ұйымнан (кредиттік бюролар, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ); ұсынуға–алуға келісім береді.
Қажет болған жағдайда Өтініш беруші заңнама талаптарына және МҚҰ ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес басқа да қосымша құжаттарды ұсынады.
Өтінішті толтырған уақытта Өтініш беруші қажетті жолдарды толтыра отырып, Микрокредитті алу тәртібін өз бетімен таңдайды (банктегі есеп шот нөмірі және банк атауы не Карта деректемелері).
Сайттағы Жеке Кабинетте тіркелу Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылғаннан және (немесе) Өтініш берушіні СДАО қызметтерін пайдалану және (немесе) Өтініш берушінің екі факторлы аутентификациясы арқылы биометриялық сәйкестендіруден кейін ғана аяқталды деп есептеледі.
Өтініш берушіні МҚҰ қызметкерінің/агентінің қатысуымен Сайттағы Жеке кабинетте тіркеу микрокредит берудің электрондық тәсілі болып табылмайды және осындай өтініш берушілерге ҚҚЖО қызметтерін пайдалану және (немесе) Сайттағы Жеке Кабинетте тіркеуді аяқтау үшін өтініш берушінің екі факторлы анықтап-тану арқылы биометриялық сәйкестендіруден өту талап етілмейді.
Өтініш беруші толтырылған байланыс деректерінің дұрыстығын Өтініш берушінің Сайтта өтінішті толтыру (тіркеу) кезінде көрсеткен Өтініш берушінің ұялы телефонына МҚҰ жіберген арнайы кодын МҚҰ сайтындағы Жеке кабинетте іске қосу арқылы растауы тиіс.
Егер Өтініш беруші осы Қағидаларда көрсетілген талаптармен Микрокредит алуға келіссе, ол МҚҰ сайтындағы жеке кабинет тетігін пайдалана отырып МҚҰ-ға өтінішті жіберу арқылы және (немесе) жеке өзі (МҚҰ-мен келісім бойынша қолма-қол) немесе ҚР заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен Шартқа қол қоюға өзінің келісімін растауы тиіс.
Өтініш беруші мен МҚҰ электрондық тәсілмен микрокредит беруге/Сайттағы Жеке кабинетте тіркеуге Өтініш-сауалнама беру Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы және (немесе) биометриялық сәйкестендіру арқылы СДАО қызметтерін пайдалану және (немесе) екі факторлы сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылатындығын келісті.
Өтініш берушінің екі факторлы аутентификациясы мынадай факторлардың кем дегенде екеуін қолдану арқылы жүзеге асырылады:
білім факторын растау: Өтініш берушінің тіркеу кезінде дербес берілген парольді немесе код сөзін енгізуі;
иелену факторын растау: Өтініш берушінің автоматты түрде өтінім берушіге тіркелген токенмен генерацияланған бір реттік парольді енгізуі немесе Өтініш берушінің атына тіркелген смарт-картаны оқу құрылғысына қосылуы немесе өтінім берушінің автоматты түрде генерацияланған және Өтініш беруші көрсеткен өтінім берушінің ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөміріне берілген бір реттік парольді енгізуі, Өтініш берушінің Жеке сәйкестендіру нөмірін ұялы байланыс операторының дерекқорындағы абоненттік нөмір иесінің жеке сәйкестендіру нөмірімен салыстырып тексеру немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы клиенттердің ұялы телефон нөмірлері базасындағы өтініш берушінің Жеке сәйкестендіру нөмірін салыстырып тексеру арқылы осы абоненттік нөмірдің өтініш берушіге тиесілілігі туралы ақпарат алу арқылы өтініш берушінің Жеке сәйкестендіру нөмірін салыстырып тексеру арқылы осы абоненттік нөмірдің өтініш берушіге тиесілілігін тексере отырып;
ажыратылмау факторын растау: нақты уақыт режимінде Өтініш беруші тұлғасының бейнесін оның жеке басын куәландыратын құжаттағы бейнесімен салыстыру, бұл ретте Өтініш беруші тұлғасының нақты уақыт режимінде бейненің орнына клиент тұлғасының статикалық бейнесін немесе бейнежазбасын пайдаланудан қорғау қамтамасыз етіледі.
Заңды тұлғамен микрокредит беру туралы шарт жасасу Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы не Қарыз алушының (оның уәкілетті өкілінің) қатысуымен қағаз жеткізгіште жеке жүзеге асырылады.
Алынған мәліметтер негізінде Кредиттік Скоринг Өтініш берушінің кредиттік қабілеттілігін бағалауды айқындайды және микрокредиттің ықтимал сомасы есептеледі. Белгілі бір жағдайларда кредиттік Скорингтен кейін түпкілікті шешім қабылдау үшін МҚҰ-ның уәкілетті тұлғасы қосылады.
МҚҰ алған Өтініш-сауалнаманы (Өтініш) Қарыз алушы қайтара алмайды. Егер Қарыз алушы МҚҰ Микрокредит сомасын аударғаннан кейін Микрокредиттен бас тартса, Қарыз алушы МҚҰ Микрокредитті ұсынған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Микрокредит сомасын МҚҰ банктік шотына қайтаруды жүзеге асыруға міндетті. Өйтпеген жағдайда, Қарыз алушыға Шартпен қарастырылған барлық міндеттемелер жүктеледі.
МҚҰ Микрокредит сомасы Қарыз алушыға аударылған сәтке дейін осы Қағидалармен қарастырылған қызметтерді ұсынуға және міндеттемелерді жүктеуге міндетті емес.
МҚҰ Өтініш берушіге Микрокредитті беру немесе Микрокредитті беруден бас тарту туралы қабылдаған шешім туралы кез-келген қолжетімді тәсілмен, оның ішінде Өтініш беруші Өтініште көрсеткен электронды пошта және/немесе sms-хабарлама арқылы хабарлайды.
Ұзақ мерзімді микрокредиттерді беру туралы шарттарға микрокредитті өтеу кестесі қосылады, ол Шартта көрсетілген микрокредитті өтеу әдісі, негізгі борышты өтеу және сыйақыны төлеудің анықталған кезеңділігі негізінде құрастырылады.
Барлық қажетті құжаттарға қол қоюды Өтініш беруші қашықтықтан және/немесе қолма-қол (МҚҰ қызметкерінің/серіктесінің МҚҰ ресімдеген тиісті құжаттар пакетін ұсынуы бойынша жеке өзі) жүзеге асырады.
Шартқа барлық өзгерістер немесе толықтырулар, егер Шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен жасалатын оған тиісті қосымша келісімдермен ресімделеді.
Берілген микрокредит бойынша ақпарат Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасында айқындалған шарттарда кредиттік бюроларға, оның ішінде мемлекеттің қатысуымен де беріледі.
МҚҰ, Өтініш берушінің Сайттағы Жеке Кабинетте тіркелгенін растау үшін Шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген тұлғаның деректерін, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) салыстырып тексеруді жүзеге асырады;
Өтініш беруші жеке тұлғаны Сайттағы Жеке Кабинетте тіркегеннен кейін Өтініш берушінің Жеке Кабинетке кейіннен кіруі парольдерді генерациялау және енгізу арқылы немесе кемінде бір аутентификациялық белгілерді (токендер, смарт-карталар, бір реттік парольдер) пайдалана отырып жүзеге асырылады;
Өтініш беруші заңды тұлғаны Сайттағы Жеке Кабинетте тіркегеннен кейін Өтініш берушінің Жеке Кабинетке кейіннен кіруі парольдерді генерациялау және енгізу жолымен немесе кемінде бір аутентификациялық белгілерді (токендер, смарт-карталар, бір реттік парольдер) пайдалана отырып жүзеге асырылады;
Жеке кабинетте Өтініш берушінің ЖСН/БСН туралы деректер өзгертілмейді;
§3. Микрокредитті беруден бас тарту негіздемелері
МҚҰ Өтініш берушіден Өтінішті алған күннен бастап 48 сағаттан кешіктірмей өтініш беруші Өтініште көрсеткен мөлшерде және шарттарда Микрокредит беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Микрокредит қайтарылмаудың қолайлы тәуекелі және (немесе) қарыз алушының МҚҰ алдындағы міндеттемелерін орындау мүмкіндігіне ықпал етуге қабілетті кез келген теріс ақпараты жоқӨтініштер мақұлданады.
МҚҰ Өтініш берушіге мынадай жағдайларда Микрокредит бермеуге құқылы:
МҚҰ-да Микрокредит мерзімінде қайтарылмайды деп пайымдауға негіз бар, өйткені Өтініш беруші ұсынған ақпарат / МҚҰ-ға белгілі болған ақпарат Өтініш берушінің төлем қабілетсіздігін және/немесе жосықсыз екенін куәландырады;
Өтініш беруші туралы деректердің осы Қағидалармен анықталған Микрокредит беру шарттарына сәйкес келмеуі;
Өтініш беруші ұсынған ақпарат жалған немесе толық емес болып табылады;
Өтініш берушіде бұрын ұсынылған Микрокредит бойынша МҚҰ алдында өтелмеген берешегінің (соның ішінде Өтініш беруші қайта Микрокредит алуға келген сәтте өтеу мерзімі келмеген Микрокредит бойынша берешек болса) болуы;
қажетті құжаттар ұсынылмаған;
Өтініш берушінің кредиттік тарихында, оның үшінші тұлғалар алдында өзінің міндеттерін дұрыс орындамауы туралы мәліметтер қамтылған;
Өтініш берушінің/оның өкілінің/ бенефициарлық меншік иесінің тәуекел – факторлар тізімдерінің бірінде болуы және теріс сипаттағы мәліметтердің болуы:
шығуға уақытша шектелген борышкерлер тізімінде;
атқарушылық өндіріс;
борышкерлер / атқарушылық өндіріс бойынша жауапкерлер;
борышкерлер / атқарушылық құжаттар бойынша жауапкерлер;
директордың аты-жөні көрсетілген сот істері;
тыйым салынған мүліктің сауда-саттық тізілімі;
қылмыстық іздестіру;
хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды іздеу;
атқарушылық құжаттар бойынша борышкерлерді іздестіру;
терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде, террористік қызметке қатысы бар адамдардың, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде және басқа халықаралық тізімдер;
педофилдер базасында.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша, оның ішінде Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы және/немесе МҚҰ-ның ішкі құжаттарымен шектелмей, Өтініш берушімен іскерлік қатынастарды біржақты тәртіппен орнатудан бас тартуға, сондай-ақ Өтініш берушімен іскерлік қатынастарды тоқтатуға және/немесе микрокредит беруден бас тартуға құқығы бар:
Өтініш берушіні (олардың өкілдерін) тиісінше тексеру бойынша МҚҰ шараларды жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде;
Өтініш берушіні зерделеу процесінде іскерлік қатынастарды Өтініш беруші Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайларда туындағанда;
Өтініш беруші МҚҰ-ға құжаттарды, мәліметтерді, ақпаратты ұсынудан бас тартқанда және/немесе уақыттылы ұсынбағанда және/немесе дұрыс емес, жарамсыз құжаттарды ұсынғанда және/немесе құжатта қолдан жасау белгілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе нысаны мен түрі бойынша МҚҰ ішкі құжаттарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынғанда.
§4. Берілетін микрокредиттер бойынша тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесін есептеу ережелері
МҚҰ тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесін есептеуді жүргізеді:
Шартты жасасу күніне;
Қарыз алушының ауызша талабы бойынша;
Қарыз алушының ақшалай міндеттемелерінің сомасын (мөлшерін) және (немесе) оларды төлеу мерзімін өзгертуге әкеп соғатын Шартқа қосымша келісім жасасу арқылы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда;
Қарыз алушының міндеттемелері сомасының және (немесе) оларды төлеу мерзімінің өзгеруіне әкеп соғатын Шарттың талаптары өзгерген кезде МҚҰ жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің нақтыланған мәнін есептеу Шарттың қолданылу мерзімі басталғаннан бастап Қарыз алушы жүргізген Микрокредит бойынша төлемдерді есепке алмағанда, талаптар өзгеретін күнге берешектің қалдығы, Микрокредитті өтеудің қалған мерзімі негізге алына отырып жүргізіледі.
МҚҰ берілетін микрокредит бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін келесі формуламен есептейді:
мұндағы:
n – қарыз алушыға сонғы төлемнің реттік нөмірі;
j – қарыз алушыға төлемнің реттік нөмірі;
Sj – қарыз алушыға j-ші төлем сомасы;
APR – СЖТМ
tj – микрокредит берілген сәттен бастап қарыз алушыға (күндермен) j-ші төле сәтіне дейінгі уақыт кезеңі
m – қарыз алушының сонғы төлемінің реттік нөмірі
і – қарыз төлеуші төлемінің реттік нөмірі
Pi – қарыз алушының і-ші төлемінің сомасы
ti – микрокредит берілген күннен бастап қарыз алушының і-ші төлемі сәтіне дейінгі уақыт кезеңі (күндермен).
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі есептелгенде мыналар ескеріледі:
Негізгі борыш қалдығына есептелетін, микрокредитті өтеудің күллі мерзімі үшін микрокредит бойынша сыйақы;
Мирокредит бойынша төлемдердің әтүрлі кезеңділігін қолдану мүмкіндігі;
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу кезінде тұрақсыздық айыбы (айыппұл және/немесе өсімпұл) ескерілмейді, оның ішінде Қарыз алушының Шарт талаптарын сақтамауы үшін;
Ұсынылатын микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті шамасы 56%-дан аспайды.
§5. Микрокредитті беру
МҚҰ Өтініш берушіге Микрокредит беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда МҚҰ Өтінішкер/Сайттағы Жеке Кабинетте тіркелген кезде көрсеткен Шотқа, Өтінішкер/Қарыз алушы Өтініш-сауалнамада көрсеткен банк шотына/төлем карточкасына Өтініште көрсетілген Микрокредит Сомасын бір жолғы аудару түрінде, сондай-ақ егер Шартта өзгеше көзделмесе, Өтініш берушіге терминал немесе касса арқылы қолма-қол ақша беру арқылы Қарыз алушыға Микрокредит береді.
МҚҰ ақша аударуды МҚҰ Микрокредит беру туралы оң шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырады.
Егер Шартпен өзге көзделмесе, Микрокредит сомасын өтініш берушінің шотына аудару/өтініш берушіге терминал немесе касса арқылы қолма-қол ақша беру уақыты өтініш берушіге ақша беру сәті деп танылады.
Өтеу тәсілдері МҚҰ сайтында көрсетіледі.
§6. Кредиттік құжаттаманы құрастыру
Кредиттік құжаттама МҚҰ бөлімшелерінің жұмысын оңтайландыру үшін қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық түрде қалыптастырылуы мүмкін.
Кредиттік құжаттама Микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік құжаттаманы енгізу тәртібін реттейтін ҚР заңнамасымен, сондай-ақ МҚҰ-дың ішкі нормативтік құжаттарымен қарастырылған көлемде қалыптастырылады.
4 тарау. Мониторинг. Шарт талаптарының орындалуын бақылау
Шұғыл шешімдер қабылдау және ықтимал шығындарды жою бойынша қажетті іс-шараларды ұйымдастыру жолымен микрокредит беру тәуекелдерін анықтау және азайту мақсатында микрокредит берілгеннен кейін және Қарыз алушы Шарт шеңберінде міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін МҚҰ шарт талаптарының орындалуын бақылауды қамтитын мониторингті тұрақты негізде жүргізеді.
Микрокредит мониторингі МҚҰ уәкілетті тұлғасының мынадай іс-қимылдарын қамтуы мүмкін:
Қарыз алушымен байланыста болу;
Қарыз алушыдағы пайда болған жаңылыстарды, қателер мен проблемаларды анықтау; проблемаларды еңсеру жолдарын іздеу.
Мерзімі өткен берешектің мониторингі мерзімі өткен берешекті қайтару жөніндегі іс-шараларды орындау болып табылады.
5 тарау. Шартқа өзгерістер енгізу тәртібі
Шарттың қолданыстағы талаптарына өзгерістер енгізу сұратылған өзгерістер мен олардың себептерін міндетті түрде көрсете отырып, Қарыз алушының еркін нысандағы жазбаша сұрау салуы негізінде МҚҰ support@solva.kz. сайтында техникалық қолдауға ресімделетін. Шартқа тиісті қосымша келісімдер жасасу арқылы жүргізіледі.
Қарыз алушы МҚҰ –ға кредит беру шарттарын өзгерту туралы сұраныммен жүгінген кезде осы мәселе бойынша шешімді уәкілетті орган/МҚҰ-ның уәкілетті тұлғасы қабылдайды, оның өкілеттігіне МҚҰ-ның ішкі құжаттарына сәйкес көрсетілген мәселені қарау кіреді.
6 тарау. Мерзімі өткен берешекпен жұмыс жасау
Қарыз алушы микрокредит бойынша өтеу кестесін сақтамаған жағдайда оған Шартпен белгіленген мөлшерде тұрақсыздық айыбы есептеледі.
Қарыз алушыда микрокредит бойынша мерзімі өткен төлемдер болғанда МҚҰ берешекті қайтару жұмыстарын мына жолмен жасайды:
SMS–хабарлама;
электрондық поштаға жіберілетін хабарлама;
ақпараттық сипаттағы телефон қоңыраулары;
Қарыз алушылармен физикалық байланыс және әңгімелесулер өткізу;
микрокредит бойынше берешекті сот тәртібімен өндіріп алу;
микрокредит бойынша талап ету құқықтарын үшінші тұлғаларға беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да әдістермен.
Нотариустың атқарушылық жазбасы МҚҰ өтініші негізінде МҚҰ таңдауы бойынша жасалуы мүмкін:
тіркелген жері бойынша (қарыз алушы-жеке тұлғаның заңды мекенжайы);
Қарыз алушының тұрғылықты жері бойынша (борышкер оны жасасу кезінде Шартта көрсеткен жеке тұлғаның нақты мекенжайы);
тұрғылықты жеріне, орналасқан жеріне немесе МҚҰ және/немесе Қарыз алушының тіркелген жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының кез келген нотариусының орналасқан мекенжайы бойынша.
7 тарау. Микрокредитті өтеу, Шарттарды мерзімінен бұрын бұзу тәртібі
§1. Микрокредиттерді өтеу әдістері
МҚҰ микрокредитті өтеу кестелерін есептегенде аннуентті әдістерді, дифференциалданған және өзге төлеу әдістерін қолданады;
Шарт бойынша бірінші және екінші төлемдерінде айырмашылықтар болу мүмкін;
Соңғы жоспарлы төлем күні Шартта келісілген микрокредит толық өтелген жоспарлы төлем күні Шартта келісілген.
§2. Микрокредиттер бойынша төлемдерді енгізу тәртібі
Қарыз алушыға микрокредитті өтеу кестесімен сәйкес микрокредит бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін белгілі күн тағайындалады. Бірінші жоспарлы төлем және келесі төлемдер күні айыппұл санкцияларын есептеусіз, микрокредитті нақты беру күніне бара-бар ауысуы мүмкін.
Негізгі борыш, есептелген сыйақы бойынша төлемдерді Қарыз алушы толық көлемде микрокредитті өтеу кестесімен белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылуы тиіс.
Қарыз алушы микрокредитті (ол бойынша сыйақыны, айыппұлдарды және/немесе өсімпұлды қоса алғанда) өтеу бойынша төлемдерді Қарыз алушының шотынан МҚҰ шотына аударуды қоса алғанда, МҚҰаның банк шотына ақша енгізу арқылы қолма-қол емес жолмен, сондай-ақ МҚҰ-да тиісті шарттар жасалған төлем жүйелерінің терминалдары арқылы ақша енгізу не карта арқылы төлеу арқылы жүзеге асырады.
Шарт бойынша Қарыз алушы жүргізген төлемнің сомасы, егер ол Шарт бойынша Қарыз алушының міндеттемесін орындау үшін жеткіліксіз болса, Қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен Шарт бойынша шарттарға сәйкес өтейді.
Қарыз алушы Шарт бойынша кез келген соманы (толық немесе ішінара) төлеуді кешіктірген жағдайда, МҚҰаның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес сыйақы мен тұрақсыздық айыбын есептеуді тоқтата тұруға құқылы. Бұл ретте Қарыз алушы қандай да бір соманы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындаған (ішінара орындаған) кезде, егер МҚҰ өзгеше белгілемесе, тоқтата тұруды ескермей, Шарттың талаптарына сәйкес Қарыз алушының міндеттемелерін айқындау жүргізілетін болады.
Ай сайынғы төлем МҚҰ-дан алынды, ал Қарыз алушының міндеттемесі төлемді МҚҰ-ның банк шотына аударған/аударған күні орындалды деп есептеледі.
§3. Берілген микрокредиттер бойынша сыйақыны төлеу тәртібі
Сыйақыны Қарыз алушы микрокредитті өтеу кестесіне сәйкес немесе Микрокредит беру туралы шартына сәйкес төлейді.
§4. Микрокредиттер бойынша жоспарлы емес төлемдерді енгізу тәртібі
Кредиттік процесс аясында мыналар рұқсат етіледі:
мерзімінен бұрын толық өтеу;
мерзімінен бұрын ішінара өтеу.
Егер Қарыз алушы несилік берешекті мерзімінен бұрын толық өтеу үшін жеткілікті ақша аударса, сондай-ақ Қарыз алушыдан өтініш түскен болса, МҚҰ Шартты жабады.
Микрокредитті мерзімінен бұрын толық/ішінара мерзімінен бұрын өтеу шотына жоспардан тыс төлемдерді енгізу кезінде Қарыз алушыға МҚҰ-дың техникалық қолдау қызметіне support@solva.kz электрондық мекенжайына хабарласу немесе Сайттағы өзінің Жеке кабинетіндегі қызметті пайдалану қажет.
Берешекті мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
негізгі борыш сомасы төмендетіледі және микрокредитті өтеу кестесін қайта есептеу жүзеге асырылады (өтеу мерзімін қысқарту);
МҚҰ осы Қағидалардың 3-тарауы 2-бөлімінің 5-7-тармағына сәйкес Қарыз алушымен микрокредитті жаңа өтеу кестесімен Шартқа қосымша келісімге қол қояды, бұл ретте егер Шартта өзгеше көзделмесе, микрокредитті жаңа өтеу кестесі Қарыз алушының жеке кабинетінде көрсетіледі.
Микрокредитті өтеу кестесі бойынша жоспарлы төлем сомасынан көп мөлшерде аударған кезде жоспарлы төлемнен асатын сома келесі төлем кезеңінде микрокредитті өтеуге есептеледі (бұл ретте негізгі борыш пен сыйақы сомасы қайта есептелмейді).
Мерзімінен бұрын толық өтегеннен кейін Шарттың қолданылуы аяқталады және МҚҰ оны жабуды жүзеге асырады.
§5. Шартты мерзімінен бұрын бұзу тәртібі
Егер Қарыз алушы микрокредитті пайдалану кезеңі үшін негізгі борыш пен есептелген сыйақы бойынша берешекті толық көлемде өтесе, Шарт мерзімінен бұрын бұзылады;
Егер Шарт бойынша Қарыз алушыда артық төлеулер болса, онда МҚҰ Қарыз алушыға артық төлем сомасын Қарыз алушының жазбаша өтініші МҚҰ техникалық қызметіне support@solva.kz бойынша жолданғанда қайтарылу міндетті Артық төленген ақшаны қайтару ақшаны Қарыз алушының банктік шотына аудару жолымен орындалады.
8 тарау. Микрокредит беруге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
§1. МҚҰ құқықтары мен міндеттері
МҚҰ міндеттенеді:
орналасқан жері өзгерген немесе атауы өзгерген жағдайда бұл туралы өкілетті органға, сондай-ақ, Өтініш берушіге/Қарыз алушыларға сәйкес ақпаратты МҚҰ орналасқан жері бойынша орыс және қазақ тіліндегі екі баспасөз басылымында жариялау жолымен немесе әрбір Өтініш берушіге/Қарыз алушыға осындай өзгертулер болған күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде жазбаша хабардар ету жолымен жазбаша хабарлау;
МҚҰ Сайтында Микрокредитті беру ержелерінің көшірмесін орналастыру;
Өтініш берушіге/Қарыз алушыға микркредитті алуға, оған қызмет көрсетуге және оны өтеуге (қайтаруға) байланысты төлемдер туралы толық және анық ақпарат беру;
Қарыз алушыға Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын микрокредитті өтеу кестесін ұсынуға. Қарыз алушының ақшалай міндеттемелері сомасының (мөлшерінің) және (немесе) оларды төлеу мерзімінің өзгеруіне әкеп соғатын микрокредит талаптары өзгерген кезде МҚҰ жаңа шарттарды ескере отырып, микрокредитті өтеудің жаңа кестесін жасайды және Қарыз алушыға береді;
«Қылмыстық жолмен алған кірістерді заңдастыруға (жылыстыруға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді хабарлауға;
Қарыз алушыны Шарт жағдайларында және соманың белгілі шегінде микрокредитті беру жолымен қаржыландыру;
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес микрокредитті беру құпиясын сақтау;
Қазақстан Республикасының заңымен, құрылтайлық құжаттармен және жасасқан Шарт талаптарында қарастырылатын басқа да талаптарды орындау.
МҚҰ құқылы:
SMS–хабарламалардың, электрондық поштаға хаттардың, телефон қоңырауларының көмегімен Қарыз алушыға алдағы уақытта қарыз берешегін өтеу туралы, сондай-ақ Қарыз алушыға берілген микрокредитпен байланысты басқа да іс-шараларды жүзеге асыру қажеттілігі туралы ескертуге;
Қарыз алушының келісімі болған кезде Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар кредиттік бюроларға кредиттік тарихты қалыптастыру үшін қажетті Қарыз алушы туралы ақпарат беруге;
Қарыз алушы келісімі болғанда кредиттік бюролардан, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚжәне басқа да мекемелерден ақпараттқа сұрау жасау/ақпаратты алуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда Қарыз алушы, микрокредиттердің мөлшері туралы, Қарыз алушыға қатысты шарттың өзге де талаптары туралы, МҚҰ жүргізетін операциялар туралы ақпаратты осы ақпаратты алуға нотариалды куәландырған сенімхаты бар мемлекеттік органдардың және Қарыз алушы өкілдерінің сұранымы бойынша ұсынуға. Қарыз алушының үшінші тұлғаға микрокредит беру құпиясын ашуға жазбаша келісімі болған жағдайда;
Қарыз алушының келісімімен оның дербес деректерді тексеруге және өңдеуге;
өз қалауы бойынша Қарыз алушының жеке деректерін өңдеуді тоқтатып, оларды жоюға;
кредиттік бюроларға теріс ақпарат беруге және кредиттік бюролар ұсынған кредиттік тарих субъектісі туралы 180 (жүз сексен) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешек бөлігіндегі теріс ақпаратты алуға;
Қарыз алушыдан Шарт жасасумен байланысты қабылданған барлық міндеттерді орындауды талап етуге;
микрокредит бойынша мерзімі өткен төлемдер болған кезде осы Қағидалардың 6-тарауына сәйкес жұмысты жүзеге асыруға;
мына жағдайларда микрокредит бойынша берешекті (негізгі борыш сомасын, тұрақсыздық айыбы шарты бойынша есептелген сыйақыны) толық өтеуді талап ету:
Қарыз алушының Шарт талаптарын бұзуы.
Шартқа сәйкес берілген микрокредит бойынша тұрақсыздық айыбы шарты бойынша есептелген микрокредитті пайдаланғаны үшін сыйақы бойынша 40 (қырық) күнтізбелік күннен астам мерзімге мерзімі өткен берешек пайда болған жағдайда;
МҚҰ маркетингтік қызметі шеңберінде Қарыз алушыға SMS–хабарламалар, электрондық поштаға хаттар арқылы, науқандар, жаңа ұсыныстар туралы телефон қоңыраулары және басқа да ақпарат туралы хабарлауға;
Өтініш берушіден / Қарыз алушыдан / Кепіл берушіден (ол болған кезде) МҚҰ-ның ішкі нормативтік құжаттарында айқындалған Шарт жасасу және ол бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға;
Микрокредитті беру бойынша Өтінішті қарастыру кезеңінде микрокредитті беруден/Шарт жасасудан бас тартуға;
осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес Қарыз алушының мониторингін жүзеге асыруға;
Микрокредит бойынша мерзімі өтіп кеткен төлемдер бар болғанда, берешекті қайтару жұмыстарын жасауға;
Өтініш беруші/Қарыз алушы келісімін бергенде фототүсіруді жүзеге асыруға, сонымен бірге Өтініш берушіге/Қарыз алушыға көрсетілген әрекеттер туралы ескертуі жасалған жағдайда кредит беру, тексеру және мерзімі өткен берешекті қайтару жұмыстары кезінде процессті бақылау мақсатында әңгіменің аудио және видео жазбаларын жүргізуге;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, микроқаржы қызметімен қатар өзге де қызметті жүзеге асыруға;
SMS-хабарлама және/немесе электрондық хат жіберу арқылы және/немесе Өтініш беруші Өтініш-сауалнамада көрсеткен мекенжайлар бойынша немесе телефон нөміріне пошта жөнелтілімдері түрінде Шарт бұзылған күнге дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өтініш берушіні/қарыз алушыны бұл туралы хабардар ете отырып, микрокредит берілгенге дейін Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы;
Қазақстан Республикасының заңына және жасасқан Шарт талаптарына сәйкес басқа да құқықтар.
МҚҰ құқығы жоқ:
микроқаржы ұйымына микрокредит сомасын мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтарған жеке тұлға болып табылатын Қарыз алушыдан микрокредитті мерзімінен бұрын қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды/немесе өсімпұлдарды) және басқа да төлемдерді талап етуге;
сыйақы мөлшерлемесін (оларды тө мендету жағдайларын қоспағанда) және (немесе) микрокредитті өтеу тәсілі мен әдісін біржақты тәртіппен өзгертуге;
Қарыз алушыдан микрокредит бойынша сыйақы мен тұрақсыздық айыбын (айыппұлды және/немесе өсімпұлды) қоспағанда, кез келген төлемдерді белгілеуге және алуға;
егер негізгі борышты немесе сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне түскен, және сыйақыны немесе негізгі борышты төлеу одан кейінгі жұмыс күні жүзеге асырылатын жағдайда, тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін өндіріп алуға;
кез келген валюталық баламасына байланыстыра отырып, теңгемен берілген микрокредит бойынша міндеттемелер мен төлемдерді индекстеу;
егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе микрокредит беру туралы шартта өзгеше көзделмесе, Қарыз алушының келісімінсіз микрокредит бойынша талап ету құқықтарын үшінші тұлғаларға беруді жүзеге асыруға құқылы.
§2. Өтініш берушінің құқытары мен міндеттері
Өтініш беруші:
микрокредит беру бойынша шешім қабылдау үшін МҚҰ сұраған құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына және жасалған Шарттың талаптарына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
МҚҰ сұратқан микрокредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланғанын растайтын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Өтініш беруші құқылы:
осы Қағидалармен, микрокредит беру бойынша МҚҰ тарифтерімен танысуға;
Микрокредитті алуға, оған қызмет көрсетуге және оны қайтаруға байланысты барлық төлемдер туралы ақпаратты қоса алғанда, Микрокредит беру тәртібі мен шарттары туралы толық және дұрыс ақпарат алуға құқылы.
§3. Қарыз алушының құқықтары мен міндеттері
Қарыз алушы міндетті:
алынған микрокредитті Шартта белгіленген мерзімде және тәртіппен қайтаруға және ол бойынша сыйақы төлеуге;
Заңға сәйкес МҚҰ сұраған құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға;
Шартта, Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындауға міндетті.
Қарыз алушы құқылы:
Микрокредитті алуға, оған қызмет көрсетуге және оны қайтаруға байланысты барлық төлемдер туралы ақпаратты қоса алғанда, Микрокредит беру тәртібі мен шарттары туралы толық және расталған ақпараталуға;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өз құқықтарын қорғауға;
Шарт бойынша берілген Микрокредит сомасын МҚҰ мерзімінен бұрын толықтай немесе ішінара қайтаруға;
Микрокредитті толықтай мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, анықтама алу туралы өтініш берген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде борыштың жоқтығы туралы анықтама алуға.
9 тарау. Құпиялылық
§1. Дербес деректер
Микрокредит беруге Өтініш берген/Сайттағы Жеке кабинетте тіркелген кезде Өтініш беруші МҚҰ-ға өзінің дербес деректерін (МҚҰ-дан алынған ақпарат пен құжаттар) тексеруге және өңдеуге, атап айтқанда оларды жинауды, тексеруді, жүйелендіруді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), пайдалануды, иесіздендіруді, бұғаттауды, жоюды жүзеге асыруға рұқсат береді.
Шарт жасасу кезінде Қарыз алушы өзінің дербес деректерін өңдеуге рұқсат береді.
МҚҰ өзінің қарастыруымен және көрсетілген мерзімінен бұрын дербес деректерді өңдеуді тоқтатып, оларды жоюға құқылы.
МҚҰ мына жағдайларда дербес деректерді жоюға тиіс:
оларды жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізу күнімен айқындалған деректерді сақтау мерзімі өткеннен кейін;
сот шешімізаңды күшіне енгенде;
Қазақстан Республикасының заңында белгіленген басқа жағдайларда.
Қарыз алушы өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін қайтарып алу туралы жазбаша өтініш жіберген жағдайда, дербес деректерді жинау және өңдеу Қарыз алушы Шарт бойынша барлық міндеттемелерді орындағаннанкейін ғана тоқтатылады.
§2. Микрокредитті беру құпиясы
МҚҰ Қазақстан Республикасының заңында белгіленген жағдайларды ескермегенде, микрокредит беру құпиясын, Қарыз алушылардың операциялары туралы ақпаратты құпия ұстауға кепілік береді.
Микрокредит беру құпиясы Қарыз алушылар, микрокредиттердің мөлшері туралы, Қарыз алушыға қатысты Шарттың өзге де талаптары туралы және микрокредит беру операциялары туралы мәліметтерді қамтиды (осы Қағидаларды қоспағанда).
Микрокредитті беру құпиясы Қарыз алушыға, жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші тұлғаға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген микрокредиттер бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ төменде көрсетілген тұлғаларға ғана ашылуы мүмкін.
Қарыз алушылар, микрокредиттердің мөлшері туралы, Қарыз алушыға қатысты шарттың өзге де талаптары туралы, МҚҰ жүргізетін операциялар туралы мәліметтерберіледі:
анықтау және алдын ала тергеу органдарына: олар жүргізіп жатқан істер бойынша мөрмен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сұрау салу негізінде;
соттарға: соттың ұйғарымы, қаулысы, шешімі және үкімі негізінде олардың өндірісіндегі істер бойынша;
Әділет органдарына және жеке сот орындаушыларына: сот санкция берген, әділет органдарының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған сот орындаушысының қаулысы негізінде олардың өндірісіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;
прокурорға: оның қарауындағы материал бойынша өзінің құзіреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;
Мемлекеттік кіріс органдарына тек қана салықтық әкімшілендіру мақсатында: тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша, ұйғарым негізінде;
Қарыз алушының өкілдеріне: сенімхат негізінде, жеке тұлға болып табылатын Қарыз алушы бойынша нотариалды куәландырған сенімхат негізінде;
оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған тұлғаларға қатысты банкроттықты басқарушыға.
Қарыз алушы қайтыс болған жағдайда Қарыз алушы, микрокредит мөлшері туралы, Қарыз алушыға қатысты шарттың өзге де талаптары туралы мәліметтер де жазбаша сұраным негізінде беріледі:
Қарыз алушы өсиетнамада көрсеткен тұлғаларға;
нотариустарға: Нотариустың мөрімен куәландырылған жазбаша өтініші негізінде олардың өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша. Нотариустың жазбаша сұрау салуына қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі қоса берілуге тиіс;
шетелдік консулдық мекемелерге: олардың өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша беріледі.
Микрокредитті беру бойынша құпияны ашу болып табылмайтын жағдайлар:
МҚҰ-ның кредиттік бюроларға теріс ақпарат беруі және кредиттік тарих субъектісі туралы 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешек бөлігінде теріс ақпарат беруі;
МҚҰ-ның заңды тұлғаға осы микрокредит бойынша талап ету құқықтарын аталған тұлғаға беру кезінде күмәнді және үмітсіз деп жіктелген және теріс ақпараты бар микрокредитпен байланысты ақпаратты беруі.
10 тарау. Басқа ережелер
Осы Қағидалар қарыздық портфелінің құрылымындағы өзгерістерді, МҚҰ қызметінің қаржылық нәтижелерін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының өзгеруін ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайындағы және қаржы нарықтарының жағдаятындағы өзгерістерді ескере отырып өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
Осы Қағидада көзделмеген өзгесі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес реттеледі.