Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Қазақстандағы Solva тобы қаржылық сауаттылық бойынша семинарлардың екінші кезеңін аяқтады

Ауылдағы қаржылық сауаттылық

Қазақстандағы Solva жоспарланған сегіз оқыту семинарларының төртеуін Талдықорған мен Қапшағай қалаларында өткізді. Тегін семинарлар қалалар әкімдіктерінің қолдауымен халық арасындағы қаржылық сауаттылықты арттыру жобасының шеңберінде жүргізеді.

Семинарлардың екінші блогында қаржылық құралдарды есепке алуға және бизнес-жоспарлауға қатысты тақырыптар қарастырылды. Сонымен бірге кредит құралдарының мүмкіндіктері туралы лекция жүргізілді.

Екінші кезеңнің қорытындыларына сүйенсек, қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша іс-шаралардың өзектілігі тағы бір рет расталды.

Сауалнама нәтижелерінде қатысушылардың арасында талқыланатын сұрақтар бойынша білімнің жетіспеушілігі, атап айтқанда, семинардың 99% тыңдаушылары ай сайынғы қаржылық жоспарын құрмайтындығы, ал 70% қатысушылар кредитті қайта қаржыландыру деген не екендігін білмейтіндігі анықталды.

Семинарлардың бірінші кезеңі барысында халық арасында қаржылық мәдениеттің төмен деңгейі анықталды. Осылайша 100% қатысушылар ай сайынғы шығындарының статистикасын жүргізбейтіндігін, 80% тыңдаушылар бюджетті жоспарламайтындығын, ал 70% тыңдаушылар кредит түрлерін ажырата алмайтындығын мойындады.

Қазақстандағы Solva жүргізетін қаржылық сауаттылық бойынша семинарлардың мақсаты – қала тұрғындарына жеке бюджетті сауатты басқаруға қажетті жеке қаражат туралы негізгі білімді ұсыну. Осылайша білім беру лекциялары республика азаматтарына өзінің қаржылық жағдайын жақсартуға және болашақта қаражат жинауды үйренуге көмектеседі.

Екінші кезеңнің нәтижелері бойынша қатысушылардың жалпы саны 300 адамға жетті. Айдың соңына дейін тағы төрт семинар өткізу жоспарланған. Іс-шара бір мезгілде онлайн және офлайн нысанда өткізіледі. Соның нәтижесінде аудиторияда өткізілетін семинарға қатысу мүмкіндігі болмаған қатысушылар іс-шараға  қашықтықтан қосылу мүмкіндігіне ие болды.