Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Өтінімді рәсімдеу

Өтінім бергеннен кейін Solva KZ менеджері сізге хабарласады. Шарттың барлық мән-жайларын анықтағаннан кейін сіз Жеке кабинетте шартқа қол қоя аласыз.
1. Жеке кабинетіңізге кіріп, «құжаттарға ЭЦҚ арқылы қол қою» түймесін басыңыз, пайда болған терезеде «Файлды таңдау» түймесін басыңыз;
2. RSA әріптерінен басталатын ЭЦҚ файлын таңдаңыз.
Мұқият болыңыз, сізге нақты RSA әріптерінен басталатын файл керек, басқа файлдарды жүктеу керек емес!
3. ЭЦҚ файлының құпиясөзін енгізіп, «Құжатқа қол қою» түймесін басыңыз.

Егер барлығын дұрыс жасасаңыз, құжатқа сәтті қол қойылғаны жөнінде хабар пайда болады.

Телефонды өшіріп, қайта қосып көріңіз. Әдетте жетпей қалған СМС осыдан кейін телефонға келеді. Сонымен бірге телефон теңгерімін және кіріс хабарламалар баптауларын (қысқа нөмірлерден СМС қабылдау мүмкіндігінің бұғатталмағандығын) тексеріңіз.

СМС келмесе, өтінім нысанындағы тиісті сілтемені басып, кодты қайтадан алыңыз. Проблема жойылмаса, қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз. Кері байланыс үшін телефон нөміріңізді көрсетуді ұмытпаңыз.

Браузеріңіздегі Cache/Cookies тазалаңыз немесе балама браузерді (Google Chrome, Opera, Mozilla Firefox, т. б.) қолданыңыз.

«Спам» папкасын тексеріңіз. Папкада хабарламалар болмаған жағдайда, қолдау көрсету қызметіне support@solva.kz қандай хатты күтіп отырғаныңызды жазып хабарласыңыз.

Жоқ. Алайда сіз өтінімді рәсімдеу бойынша көмек алу үшін онлайн кеңесшіге немесе қолдау көрсету қызметінің операторларына хабарласа аласыз.

Банк шотының деректері жеке кабинетте көрсетілген ақпаратпен бірдей болуы тиіс. Деректемелер бірдей болмаған жағдайда, ақша аударылмайды. Деректері дұрыс емес өтінімді растағанда қаражатты 14 күн ішінде сіздің банкіңіз бізге қайтарады. Аударымды қайтып алғаннан кейін қарыз өндірусіз жабылады. Осыдан кейін деректері дұрыс көрсетілген өтінімді қайта беруге болады.

Өтінім статусы Сіз көрсеткен электрондық поштаға жіберіледі. Сонымен бірге өтінім статусы туралы қажетті ақпаратты жеке кабинеттен көруге болады.

Сіз көрсеткен телефон нөмірлері бойынша Сізбен хабарласа алмадық. Жеке кабинетіңіздегі, деректердің өзектілігін тексеріңіз.

Егер өтінімге «Шешілмеген» немесе «Қол қойылуда» статусы берілсе, support@solva.kz электрондық поштасы арқылы қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз, сол кезде өтініміңіз жойылады. «Өңделуде», «Белсенді» немесе «Процессинг» статустарындағы өтінімдер қайтарылмайды және өтінімнен бас тарту мүмкін емес.

Егер ақша шотыңызда тұрса, қызметтен бас тарту мүмкін емес. Қарызды тәсілдердің бірімен өтеуге болады. Өтеу сомасы жеке кабинетте көрсетіледі.