Выберите один из доступных языков (Сізге ыңғайлы тілдердің бірін таңдаңыз):
RU KZ

Табысты растамай кредит алу

 

Табысты растамай кредитті қалай алуға болады? Бірден бір жолы — тиісті бағдарламаны ұсынатын банкке бару. Үлкен сомаға үміттенудің қажеті жоқ — әдетте мұндай қаржы өнімдері тұрмыстық техниканы немесе смартфондарды сатып алуға беріледі.

Оған қоса, Өскеменде табысты растауды қажет етпейтін кредиттерді микроқаржы ұйымдары береді. Алайда олардың шарттарын тиімді деп айту қиын. Әдетте артық төлеу қарыздың бастапқы сомасынан біраз асып кетеді.

Мақсатқа қол жеткізудің оңтайлы тәсілі — жалақыны растамай Solva.kz компаниясынан кредит алу. Біз әр клиентпен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға тырысамыз. Сондықтан шарттарымыз банктердегі кәдімгі тұтынушылық кредит беру шарттарына барынша жақындатылған.

 

Оңай әрі тез!

 

Бұдан былай жалықтыратын анықтамалар жинамайсыз! Кепілсіз кредитті табысты растамай алу үшін төлқұжат көшірмесі мен ЖСН ұсыну жеткілікті. Осыдан кейін бірер минут күтіңіз — бұл уақыт ішінде кофе демдеп немесе маңызды қоңырау шалып үлгересіз. Біз бірегей скоринг жүйесін пайдаланамыз, ол шешімді автоматты режимде қабылдайды, сондықтан бүкіл процедура өте аз уақытты алады.

Жалақыны растауды қажет етпейтін онлайн кредитті клиенттер үшін барынша ыңғайлы ету мақсатында біз мынадай шарттары бар бірнеше бағдарламаны ұсынамыз:

  • сомасы — 200–2 000 000 теңге;
  • өтеу мерзімі — 6 айдан 3 жылға дейін;
  • күн сайынғы пайыз — 0,10–0,13% (Қазақстан заңнамасына сәйкес келеді).

 

Өтінімді қалай рәсімдеу керек?

 

Табысты растамай, кепілсіз және кепілгерсіз кредитті қалай алуға болады деген сұрақтың жауабы өте қарапайым. Solva.kz сайтына өтіп, құжаттардың тіркеу деректері мен тиісті ақпараттың минималды көлемін көрсете отырып, жеңіл нысанды толтырсаңыз жеткілікті. Осыдан кейін ынтымақтастық шарттарын мұқият оқып шығу керек. Барлық тармақтарымен келіссеңіз, үйіңізге курьер шарттың көшірмесін алып барады.

Алматыда табысты растамай берілетін кредиттер тиімді болуымен қатар ыңғайлы. Ақша алу үшін «Жеке кабинетте» тиісті бағдарламаны таңдап, СМС түрінде келген растау кодын енгізу керек. Қаражат Қазақстандағы кез келген банктің картасына аударылады, әдетте бұл тәулік ішінде орындалады, тек ерекше жағдайда келесі күні аударылады.

Бұл кез келген мақсатқа кредитті табысты және жұмыспен қамтылғанын растамай алуға мүмкіндік береді. Алынған ақшаны оқу ақысын төлеу үшін жұмсауға немесе құрылыс материалдарын сатып алу үшін қолма-қол ақшалай шешіп алуға болады. Еш шектеу, еш проблема жоқ.

 

Осы өнім үшін пайдаланушылар рейтингі
star
star
star
star
star
5
Табысты растамай кредит алу - Solva
219 дауыс