Былтырғы 2017 жылы онлайн кредит беру көлемі қарқынды өсті. Осылайша оның портфелі 45 миллиард теңге шамасында болды. 2015 жылдың өзінде бұл сома 18 есе кем болған. Алайда сарапшылар мұндай үлкен белсенділік жақын болашақта басылады деп болжап отыр.
Статистиканы талдап қараса, онлайн кредит беру нарығының қатты өскенін көруге болады. 2015 жылдың өзінде рәсімделген мәмілелердің жалпы сомасы 2,5 миллиард теңгені құрады. 2016 жылы ол 8,9 миллиард теңгеге дейін өсті, ал 2017 жылы 45 миллиард теңгеге жетті.
Сарапшылар былтырғы 2017 жыл микроқаржыландыру секторы үшін «жарылыс» кезеңі болды дейді, өйткені жиынтық портфель 5 еседен артық өскен. Өсу қарқыны әлі де сақталып отыр.
Басты себеп — 3–4 жыл бұрын Қазақстанда онлайн кредитті рәсімдеу бойынша ұсыныс тым аз болған. Тиісінше нарық бос болды. Интернет арқылы қаржы қызметтерін көрсететін компаниялар пайда болған бойда, пайдаланушылардың көбі қарызды интернет арқылы рәсімдеу мүмкіндігін пайдалана бастады. Бұл онлайн кредит беру нарығының осындай қарқынмен өсуін түсіндіреді. Ендігәрі клиенттерге банк бөлімшелеріне барып, ұзақ уақыт кезекте тұру қажет емес. Банкте өтінімді бірнеше күн қарайтын болса, микроқаржы компаниялары әдетте жауапты хабарласқаннан кейін бірден береді.
Мақсатты аудитория, яғни белсенді интернет пайдаланушылары онлайн қарыздардың артықшылығын тез бағалап, нарықта бәсекелестік дереу күшейді. Пайыздық мөлшерлемесі төмен, ыңғайлы әрі тез рәсімделетін, тиімді бонус бағдарламасы мен басқа да артықшылықтары бар қолжетімді шарттарды ұсынатын көп ұйым пайда болды. Бүгін барлық компаниялар қалыптасып қалған нарық үшін күресуде, оның саны шамамен 200 мың Қазақстан азаматы. Дейтұрғанмен сарапшылардың пікірінше нарық әлі толық қамтылған жоқ. Қарыз алушылардың ықтимал саны 1 миллион адамды құрауы мүмкін.
Бәсекелестік күшейген сайын тағы бір оң үрдіс байқалып отыр. «Толық адал ойнамайтын» ұйымдар әр клиенттен барынша көп ақша табуға тырысады, бірақ олар біртіндеп нарықтан жоғалып кетеді. Бұл жағдай мәмілелердің тәуекелін азайтып, пайдаланушылар үшін тиімді етеді. Көп жағдайда микроқаржы компаниясына хабарласу қаржы тығырығынан шығатын жалғыз жолға айналады.
Бәсекелестіктің күшеюі компанияларды клиент тарту және өз қызметін жетілдіру бойынша жаңа тәсілдерді іздеуге мәжбүрлейді. Қазір Қазақстанның көптеген микроқаржы ұйымдары қарыз алушыларға офлайн кредит алуды ұсынады. Бұл жаңа мақсатты аудиторияны басып алу үшін істеледі.
Негізінен офлайн кредит беру қызметтері адам көп жиналатын жерге орнатылатын кредитоматтарда және клиенттерге қызмет көрсету пункттерінде ұсынылады. Ол базар, сауда орталығы, тұрғын аудан болуы мүмкін. Ақша алу үшін пайдаланушы осындай қызмет көрсету пунктіне жеке куәлігімен келіп, мәмілені рәсімдей алады.
Сарапшылардың пікірінше бүкіл микроқаржыландыру секторының осылайша дамуы бірнеше жылдан кейін нарықта бар болғаны 5–7 ірі компания қалатынына және олар мақсатты аудиторияны өзара бөлісетініне алып келеді. Олар бүкіл нарықтың 80 %-ы 3–5 ұйымға қалады деп болжап отыр. Дегенмен бүгінгі жағдай соншалықты ерекше емес —ең үздік 5 ірі компания Қазақстанның бүкіл микроқаржыландыру нарығының 70 % бөліп алып отыр.
Мамандар уақыт өте келе мерзімі кешіктірілген кредиттердің үлесі азая түседі деп болжайды. Қазір NPL орташа мәні, яғни 90 және одан көп күнге кешіктірілген берешектің мәні шамамен 10–15 % құрап отыр.
Жалпы алғанда, өткен 4 жыл ішінде микроқаржыландыру секторындағы компаниялар клиентпен жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін таңдауды үйреніп, кредит скорингінің заманауи механизмдерін ендірді, ол берілген қарыздардың жалпы сомасындағы мерзімі кешіктірілген берешектің үлесін жыл сайын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл микроқаржыландыру нарығын жеткілікті түрде тұрақты етіп, қарыз алушылар үшін ыңғайлы етеді.
Сайттағы сауалнаманы толтырыңыз
Бұл 10 минуттан аспайды, шешім бірден қабылданады
Мақұлдағаннан кейін шартқа қол қойыңыз
Мұны мобильді қосымшада жасауға болады. Біз сізге курьер жібере аламыз
Шотыңызға ақша алыңыз
Клиенттердің 94% - ы құжаттарға қол қойғаннан кейін немесе келесі күні ақша алады
Ыңғайлы өтеу
Микрокредитті дәл қазір сайтта немесе серіктестер арқылы өтеуге болады
Ақшаны банктік шотқа немесе картаға аудару
Ақшаны банктік шотқа кеңсеге бармастан аудару
Кез келген мақсатқа
Кез келген мақсатқа микрокредит: автокөлікті сатып алу, жөндеу жұмыстары мен кез келген сатып алулар.
Кепілсіз және кепілгерсіз
Ақшаны кепілсіз және кепілгерсіз алыңыз. Анықтамасыз және кезексіз.
Марапаттар мен жетістіктер
Басқа өнімдер
Құжаттар