Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Solva БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды

Solva БҰҰ-ң Жаһандық шартына (БҰҰ ЖШ) қосылған Қазақстанның алғашқы микроқаржы ұйымы болды.

БҰҰ ЖШ бизнесті жауапкершілікпен жүргізуді ынталандыру мен тұрақты даму тұжырымдамасын қалыптастыру және ілгерілету ісіне тарту мақсатында құрылды. Шартқа қатысушылар адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сияқты салаларда БҰҰ-ның 10 негізгі қағидаттарына сәйкес өз стратегиялары мен қызметін келтіру, сондай-ақ Тұрақты Даму Мақсаттарында (БҰҰ ТДМ) көрсетілген БҰҰ Мақсаттарын қолдау шараларын қабылдауға міндеттемелер алады.

Келісімшартқа ресми қол қою рәсімі БҰҰ-ның Алматыдағы кеңсесінде өтті. Шараға «ОнлайнҚазҚаржы» АҚ (Solva бренді) компаниясының бас директоры Анна Максимова, БҰҰ Жаһандық шарты аясындағы Қазақстан бойынша менеджері Динара Сейджапарова және БҰҰ жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек қатысты.

2022 жылы Solva өзі үшін ең көп үлес қосатын БҰҰ-ның 3 басым ТДМ анықтады: 4-ТДМ «Сапалы білім», 5-ТДМ «Гендерлік теңдік» және 8-ТДМ «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу».

Solva компаниясы ШОБ секторымен 2020 жылдың ортасынан бастап белсенді жұмыс істейді, осы уақыт ішінде біз бүкіл Қазақстан бойынша шағын бизнестің 52 мыңға жуық иесіне микронесие бердік. Solva клиенттері алынған қаражатты ағымдағы бизнес-міндеттерді шешуге жұмсайды, сондай-ақ өз ісін дамытуға инвестиция салады. Сондай-ақ, алынған қарыз қаражатының арқасында кәсіпкерлер қосымша жұмысшыларды жалдай алады. Solva қаржыландыруымен шамамен 26000 қосымша жұмыс орны құрылды.

Solva-да біз кәсіпкерліктің көп қырлы және инклюзивті қызмет саласы екеніне сенімдіміз. Біздің несиелік портфельдегі несиелердің 70%-ы бизнеске иелік ететін әйелдерге берілді — бұл 85 миллион доллардан асады. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау үшін біз «Әйел ісі» платформасын құрдық. Бұл тәлімгерлік және білім беру бағдарламаларының қатысушысы болуға және пікірлес адамдармен білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Біз сондай-ақ ақшамен саналы қарым-қатынасқа бағытталған «Әйел және ақша» семинарлар циклі аясында қаржылық сауаттылықты арттыру саласында дәйекті жұмыс жүргізудеміз. Сондай-ақ, 2022 жылғы қарашада Solva гендерлік бағдарланған капиталды бөлу саласындағы жаһандық бастама – 2x Global-ға қосылған Қазақстандағы алғашқы компания болды.

2022 жылдың желтоқсан айынан бері Solva Ұлттық ESG клубының мүшесі болып келеді. Бұл компанияның өзінің ESG күн тәртібін күшейту жолындағы тағы бір қадамы, сондай-ақ елдегі тұрақты даму және жалпы ESG мәдениетін қалыптастыру саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу үшін маңызды арна. Клубтың мақсаты тұрақты даму күн тәртібін дамыту және БҰҰ ТДМ–на қол жеткізуге жәрдемдесу үшін Қазақстан экономикасының көшбасшы компанияларын біріктіру болып табылады.