Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Импакт-инвестициялау – Қазақстандағы бизнесті дамытудың жаңа кезеңі

Импакт-қорландыру біздің компанияға кәсіпкерлерге, қоғамға және мемлекетке нақты практикалық пайда әкелетін жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Solva-ның негізін қалаушы Борис Батин, Forbes.kz-ке, импакт-қорландыру қандай мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетінін, ШОБ-қа назар аудару компания үшін неліктен маңызды екенін, микро және шағын кәсіпкерлер үшін қандай өнімдер мен цифрлық шешімдер әзірленгені, банкке айналу үдерісі қалай жүріп жатқаны, сондай-ақ Solva-ның 2023 жылға арналған жоспарлары, жобалары мен амбициялары туралы айтты:

  • Банкке айналу – микро және шағын бизнес сегментіндегі клиенттерге қаржылық өнімдердің кең спектрін ұсыну бойынша стратегиялық міндетті шешу мүмкіндігі болып табылады. Реттеушінің талаптарына қатысты мәселелерді шешумен қатар, біз компания ішіндегі бизнес-үдерістерді қайта құрумен айналысамыз: мысалы, IТ-инфрақұрылымын жақсарту. Қайта ұйымдастыру жұмыстары ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында аяқталады деп күтілуде.
  • 2022 жылғы жетістіктердің қатарында – ШОБ портфелінің айтарлықтай өсуі, сондай-ақ микро, шағын және орта бизнес өкілдері үшін өнімдерімізді жетілдірудегі ілгерілеушілік, IT командасына тұрақты инвестициялар құю бар (оған Digital Almaty Awards сыйлығының «Жылдың финтех компаниясы» аталымындағы жеңіс дәлел бола алады)
  • 2023 жылы біз ШОБ-клиенттері үшін несиелік және несиелік емес қаржы өнімдерін дамытуды жалғастырамыз. Қазіргі уақытта Solva командасы цифрлық өнімдерді микро және шағын бизнеске бейімдеумен айналысуда. Басқа сөзбен айтқанда, біз ШОБ-клиенттерімізді цифрлық банкинг мәдениетін игеруге шақырамыз.
  • Тартылған инвестициялардан түскен қаражат әйелдер кәсіпкерлігін және «жасыл» қаржыландыру саласындағы жобаларды одан әрі қолдауға бағытталатын болады.
  • Импакт-қорландыру – басымдыққа ие бағыт болып табылады, өйткені ол кәсіпкерлерге, қоғамға және мемлекетке нақты пайда әкелетін жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Іскерлік тұрғыдан алғанда, импакт-қорландыру – бұл өте тез өсіп келе жатқан сегмент, онда Solva жақсы позицияға ие бола алады. Сондай-ақ, бұл басқа бәсекелестерден сөзсіз артықшылық беретін бірегей өнім.

Толығырақ сұхбаттың толық нұсқасында.