Solva ұсынған қаржылық сауаттылық: мүгедек жандар қаржы туралы білімді қалай пайдалануда
Қаржылық сауаттылық бойынша семинарлар бюджетті басқаруды ғана емес, сонымен бірге алаяқтарды ажыратуды үйретеді. Мүгедек азаматтар алған білім оларға қоғамда өзін жақсы сезінуге, аналитикалық қабілетін дамытуға көмектеді. Мамандар қаржылық машықтарды кәсіби және күнделікті өмірде қалай қолдануға болатындығы туралы айтып берді.
Міне, екінші жыл қатарынан Solva компаниясы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРжДА) қолдауымен IteachMe қорының тәрбиеленушілеріне арналған қаржылық сауаттылық бойынша тренингтерді ұйымдастырып келеді. Осы мерзім ішінде қаржылық сауаттылық бойынша семинарларға мүмкіндіктері шектеулі ондаған адам қатысып, алған білімін өз жұмысында сәтті пайдалануда.
«Бүгінгі таңда қор мамандарға digital саласында білім бере отырып, тағылымдамалардан өтуге және алғашқы еңбек тәжірибесін алуға көмектеседі» – деді Ерекше қажеттіліктері бар жастар арасында кәсіби машықтарды дамытумен айналысатын «ITeachMe» қорының директоры Захира Бегалиева.
«Біз ITeachMe жобасының бес маусымы ішінде 300-ден аса оқытушыға, ал 2022 жылы 200-ге жуық жас түлекке білім бердік. Қазіргі сәтте мүгедектілігі бар студенттерде бес курс бойынша білім ала алады: мotion design, UI/UX design, SMM+копирайтинг, графикалық дизайн, мобилография. Бұған қоса қосымша курстарға «негізгі компьютерлік сауаттылық пен ағылшын тілі» курстары жатады» – деп сөзін қорытындылады директор ханым.
Спикер «цифрлық» мамандықтарды дамытумен қатар қаржымен байланысты барлық сервистер мен қызметтер цифрландыру жағына қарай дамып келе жатқандығы туралы қосымша хабарлады.
«Біздің мақсатымыз – қаржылық сауаттылық курсында бюджетті жүргізу, отбасылық шығындар мен табысты жоспарлау машығынан басқа қаржылық білім деңгейін және алаяқтардан қорғану деңгейін арттыру машығына көңіл бөлу. Сонымен бірге адамдар қаржылық сауаттылық туралы ештеңе білмеген кезде олар қаржылық шешімдерді дұрыс қабылдай алмайды, тиісінше тұтынушылық және ипотекалық кредиттер бойынша берешек сомасы артады, экономикалық тұрақтылық төмендейді, ал адамдар кредиттер мен қаржылық қарыздар есебінен «қарызға өмір сүруді» жалғастырады. Бұл тұрғыда біздің мақсатымыз – қарыздан құтылудың өзге тәсілдері бар екендігін және қаржылық жоспарлауға кірісу жолдарын түсіндіру» – деді «ITeachMe» қорының директоры Захира Бегалиева.
Захира Бегалиеваның пікірінше, оқыту барысында курс қатысушылары командада жұмыс істеу машығына ие болады, жастар сыни ойлау машығын дамытады және әлеуметтену деңгейін арттырады. Мұндай кәсіпкерлер әлемдегі және мемлекеттегі ағымдағы экономикалық ситуацияны талдауды және өзінің шығындарын алдын ала жоспарлауды үйренеді.
Бұған қоса курстар ересектерде жақсы қаржылық машықтарды қалыптастырып қана қоймай, ерекше балалардың қаражатты дұрыс пайдалану машығы арқылы болашақта қоғамда дұрыс қарым-қатынас жасау қабілетін артады.
«Бұл білімнің тұрақтылығын және оның болашақта жалғасуына кепілдік береді. Осылайша осы жоба ол бойынша білім алу кезінде ғана емес, болашақта да пайдалы болатындығы анық» – деп сөзін қорытындылады Бегалиева ханым.
Қаржы саласында білімді көбірек адам алу үшін сабақ жеке топтарда орыс және мемлекеттік тілде жүргізілді.
«Дұрыс қаржылық машықтан басқа қаржылық сауаттылық жауапты кредиттеудің артуына көмектеседі» – деді Solva компаниясының бас директоры Анна Максимова.
«Қаржылық сауаттылық бойынша курс ұйымдастырушылары ретінде бізге қаржылық жоспарлау мен басқарудың маңыздылығын жеткізу ғана емес, сонымен бірге курс тыңдаушыларының семинардан пайдалы ақпарат алуы қажет. Шын мәнінде адамдардың ақшаға және кредиттеуге деген қарым-қатынасын өзгерту керек. Қазіргі сәтте көптеген азаматтар мен кәсіпкерлерде кредиттер бар және олардың көпшілігі кредитті ауыртпашылық деп қабылдайды. Ақшаның қалай жұмыс істейтіндігін түсінетін адам кредит бизнесті дамытуға және өмірді жақсартуға арналған құрал екендігін түсіне бастайды» – деді Анна Максимова.
Семинар қатысушыларының арасында жеке кәсіппен айналысып, бизнесін бастауды жоспарлайтын адамдар жеткілікті. Мұндай негізгі қаржылық машықтар өте қажет. Кәсіпкерлік тәжірибесі бар, алайда білімі жетіспейтін жеке азаматтарда бар. Осылайша семинар қатысушысы, бүгінгі таңда бала күтімімен айналысып отырған Иляна Киоссе осыған дейін киім-кешек тігумен айналысқан. Ол семинарға осыған дейін білген білімінің ескіруі ескере отырып, ақшаны қадағалауды үйрену қажеттілігін түсініп келген.
«Курста берілетін ақпарат қарапайым адам үшін түсінікті. Жаңа бизнеске қатысты бір-екі идея бар, бірақ оларды жүзеге асыру үшін білім қажет. Бұған қоса мен отбасылық бюджетті жоспарлауды, күн сайынғы шығындар ішінде қажет емес ақша жарату бар екендігін түсініп, ақша жинай бастадым» – деді қатысушы.
Ым-ишара тілі бойынша маман болып жұмыс істейтін курс тыңдаушысы Яна Ларионова Мақтааралдағы саңылаулар қоғамында жұмыс істейді. Ол семинарларға белсенді түрде қатыса отырып, оқытудың нәтижелерін көруде.
«Мен өзім білім алуды және басқаларды оқытуды ұнатамын. Қаржы туралы білім маған және мен жұмыс істейтін адамдар үшін артық болмайтындығы анық. Біз өтетін курстар қаржыны басқаруды және ақшамен байланысты сұрақтарды шешуді үйретеді» – деді Яна.
Қатысушы семинар барысында алынған білім кәсіби қызметте маңызды болады дегенге сенеді. Бұған қоса қаржылық сауаттылық қаржылық машықты түзетуге және қатені түзеуге мүмкіндік беретіндігі түсінікті.
«Кез келген адам қаржымен күн сайынғы негізде жолығады. Сол себептен қызмет түріне, мамандыққа немесе физикалық мүмкіндіктерге қарамастан, қаржылық сауаттылық әрбір адамға қаржыны дұрыс жұмсауға, жинақтауға көмектеседі» – деп санайды № Қаржылық сауаттылық мектебінің директоры Акжунис Брасилова.
«Қаржы саласындағы білім мүгедек адамдарға жеке қаржыны тиімді басқарудың көмегімен қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, отбасы үшін бюджетті басқаруға, сонымен бірге қаражатты жинақтау үшін босатуға көмектеседі» – деп сөзін қорытындылады Брасилова ханым.