Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Solva шағын бизнеске бұрын тек ірі корпорациялар пайдаланған қаржы құралдарын ұсынады

Факторинг, лизинг және коммерциялық жылжымайтын мүлікті қаржыландыру ұзақ уақыт бойы тек ірі компанияларға қолжетімді өнімдер болатын. Solva бұл өнімдерді шағын және орта бизнеске бейімдеп, құжат санын азайтып, қаржыландыруды жылдам ресімдеуге мүмкіндік беріп отыр.

Құрылыс алаңына есік жеткізетін немесе үй жанындағы дүкендерге сүт өнімдерін тасымалдайтын кәсіпкер көбіне бір мәселеге тап болады: жұмысты әлдеқашан орындап қойғанымен, ақшасын бірнеше аптадан кейін ғана алады. Банктер мұндай клиенттерге кредит беруге асығар емес, өйткені олардың кепілге қоятын мүлкі жоқ. Solva дәл осы мәселені шешу жолдарын ұсынбақ.

«Бұрын мұндай қаржы құралдарын ірі корпорациялар мен ірі банктер ғана пайдаланатын. Енді біз оларды шағын және орта бизнеске ұсынып отырмыз», — дейді Solva CEO-сы Павел Кравченко.

Solva өнім жабдықтаушылар мен мердігерлерді жасалған келісімшарт негізінде қаржыландырады: компания сатып алушының орнына өніммен жабдықтау ақысын төлейді, ал сатып алушы есеп айырысқан кезде қаражатын қайтарып алады. Қаржыландыру мерзімі 120 күнге дейін, сомасы 300 млн теңгеге дейін, мөлшерлемесі айына 3%. Бұл өнім тауары бар немесе көрсетілген қызметтері әрі тұрақты сатып алушысы бар кәсіпкерлерге арналған. Олардың қатарында құрылыс саласындағы бас мердігерлер мен қосалқы мердігерлер, азық-түлік өндірушілері мен дистрибьюторлары, сондай-ақ B2B мәмілелері мен тендерлерге қатысушылар бар.

Жұмыс тәртібі қарапайым. Мысалы, ірі құрылыс компаниясының ондаған мың мердігері болуы мүмкін. Олардың әрқайсысы өзіне тиесілі жұмысты атқарады: біреуі есік орнатады, екіншісі жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Олардың құрылыс компаниясымен тікелей келісімшарты болмаса да, айналым қаражаты дәл қазір қажет. Дистрибьюторлардың жағдайы да осыған ұқсас: олардың өндірушілермен ондаған келісімшарты және тауар сатып алатын көптеген дүкені бар. Solva тауар ақысын төлейді, ал дүкен есеп айырысқаннан кейін қаражатын қайтарып алады.

Өнім жақында ғана іске қосылды, бірақ қазірдің өзінде алғашқы нәтиже бар: Solva елдегі ең ірі құрылыс холдингтерінің бірінің мердігеріне алғашқы қаржыландыру транштарын берді. Белсенді жарнамасыз-ақ 45 млн және 22 млн теңгеге алғашқы мәмілелер жасалды. Қазір компания осы бағытты кеңейту жолдарын қарастырып жатыр. Шағын және орта бизнеске арналған лизинг бағыты бойынша Solva компаниялар мен жеке тұлғаларға арналған нарықты зерттеп жатыр. Басым бағыттар көлік және шағын техника болмақ. Сонымен қатар компания медициналық жабдықтарды, сондай-ақ дәмханалар мен мейрамханаларға арналған жабдықтарды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруда.

Solva микроқаржы ұйымы ретінде ипотекалық кредит бере алмайды. Сондықтан компания басқа шешім тапты: құрылыс компанияларымен бірлесіп, автотұрақ орындары мен қоймаларды бөліп төлеу арқылы сату жолын ұйымдастырды. Мысалы, Қарағандыдағы «Британский квартал» премиум тұрғын үй кешенімен серіктестік аясында Solva мұндай мәмілелерді қаржыландырып қана қоймай, клиенттерге қолда бар мүлкін кепілге қойып, жаңа пәтерді қолма-қол ақшаға сатып алуға немесе жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін ірі сомадағы қарыздар да ұсынады.

Келесі қадам — тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарындағы коммерциялық үй-жайларды қаржыландыру. Бұл ипотека емес, тұрғын емес жылжымайтын мүлік кепілімен бизнеске берілетін кредит. Кәсіпкер үй-жайды сатып алып, онда тұрғындарға қажетті кәсіпті, яғни дәріхана, кофехана, барбершоп немесе маникюр студиясын аша алады. Қарыздың ең жоғары сомасы — 86 млн теңгеге дейін 10 жылдық мерзімге дейін қарастырылған. Қазір бұл өнім Қарағандыда пилоттық режимде іске қосылды. Алдағы уақытта Solva бұл бағытты Алматы, Астана және Шымкент қалаларында дамытуды жоспарлап отыр. Мұндай кредитті заңды тұлға ретінде де ресімдеуге болады.

«Біз кәсіпкерге жаңа тұрғын үй кешенінен тиімді орын тауып, онда кофехана немесе дәріхана ашу мүмкіндігін жіберіп алмауы үшін қажетті қаржыландыруды жылдам ұсынамыз», — дейді Павел Кравченко.

Автокредит пен мүлікті кепілге қойып берілетін қарыздарға факторинг, лизинг және коммерциялық жылжымайтын мүлікті қаржыландыру өнімдері қосылды. Енді шағын және орта бизнес өкілдері көптеген қаржылық мәселесін бір компания арқылы шеше алады. Компания бұл стратегияны жаңа тәсіл деп атайды: алдымен серіктестермен бірге өнімді шағын көлемде сынақтан өткізіп, оның тиімділігіне көз жеткізеді. Содан кейін ғана оны кеңінен қолданады.

Қаржыландырудың серіктестік бағдарламаларын “онлайн Қазқаржы” МҚҰ (Solva) № 02.21.0004 ЖРРФР лицензиясына сәйкес қарыз алушылардың қолда бар мүлкін кепілге қояды.11.03.2021 ж. М. қарыздар ипотекалық емес.