Solva республикалық студенттік олимпиадаға қолдау көрсетті
Solva компаниясы Алматы қ. XIV республикалық студенттік пәндік олимпиаданың серіктесі және жюри мүшесі атанды. Ағымдағы жылы компания сонымен бірге тағылымдамаға қазақстандық ЖОО-ның өршіл бітірушілерін шақыруды жоспарлап отыр.
«Қазақстандағы қаржы: жаңа өзгерістерге жауаптарды іздеу» тақырыбына «Қаржы» білім бағдарламасы бойынша республикалық студенттік пәндік олимпиада «Тұран» университетінің базасында 14 рет өткізілуде. Solva компаниясы іс-шараның серіктесі ғана емес, сондай-ақ жюри ретінде қатысты.
«Компания үшін мұндай білім беру іс-шараларына қатысу өте маңызды. Олар жастарға олардың үздік қасиеттерін көрсетуге ғана емес, сәтті мансапты құруға, қоғам үшін пайдалы болуға мүмкіндік беретін шынайы бейімділігін табуға және түсінуге көмектеседі. Білімді, сенімді және талапкер жас мамандар – мемлекетіміздің болашағы және мықты экономика негізі. Solva өз тарапынан студенттерге қажетті қолдау көрсетуге тырысады» – деді Solva бас директоры Анна Максимова.
Олимпиадаға Қазақстанның бірнеше өңірлерінен студенттер қатысты. Нәтижелері бойынша жеңімпаз болып Қарағанды қ. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің үшінші курсының студенті Жанерке Нуртазина танылды.
«Менің ең үздік студентім Жанерке Нуртазинаның жеңісі – үлкен абырой. «Банк секторының цифровизациясы» деп аталатын жобаның басты идеясы банк секторының толық цифровизациясы және ол Қазақстанның қаржылық нарығын қамтиды. Жобаның басты мақсаты – қазақстандықтар үйреншікті тәсілдерді пайдаланудан бас тартуға шақыру, әлемдік нарықтағы жаңа технологиялық және экономикалық деңгейге шығуды қамтамасыз ететін шығындарды азайту» – деді студенттің ғылыми жетекшісі, оқытушы Адильхан Жанбеков.
Адильхан Жанбеков конкурсқа ұсынылған жобалар бәсекелеске қабілетті, инновациялық, ал олардың көпшілігі практикада жүзеге асыру тұрғысында қызықты жобалар екендігі туралы айтты.
«Олимпиадаға қатысатын студенттер өздерінің көшбасшылық қасиеттерін көрсететіндігін дәлелдейтін жалпы тенденция байқалады. Жюридің алдында жобаларының презентациясын жүргізген кезде қатысушылар күрделі ситуацияға стандартты емес көзқарасын білдіріп, талантын жариялайды. Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың барлық қатысушылары қатысу туралы сертификаттарын алды. Үздік жобаларға Қазақстанның қаржы нарығының серіктестерінен сыйлықтар мен грамоталар берілді» – деді «Қаржы» білім бағдарламаларының жетекшісі, «Тұран» университетінің «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі, профессор, экономика ғылымының докторы Ирина Владимировна Селезнева.
Бизнестің заманауи талаптарына сәйкес болуы тиіс сапалы білім берудің маңыздылығын ескере отырып, 2022 жылы Solva компаниясы қаржылық мамандықтар бойынша ЖОО бітірушілерін тағылымдамаға қабылдауды жоспарлауда.
«Solva компания ағымдағы жылы қаржы секторында мансап жолын бастауды жоспарлайтын батыл және өршіл студенттерге арнайы практиканы ұйымдастырады. Ірі, тұрақты негізде дамушы компаниялардағы тәжірибені нақты бизнес саласында пайдалануға мүмкіндік береді. Solva үшін білімді жастарға шынайы кәсіпқой болу үшін алғашқы қадамдарды жасауға көмектесу үлкен абырой» – деді Анна Максимова.