Solva («ОнлайнКазФинанс» МҚҰ АҚ) мемлекеттің жекелеген өңірлерінде сутасқынынан зардап шеккендерге қарыздарын кейін төлеуге мүмкіндік береді
«ОнлайнКазФинанс» МҚҰ АҚ (бұдан әрі – Компания) су тасқыны салдарынан қалыптасқан төтенше жағдай кезеңінде зардап шеккен клиенттерін қолдап, арнайы шараларды қолданатынын хабарлайды.
Компания қолдау мақсатында зардап шеккен клиенттеріне қарызын айыппұл мен өсімпұлдарсыз, үш айға шегеріп төлеуге мүмкіндік беруді ұйғарды.
Микрокредит бойынша қарыздың мерзімін шегеру туралы өтініш өтінішхатпен (ходатайство) бірге 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін берілуі мүмкін.
Компанияның зардап шеккен клиенттеріне өтініш берудің кез келген тәсілі арқылы (Компанияның мобильді қосымшасы, сайты немесе dolg@solva.kz, ombudsman@solva.kz электрондық мекенжайлары, немесе жергілікті бөлімшелері арқылы) өтінім беру керек.
Қарыз алушы аталған тәсілдердің бірі арқылы жүгінген кезде қаржылық жағдайының нашарлап кеткенін және су тасқыны зардап келтіргенін растайтын құжаттарды ұсынуы керек.
Компания өтініштерді 10 (он) жұмыс күні ішінде тегін қарастырады.
Компания қарыз алушымен келісе отырып, микрокредитті беру туралы келісімшартқа қосымша келісім жасаспай-ақ, қарыздарды кейін төлеуге мүмкіндік бере алады.
Микрокредит бойынша төлемдерді шегеру қарыз алушының кредиттік тарихының нашарлауына негіз бола алмайды.
Қарызды шегеріп төлеуге қатысты мәселелер бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, азаматтар +7 701 006 35 36 мобильді нөмірі арқылы кеңесшілермен хабарласа алады.