Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Solva МҚҰ «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының жеңімпазын анықтады

Solva компаниясы өз клиенттеріне олардың бизнесі туралы оқиғалары үшін сыйлықтарды беруді жалғастыруда. Шілде айында өткізілген «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының нәтижелері бойынша ең үздік болып Өскемен қ. қатысушысы танылды. Жеңімпазға сыйлық ретінде жарты миллион теңге берілді.

Solva клиенттерінде осы жылы «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсына қатысып, бизнесті қалай бастап, оны қалай дамытқаны туралы оқиғасын айтып беріп, 500 мың теңге ұтып алу мүмкіндігі пайда болды. Конкурс 2021 жылдың 1 мамырынан бастап ай сайын өткізіледі. Әрбір айдың соңында іріктеу жүргізіледі және оның барысында ең қызықты немесе өзгеше оқиға анықталады.

«Бізге клиенттеріміздің идеямызды қолдап, міне үшінші ай конкурсқа белсенді түрде қатысатындығы өте ұнайды. Бізге көптеген айрықша оқиғалар келуде және біз клиенттеріміздің адалдығын жоғары бағалаймыз. Бізге жеке бизнесті ұйымдастыру кезіндегі клиенттеріміздің мақсатқа бағытталушылығына тәнті болдық. Компания біздің қолдауымыз кәсіпкерлерге олардың бизнесін жемісті етуге, сонымен бірге қиыншылықтарды жеңуге көмек көрсететіндігіне сенеміз», – деді Solva МҚҰ бас директоры Анна Максимова.

Шілде айында конкурстың шарттары біршама өзгерді. Жеңімпазды сарапшылар командасы ашық дауыс беру арқылы анықтады. Осылайша өткен айдың нәтижелері бойынша үш кәсіпкерлердің оқиғалары таңдалынды және Facebook әлеуметтік желісіндегі Solva корпоративтік парақшасында «халық» арасында тәуелсіз дауыс беру арқылы Өскемен қ. қатысушысы Жанардың оқиғасы жеңімпазға дауыс берді.

Конкурс жеңімпазы2014 жылы екінші рет бала күтімі бойынша демалысқа шыққаны туралы айтты. Алайда осыған байланысты жарының жалақысы жетпеуі ықтимал екендігін түсінген. Бұған қоса нәрестесінің денсаулығы нашарлау болуына байланысты оның күтіміне назар аудару қажет болған. Осылайша Жанар ханымға шағын бизнесті бастау туралы ой келген. Алғаш ойға келген идеяларды жүзеге асыру үшін елеулі мөлшерде қаражат қажет екендігі түсінікті бола бастады.

«Мен үйде жұмыссыз отыра алмайтынымды түсіндім, бірақ нақты немен айналысатынымды білмедім. Бір күні бізге көршім қонаққа келіп, өзіме және менің күйеуіме құйылмалы иіссу сатып алуды ұсынды. Өзімізге ұнаған иісті таңдап, сатып алдық. Менің ойыма неліктен менде осы іспен айналыспаймын?» деген сұрақ келді, – деп өз оқиғасын жеңімпаз жалғастырды.

Болашақ бизнес әйел енді жеткізушілерді іздеуге кіріскен. Бірінші партияны ол декреттік жәрдемақыға сатып алып, біртіндеп бизнесті дамыта бастаған. Қиыншылықтарға және иістерді таңдаумен байланысты парфюмериялық бизнестің ерекшеліктеріне қарамастан, жеңімпаз бүгінгі таңда сапалы қызмет көрсетіп, қажетті иіссуларды клиенттеріне ұсынып келеді.

«Мен Solva клиенті болғаныма 5 жылдан аса уақыт өтті. Кішкентай балалары бар ана ретінде қаражатты жылдам алу, қаржылық ұйымға бармау мүмкіндігі, сонымен бірге ақшаның шотқа жылдам түсуі өте маңызды болды. Конкурс туралы мен қарызды өтеу парақшасына кіргенде білдім. Бұл менің конкурсқа қатысу бойынша бірінші тәжірибем», – деді Жанар Боранбаева.

«Бизнесті дамытуға кредит» конкурсына қатысу өте оңай екендігін естеріңізге саламыз. Өзіңіздің бизнес оқиғаңызды еркін нысанда айтып беріп, парақшасына жіберу жеткілікті.
Конкурсқа ҚР азаматы және 18 жасқа толған Solva компаниясының ағымдағы, сонымен бірге жаңа клиенттері қатыса алады. Қатысу үшін негізгі шартты орындау қажет. Ол Solva компаниясының ШОБ арналған кредитінің болуы.