Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Solva компаниясының 100 клиенті сыйлыққа заң саласында қолдауға сертификат алды

Solva компаниясы (Қазақстандағы IDF Eurasia тобы) өзінің 100 клиентіне «Заң саласында қолдау» адалдық бағдарламасы шеңберінде «Еуропалық Заң Қызметінен» құқықтық қызмет көрсетуге сертификатты сыйлады.

Осыған дейін Solva компаниясының талдаушылары ұсынған деректерге сәйкес Қазақстандағы 90% кәсіпкерлер бизнестің түрлі аспектілерінде заңға қатысты қиыншылықтарға тап болады екен. Тек 5% компанияның құрылымында білікті заңгер бар екендігі анықталды.

Бизнесті жаңадан бастаған кезде қиыншылықтар болатындығы анық. Әдетте бизнеспен енді ғана айналыса бастаған кәсіпкерлер құқықтық қызметке жүгіне бермейді. Сол себептен шығындар, тіпті бизнесті жоғалту секілді салдарлар тіркеледі. Қаржылық және стратегиялық шешімдерді дұрыс қабылдау, қателіктердің алдын алу үшін кез келген кәсіпкерге заң саласында қолдау талап етіледі.

Кәсіпкерлерге өз ісін мейлінше жайлы жүргізуді және бизнесті дамытуды қамтамасыз ету, бұған қоса түрлі тәуекелдіктердің алдын алу үшін Solva компаниясы «Заң саласындағы қолдау» бағдарламасын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

«Біз бизнес өкілдерімен жұмыс істеу барысында көптеген кәсіпкерлерге тек қана қаржылық емес, сонымен қатар заң саласында қолдау қажет екендігін түсіндік. Бизнесті сәтті жүргізу үшін заңның көптеген талаптарын ескеру қажет екендігі белгілі. Кеңес алу үшін кімге жүгінуге болатындығын көбінесе кәсіпкерлер біле бермейді. Көптеген ЖК мен өзіне-өзі жұмыс істейтін тұлғаларда заңгердің қызметіне жүгіну мүмкіндігі де бола бермейді. Сол себептен біз әріптесіміз «Еуропалық Заң Қызметі» компаниясымен кәсіпкерлерге арналған арнайы қызметті әзірледік. Solva компаниясы жеке заңгердің орнын алмастыратын заң саласында көмек алуға мүмкіндік беретін сертификаттарды сатып алды. Бұл ретте олардың функциялары мен қызметтер тізімін клиенттің қалауы бойынша кеңейтуге болады. Бұл бизнес үшін өте қажетті құрал» – деді Solva компаниясының бас директоры Анна Максимова.

Бағдарлама шеңберінде клиенттерге 3 айға тегін заң саласындағы қолдауды пайдалануға мүмкіндік беретін сертификаттар ұсынылды. Сертификат жеке кәсіпкерлердің және өзіне-өзі жұмыс істейтін тұлғалардың құқықтық қызметтерінің кең ауқымын алуға мүмкіндік береді. Оның ішінде кәсіпкерлік қызметпен байланысты кез келген заңға қатысты сұрақтар бойынша кеңес алу, қажетті құжаттардың үлгілерін алу, бизнес саласындағы ерекшеліктермен танысу, сонымен бірге ЖК мен өзіне-өзі жұмыс істейтін тұлғалардың қызметі туралы өзекті сұрақтарға жауап алу.

«Заң саласында қолдау» жобасы Solva компаниясы мен «Еуропалық Заң Қызметі» компаниясының бірлескен өнімі болып табылады.

«Біздің сервисіміз кәсіпкерлер мен азаматтардың сұрақтарын мейлінше тиімді және аз шығынмен шешуге көмектесуге бағытталған. ШОБ сегментіндегі соңғы жылдарда байқалатын тенденциялар артып келеді, тиісінше жылдам және сапалы заң қызметін алу қажеттілігі бізді бизнеске арналған өнімдік желіні кеңейту туралы шешім қабылдауға әкелді. Біз ұсынатын қызмет ірі бизнеске де, ШОБ өкілдеріне де арналған» – деді «Еуропалық Заң Қызметі» компаниясының бас директоры Галина Черкайкина.

Компания мамандары клиенттерге кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері туралы айтып беріп қана қоймай, құжаттардың, шарттардың, өтініштердің мазмұнын түсіндіреді, оларды қалай дұрыс пайдалану қажет екендігі туралы кеңес береді. Қажет болса, түзетулер енгізеді, осылайша құжат кәсіпкерге пайдалы бола отырып, азаматтық заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

«Біз кез келген сала мен құқықтың кез келген түрі бойынша қызмет көрсетеміз. 10 жыл ішінде біздің компаниямызға азаматтық, еңбек, корпоративтік, халықаралық, салықтық, тұрғын-үй, әкімшілік, қылмыстық, жер, отбасылық, кедендік, көші-қон, тіпті әскери заң саласы бойынша азаматтар мен бизнес өкілдері хабарласты» – деді Галина Черкайкина.

Кентау қ. (ОҚО) кәсіпкері Наиля Абилованың пікірінше ол осы қызметтің көмегімен әріптестікке қатысты сұрақты шешті.

«Жақында біз достарымызбен бірігіп, ортақ бизнес ашу туралы шешім қабылдадық. Алайда, өкінішке орай, құжаттармен байланысты сұрақтарды шешу қиынға соқты, көптеген қателер анықталды. А компаниясынан ұтып алған сертификатым көмекке клепі, мамандар қателерімізді анықтап, сұрағымызды шешіп берді. Бүгін, міне, біз бизнесті тіркеу кезеңіндеміз, ал жақын арада әріптес атанамыз» –  деді Наиля.

Заң саласындағы қолдауға сертификатты сыйлыққа алған клиенттер үшін заңға қатысты сұрақтар бойынша 6 кеңес беру, құжаттарда шектеусіз қол жеткізу, қызметтер пакетіне кірмейтін қосымша сервистерге шегерім қарастырылғандығын еске саламыз.