Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Solva компаниясы «Белгісіздік жағдайларындағы микроқаржылық инвестициялар» халықаралық конференциясына (MFC) қатысты

24 жыл сайынғы MFC халықаралық қаржылық конференциясы Микроқаржылық орталықтың қолдауымен Стамбул қ. 29-30 маусымда өтті. Solva компаниясы осы іс-шараға қатысты. Конференция барысында қаржылық-техникалық саланың, микроқаржыландыру мен әлеуметтік инвестицияларды дамытуға қатысты сұрақтар қарастырылды.

«Соңғы екі жыл ішінде әлемде көптеген оқиғалар орын алды. Өзгерістер нарықтардың трансформациясын жеделдетіп қана қоймай, қаржылық технологиялардың жылдам дамуына өз үлесін қосты. MFC конференциясы әлемнің қаржылық компанияларына диалог жүргізуге, пікірмен алмасуға және жалпы трендтерді атап көрсетуге, сонымен бірге салада болашақта қандай бағытта дамитындығын анықтауға мүмкіндік берді. Әрине, мұндай халықаралық кездесулер барлық қатысушылар үшін қажет, себебі олар өз нарықтарының шеңберінен шығып, саланың мүмкіндіктері мен инвестициялық әлеуеті туралы түсінігін кеңейте түседі» – деді Қазақстандағы Solva жетекшісі Константин Барабанов.

Қазақстандағы Микроқаржылық ұйымдар ассоциациясының директоры Ербол Омарханов конференция қазақстандық МҚҰ нарығы үшін өте өзекті екендігін атап көрсетті.

«Іс-шара барысында жетекші инвестициялық компаниялармен келіссөздер жүргізілді, оның ішінде қазақстандық микроқаржылық секторға инвестицияларды тарту сұрағы қарастырылды. Ассоциация Орталық Азия мемлекеттеріне қатысты МҚҰ Ассоциациясының Үйлестіруші кеңесін құру туралы бастаманы көтерді. Бұл бастаманы Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан секілді мемлекеттер қолдады» – деді Омарханов мырза.

Бұған қоса кездесу шеңберінде Алматы қ. МҚҰ Орталық Азия форумын өткізу ұсынылды. Ассоциация көптеген жылдар бойы Микроқаржылық орталықтың мүшесі болып қана қоймай, оның жобаларына белсенді түрде қатысуда.

Конференцияға әлемнің 40 мемлекетінен 500-ден аса делегат қатысты. Оның ішінде микроқаржыландыру саласының мамандары, саясаткерлер, сарапшылар, инвесторлар, ИТ-провайдерлер және көптеген басқа мамандар болды. Қазіргі таңда іс-шараны ұйымдастырған микроқаржылық орталық Орталық және Шығыс Еуропаның және ТМД мемлекеттерінің 100-ден аса ассоциациялары мен МҚҰ-ны біріктіріп келеді.