Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Solva Алматы қ. қалпына келтіру бойынша сенбілікке қатысты

Solva компаниясы (IDF Eurasia тобы) қалалық белсенді азаматтармен бірлесе отырып, Алматы қ. қалпына келтіру бойынша сенбілік іс-шарасына қатысты. Волонтерлер мен Solva қызметкерлерінің еңбегі қаланың бірнеше бөліктерін қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Өртенген ғимарат

Әуезов ауданының белсенділер тобы мен Solva қызметкерлері ұйымдастырған сенбіліктің шеңберінде Тастақ пен Сарыарқа базарларының, «Армада» сауда үйінің, Төле би-Момышұлы бөлігінің аймақтары тазаланды. Іс-шараға ондаған волонтерлер қатысты, осылайша ШОБ нысандары мен олардың аймақтарын қалпына келтіру мүмкін болды.

«Өкінішке орай, қаңтарда орын алған оқиғалардың салдарынан көптеген аудандарға нұқсан келтірілді. Тұрғын үй-жай аймақтарына және кәсіпкерлердің көптеген мүліктеріне залал келтірілді. Solva компания командасы Алматы қ. тұрғындары. Сол себептен бізге де қаламыздың бұрынғы қалпына келуі маңызды. Solva компаниясының қызметкерлері аймақтарды жинауға және қалпына келтіруге белсенді түрде қатысуға бел буды» – деді Solva компаниясының бас директоры Анна Максимова.

Сенбілік

«Қаңтардағы оқиғалар кезінде қаланың бұзылуын көріп, жүрегім ауырғаны рас. Қаланы қалпына келтіруге адамдар мен күш керек екендігі анық еді. Жағдай шамалы реттелгеннен кейін мен Төле би мен Момышұлы көшелерінің аймағында орналасқан ПИК төрағасына қоңырау шалып, көмек қажет пе екендігі туралы сұрадым. Одан кейін достарымды, серіктестерді, әріптестерімді шақырып, жинауға кірісіп кеттік. Одан кейін бізге басқа да ПИК өкілдері қосылды. Осы сәтте іс-шараға Solva компаниясының өкілдері қатысты, сол себептен болар масштабты акция жүргізілді», – деді «Женский Клуб Алматы» қоғамының белсендісі, бизнес-жаттықтырушы және сенбілікті ұйымдастырушы Ғалия Қоянбаева.

Сенбіде сыпырғышы бар жігіт

Бастамашыл топтар мен волонтерлерден басқа сенбілікке қарапайым тұрғындарда шықты.

«Қаланы қалпына келтірге өз үлесімді қосқым келді. Қала бұрынғы қалпына келіп, өміріміздің баяғыдай болуын қалаймын» – деді Алматы қ. тұрғыны Мари Бахриттидинова.

Solva компаниясы осы жағдайда кәсіпкерлерге қолдау көрсету өте маңызды екендігін толық түсінеді, себебі ұрылардың әрекеттерінен көптеген бизнес өкілдеріне материалдық залал келтірілді.

«Solva үшін басты басымдылық – клиенттерімізге мейлінше қолдау көрсету, оның ішінде әлеуметтік жауапкершілік жобалар да бұрынғысынша ескеріледі. Біз қазақстандық бизнеске көмектесу үшін барынша көмек көрсете отырып, дағдарыстан бірге шығуға тырысамыз» – деді Анна Максимова.

Жігіттер қоқысты шығарып жатыр

Осы пікірді Ғалия Қоянбаева да ұстанады. «Қазіргі сәтте бизнесмендер мен кәсіпкерлерге көмек көрсету және қолдау білдіру өте маңызды. Себебі олардың қызметі Алматы қ. мен Қазақстан облыстарының экономикасын дамытады. Тек қана материалды емес, бұған қоса моральдық қолдау көрсету өте маңызды. Осы күндері шағын дүкендерде немесе шағын базарларда сауда жасаңыздар. Өзімізді бақылап, қаламызды тезірек тазалауға, қоқысты шығаруға, өндірісті іске қосуға және компанияларға қолдау көрсетуге шақырамыз» – деп сөзін қорытындылады.

Сенбі күні адамдар