Мерзімі өткен берешекті реттеу
Solva компаниясы біздің Клиенттеріміздің назарына мыналарды жеткізеді.
Біздің Клиенттеріміздің міндеттемелерін орындауды қиындататын жағдайлар туындаған кезде Solva компаниясы әрбір Клиенттің жағдайына кіруге және мерзімі өткен берешекті жеке тәртіппен реттеу туралы мәселені қарауға дайын.
Ол үшін Клиенттерімізге Solva компаниясына келесі электронды мекенжайға: dolg@solva.kz мерзімі өткен берешектің туындау себептері жазылған және материалдық жағдайының нашарлауын растайтын құжаттар қоса берілген өтінішті жіберуге кеңес береміз.
Біздің Клиенттеріміздің өтініштері мен құжаттарын Компания ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде қарастыратын болады.
Қарау нәтижелері микрокредит алу кезінде Клиенттің сауалнамасында көрсетілген электрондық поштаға немесе өтініште көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі.