Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Кредиттік желі – білікті кәсіпкерлерге арналған ыңғайлы құрал

Көптеген кәсіпкерлер айналым қаражатын толықтыру немесе тауарды сатып алу үшін кредитке алуға тұрақты негізде жүгінеді, ал бұл үдеріс әдетте көп уақытты талап етеді. Алайда қажетті соманы қажет болған кезде қосымша шығындарсыз және жаңа өтінімдерді ресімдеместен алуға мүмкіндік беретін механизмдер бар. Бұл құралдың аты – Solva компаниясы ұсынған кредиттік желі. 

Кредиттік желі дегеніміз не?

Кредиттік желі – кәсіпкерлерге арналған танымал қаржылық құрал, оның көмегімен кредиттің бір бөлігін шартта белгіленген лимиттер шеңберінде алуға болады. Желі қарапайым кредит ретінде ресімделгенімен, оның жұмыс қағидаты өзгешелеу. 

Стандартты кредитке қарағанда кредиттік желі қарыз алушыға ақшаның толық сомасын бірден емес, қажет болған кезде бөліктермен алуға мүмкіндік береді. Яғни қарыз алушы бірнеше кредитті алуға мақұлдау алады, бірақ тек қана бір шартты ресімдейді. 

Бұл ретте пайыздар тек қана нақты пайдаланылған сомаға есептелінеді. Басқа сөздермен айтқанда, кредиттік желі – бұл бизнеске арналған кредиттік картаның аналогы. 

Неліктен ыңғайлы?

Кез келген бизнесте ақша «дәл қазір» қажет болатын күтпеген ситуациялар болады. Кредиттік желі мұндай жағдайда, кассалық үзілісті жабатын немесе туындаған сұрақты жедел шешетін құрал болып саналады. 

Осы факторды ескеретін болсақ, Solva компаниясы кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға және өзіне-өзі жұмыс істейтіндерге арналған мейлінше ыңғайлы және қолайлы кредиттік құралды әзірлеуге тырысты. 

Solva ұсынатын кредиттік желінің артықшылықтары

Компанияның барлық өнімдері секілді кредиттік желіні сауалнама толтырып, құжаттардың минималды пакетін ұсына отырып, онлайн ресімдеуге болады. Бірнеше сағат ішінде 4 млн. тг. дейінгі лимитті үш жыл мерзімге дейін алуға болады. Қарыз алушыға қосымша анықтамалар мен кепілгерлер қажет емес. Кредиттік желі туралы толығырақ ақпарат сайтында жарияланған.