Бизнеске факторинг не үшін қажет?
Факторинг – төлемді кейінге қалдыру шарттарымен жұмыс істейтін өндірушілерге және жеткізушілерге қаржыландыруды алуға мүмкіндік беретін бизнеске арналған ыңғайлы құрал. Бұл тек қана ірі компанияларға арналған күрделі өнім деген жалған пікір қалыптасқан. Алайда ШОБ-ға арналған Solva факторинг – бұл өте оңай және ыңғайлы!
Кәсіпорын өнімнің немесе қызметтердің белгілі көлемін жеткізді делік, алайда олар бойынша төлем 60 күннен кейін ғана жүргізіледі. Соның нәтижесінде кассалық алшақтық пайда болады, ал бұл бизнес үшін тәуекелдіктердің пайда болуына алып келеді. Ситуациядан шығу үшін ақша қажет. Мұндай жағдайда факторинг қызметін пайдалануға болады.
Рәсім өте қарапайым. Бірге талдап көрейік.
Қатысушылар: Сатушы, Сатып алушы және Фактор (факторингтік компания).
Сатушы Сатып алушымен төлем мерзімін, мысалы, 60 күнге кейінге қалдыру талабымен шартты жасасты, тауарды жеткізді/қызметті көрсетті, құжаттарды (жүкқұжатты немесе орындалған жұмыстар актісін, шот-фактураны) ресімдеді.
Ары қарай Сатушы Факторға жүгініп, ақшалай талап шартымен қаржыландыру шартын ресімдеп, барлық құжаттарды береді. Тиісінше Сатып алушының берешегі факторингтік компанияға өтеді.
Фактор Сатушыға орташа есеппен қарыздың 80%-дан 90%-ға дейінгі мөлшерінде (шарттарына байланысты) төлем жүргізеді.
Төлем мерзімі жақындаған кезде факторинг түріне байланысты Сатып алушы Фактор есебінен төлемнің толық сомасын төлейді. Факторингтік компания, өз кезегінде, Сатушыға өз комиссиясын қоспағанда қалдықты қайтарады. Бұл алгоритм Solva компаниясында келесідей жұмыс істейді: Сатып алушы Сатушыға тауарды сатады. Сатушы Solva компаниясына берешек пен комиссия мөлшерін өтейді. Бұл мәміле шарттарына байланысты ерекшеленетін факторингтің негізгі рәсіміне жатады.
Бизнесті ары қарай дамыту үшін тауарды жеткізгеннен немесе қызметтерді көрсеткеннен кейін бірден ақшаны алу және төлемді алмау қаупін азайту секілді айқын артықшылықтардан басқа факторингте тағы да басқа артықшылықтар бар.
Кредитке қарағанда факторинг қызметін пайдалану үшін кепілзат қажет емес, ал ресімдеу 1-2 күн ішінде жылдам жүргізіледі. Сонымен бірге факторингтік компания берілген қаражаттың қандай мақсатқа жұмсалатындығын бақыламайды. Сіз қаражаттың көмегімен бизнес бойынша ағымдағы шығындарды (салықтарды, жалақыны) өтеп, бизнесті дамытуға жұмсай аласыз.
Solva компаниясының барлық клиенттері факторинг қызметін тиімді шарттармен пайдалана алады. Ол үшін сайт арқылы өтінімді қалдырып, қажетті құжаттарды ұсынып, талап етілетін соманы алуға болады. 120 күнге дейінгі мерзімге клиентке 50 млн. теңгеге дейін факторингті қосымша кепілзатсыз ресімдеу мүмкіндігі беріледі. Бұл ретте мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, клиенттер қосымша айыппұлдарды немесе комиссияларды төлемейді сайтындағы онлайн-калькулятордың көмегімен факторинг сомасын есептеуге болады.