Қазақстандағы IDF Eurasia тобы HeadHunter агенттігімен бірлесе отырып, HR маманы қызметкерлерді таңдаған кезде неге назар аударатындығы туралы айтып береді
Дұрыс құрастырылған түйіндеме жақсы жұмысқа орналасу ықтималдылығын 50%-ға арттырады. Алайда үздік түйіндемені жазудың негізгі қағидаттарымен барлығы таныс емес. Сол себептен тіпті тәжірибелі кандидаттар жақсы жұмысқа орналасуға ұзақ уақыт жұмсайды. Адамдарға жұмыс іздеуді жеңілдету мақсатында Қазақстандағы IDF Eurasia тобы (Solva және MoneyMan брендтері) HeadHunter деп аталатын ең ірі интернет-рекрутмент агенттігімен бірлесе отырып, 2021 жылғы 26 мамырда сағат 12:00-де «HR мамандар қызметкерлерді таңдаған кезде неге назар аударады?» атты вебинар өткізіп, жұмыс табуға кедергі келтіретін негізгі қателерді талдайды.
Ресми жорамалға сүйенетін болсақ, 2021 – 2025 жылдары жалдамалы еңбек 1 млн. адамды құрайтын болады. Бұл ретте сұрау жұмыс күшінің артуын көрсету ықтималдылығы жоғары. Алайда қазірге таңда жұмыс іздеушілердің саны 3 млн. адамды құраса, бос орындар саны не бәрі 28 мыңнан аспайды.
ҚР еңбек нарығындағы ағымдағы ситуацияның күрделілігіне түсіне отырып, Қазақстандағы IDF Eurasia тобы HeadHunter агенттігімен бірлесе отырып, «HR мамандар қызметкерлерді таңдаған кезде неге назар аударады?» атты вебинарды өткізеді.
Вебинар 2021 жылғы 26 мамырда сағат 12:00-де Қазақстандағы IDF Eurasia тобының қызметкерлерді таңдау жөніндегі маман Эльмира Уразалина өткізеді. Спикер жұмыс барысында 2,5 мыңнан астам тілдесулерді өткізіп, топ менеджерлердің және қарапайым мамандардың 5 мыңнан астам түйіндемелерімен танысып үлгерген.
Вебинар барысында тыңдаушылар HR маман түйіндемемен танысқан кезде, ең алдымен, неге назар аударатындығы, қандай түйіндемелерді қарастырмайтындығы туралы ақпарат беріледі. Бұған қоса вебинар кезінде түйіндемеге қандай жеке ақпаратты және қалай дұрыс қосуға болатындығы туралы мысалдар мен ұсынымдар беріледі.
HeadHunter – Орталық Азиядағы жұмыс пен қызметкерлерді іздеу бойынша жетекші интернет-сервис. Компания Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге көрші мемлекеттерде жұмыс берушілерге және қызметкерлерге арналған аса ірі ресурстардың біріне жатады.
Вебинарға https://event.webinar.ru/HeadHunter/8617115 сілтемесі бойынша тіркелуге болады.