Қазақстандағы IDF Eurasia компаниясы қор нарығындағы қызметін арттыруда
«ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС (IDF Eurasia тобына кіреді) өзінің облигациялар шығарылымы тарихында облигацияларын үшінші рет орналастыруға әзірленуде. Осы жолы шығарылымның көлемі 7 млрд. теңгені құраса, купон мөлшерлемесі айналымның алғашқы екі жыл ішінде жылына 18,5%-ды, айналымның үшінші жылы ішінде 18%-ды құрайды. Бір қағаздың номиналды құны – 1 мың теңге, купонды төлеу ай сайынғы негізде жүзеге асырылады. Облигациялардың айналымының жалпы мерзімі – үш жыл, бұл ретте облигациялардың иелерінде айналымның екі жылдық кезеңнен кейін эмитентті сатып алуға бағалы қағаздарды ұсынуға құқығы бар.
2021 жылғы 18 наурызда Astana International Exchange (AIX, AIX Market Notices | AIX) биржасында облигацияларды жариялау жоспарланған. Айналымның андеррайтері – «Фридом Финанс» компаниясы.
«ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС үшін
Для ТОО «МФО ОнлайнКазФинанс» этот выпуск будет уникальным не только из-за рекордного объема размещаемых ценных бумаг (7 млрд тенге), но и благодаря ежемесячной выплате купона, что делает высокодоходные облигации максимально идентичными долгосрочным банковским депозитам. Владелец облигаций сможет увеличить эффективную доходность к погашению за счет ежемесячного реинвестирования купонного дохода в ценные бумаги или банковский депозит.
«ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС Қазақстан нарығында Solva және Moneyman брендтерімен Қазақстан нарығында жұмыс істейді. Компания еліміздегі алғашқы микроқаржылық компания бола отырып, жеке тұлғаларға және ШОБ субъектілеріне онлайн режимде қарыздарды беруді жүзеге асырады. Компания 2018 жылдан бастап таза табыс тұрақты екітаңбалық өсімді көрсетіп келеді. 2020 жылдың 9 айының нәтижелері бойынша 2,2 млрд. теңгені құрады. Қарыздарды белсенді тарту барысында қорландыру құрылымында жеке капиталдың үлесі (2018 жылы 6,4%-дан 2019 жылы 23,2% және 2020 жылдың 9 айы үшін 28,6%) компанияның жоғары сенімділігі мен кредитке қабілеттілігін көрсетеді. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары үшін «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС-ның кредиттік портфелі екі есе артып қана қоймай, 2020 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 36 млрд. теңгені құраған.
Бұған дейін 2020 жылдың тамыз айында «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС Kazakhstan Stock Exchange (KASE) алаңында облигацияларды сәтті орналастырып қана қоймай, Қазақстан тарихында бағалы қағаздарды шығаратын алғашқы микроқаржылық компанияға айналды. Шығарылым көлемі 4 млрд. теңгені құраған.