Solva.kz App

4,8
Жүктеу

ЖК-ні онлайн тіркеу

5 минутта өз ісіңді баста

Бұл қалай жұмыс істейді

  • Компьютерден немесе смартфоннан нысанды онлайн толтырыңыз

  • Біз деректеріңізді тексеріп, салық органына жібереміз

  • Құттықтаймыз! ЖК мәртебеңіз дайын, бизнесті бастай беріңіз

Тегін

Бизнесті 0 ₸ төлеп тіркеу – мемлекеттік бажсыз және қосымша шығынсыз

Үйден шықпай-ақ

Салық органдарына бармай, кезексіз деректеріңізді онлайн толтырып жібересіз

Сіз үшін барлығын жасаймыз

Деректеріңізді салық органына жіберіп, тіркеу туралы дереу хабар береміз

Тез және ыңғайлы

Өтінім нысаны қарапайым және ыңғайлы – бірнеше минутта толтыра аласыз

Сұрақ-жауап

Біздің нысан арқылы ЖК-ны тіркеу тегін. Осы қызметіміз үшін қосымша ақша алмаймыз. Салық органдарына мемлекеттік бажды төлеудің де қажеті жоқ.

Біздің қызметіміз арқылы ЖК-ны тіркеу үшін қандай да бір құжаттарды алдын ала дайындап, жүктеудің қажеті жоқ. Өтінім нысаны қарапайым әрі түсінікті, толтыру процесін тездетуге арналған ескертпелер бар.

ЖК-ны тіркеу үшін сізге интернетке қосылған компьютер немесе электрондық цифрлық қолтаңба керек (ҚР ҰҚО ЭЦҚ).

Қызметіміз арқылы ЖК-ны тіркеуге берілген өтінімді қарастыру процесі онлайн өтеді және бірнеше минут уақыт алады. ЖК мәртебеңізді өтінім қарастырылып мақұлданғаннан кейін бірден аласыз.

ЭҚЖЖ – экономикалық қызметтің жалпы жiктеуiшi, компанияның экономикалық қызметі бағытының жалпы классификаторы. Қызметтің әр түріне 5 саннан құрылған код берілген, оны бизнесті тіркеу үшін көрсету керек. Бірнеше ЭҚЖЖ-ны көрсетуге болады, бірақ бизнесіңізге қатысы бар қызмет түрлерін ғана міндетті түрде көрсету қажет.

Біздің жасаған өтінім нысанында ЭҚЖЖ кодтарының анықтамалығы бар. Анықтамалықтың іздеу жолағынан негізгі сөздерді теріп (мысалы, «сауда-саттық»), бизнесіңіздің қызмет түрін таба аласыз.

Біздің жасаған өтінім нысанында салық салудың қолжетімді тәртібін баяндайтын түсінікті ескертпелер бар, олар салық тәртібін таңдауға көмектеседі.

Өтінімді электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) растау керек. Кәдімгі қолтаңба секілді ЭЦҚ деректеріңіздің дұрыстылығын растау үшін қажет.