Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Қазақстандағы IDF Eurasia АХҚО құрамына кірді

IDF Eurasia халықаралық қаржылық-технологиялық тобы («Solva» бренді) «Астана» Халықаралық қаржылық орталығы (АХҚО) қатысушылары қатарына енді. АХҚО-ға мүшелік Қазақстанға халықаралық инвестицияларды тартудың заманауи механизмдеріне қол жеткізу мүмкіндігін аша отырып, еліміздегі бәсекелестік саласындағы қаржылық-цифрлық ортаны дамытуға көмектеседі.

АХҚО Орталық Азия, Кавказ, EAEO, Батыс Қытай, Моңғолия, Таяу Шығыс пен Еуропа елдерінің экономикасын байланыстыра отырып, бизнес пен қаржының өңірлік орталығы ретінде маңызды рөл атқарады.

IDF Eurasia  – Қазақстан мен Ресейдегі ең ірі қаржылық-технологиялық топтардың бірі. Осы орайда АХҚО-ға кіру Қазақстандағы ашық цифрлық бизнес-ортаны қалыптастыруға көмектесетін маңызды шешім екендігі анық.

«АХҚО қатарына қосылу – біз үшін аса маңызды стратегиялық қадам. Біз осы қадамды жасау үшін ұзақ дайындалдық. 2020 жылы біз микроқаржылық компаниялардың ішінде бірінші болып облигацияларды AIX биржасына сәтті орналастырып, АХҚО жанындағы биржа ұйымдары мен басқа институттардың жоғары деңгейінің бар екендігіне көз жеткіздік. AIX биржасы арқылы тартылған инвестициялар Қазақстан аймағында өнімді ресімдеу жылдамдығы бойынша микро және шағын бизнес үшін ерекше цифрлық кредиттік өнімді іске қосуға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда IDF Eurasia Қазақстанда бизнесті дамыту бойынша өршіл мақсаттарды алға қойды және АХҚО-ға кіру тек қана инвестициялық мүмкіндік қана емес, еліміздегі аса дамыған цифрлық компаниялармен серіктестік қарым-қатынасты дамытуға арналған ерекше алаң болып саналады» – деді өз сөзінде Қазақстандағы IDF Eurasia компаниясының бас директоры Константин Барабанов.

IDF Eurasia компаниясының миссиясы АХҚО өзіне қойған мақсаттармен толық сәйкес келеді. Компания жасанды зияткерлік технологияларын, Big Data, түрлі инновациялық модельдер мен басқа негізгі құндылықтарды енгізуді жүзеге асыру саласында еңбек етеді.

Компания басшысы АХҚО базасында жаңа технологияларды әзірлеп, оларды енгізіп қана қоймай, секторды толық жаңартып, қаржылық құралдар туралы түсінікті толық өзгертуге машығы мен білімі жететін жоғары білікті мамандардың кластері бар екендігіне назар аударды.