Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Solva «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрмесіне қатысты

Solva компаниясы «Қазақстанның үздік тауары 2022» жыл сайынғы өңірлік конкурсына қатысушылардың қатарынан табылды. Көрме «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығының аймағында өтті. Өзінің өнімін 75-тен аса кәсіпкерлер ұсынды.

«Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесі — бұл біздің өндірушілеріміз бен бизнесмендерімізге өзінің тауарларын және қызметтерін сатып алушыларға көрсетуге, нарықтың басқа қатысушыларымен танысуға және серіктестерді табуға мүмкіндік. Біз шағын бизнеске қолдау көрсетудің қаншалықты маңызды екендігін түсінеміз. Мұндай іс-шаралар барысында кәсіпкерлер өздерін таныстыруға арналған ашық алаңдар қалыптасады. Осы іс-шара өзінің еңбегі үшін сыйақы алуға және жаңа мүмкіндіктердің қатарын арттыруға мүмкіндік береді. Барлық дамыған мемлекеттерде ШОБ сегменті – ішкі өнімді ғана емес, сонымен бірге адамдарға өз арманын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін экономиканың негізгі элементіне жатады», – деді Solva компаиясы бас директоры Анна Максимова.

Конкурс шеңберінде «Өндірістік маңызы бар үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік өндірістік тауарлар» секілді бірнеше номинациялар болды. 

«Аймакс», компаниясының қосымша құрылтайшысы, көрме қатысушысы Дюсембаева Айгуль салауатты тамақтану саласында жұмыс істеп қана қоймай, жеміс-жидек және көкөніс чипстерін өндіреді, сонымен бірге қанты жоқ компотты жасайды.  

««Осы бизнесті жүргізу менің анамның арқасында келді. Ол екі жыл Канадада тұрған кезінде мұндай чипстердің дәмін татқан. Бірнеше ай қатарынан біз түрлі жеміс-жидектермен тәжірибе жасадық, түрлі өндірушілерден алмаларды таңдадық. Нәтижесінде біздің жергілікті алмалардан жасаған чипс түрлері барлығына ұнады. Бұған қоса біздің алмалар сырттан келген алмалардан қарағанда сапасы жағынан жоғары болып шықты. Кейінірек бізге екінші құрылтайшы қосылды. Біз бірлесе отырып, көкөніс цукаттарының өндірісін дамыта бастадық» – деді Айгуль.

Кәсіпкер мұндай бизнестің негізгі күрделілігі – тауарды жылжыту. Тұтынушыларға дейін салауатты өмірдің маңыздылығын жеткізу және осы идеяны танымал ету – басты мақсаттардың бірі. Оған қарамастан, өнім балабақшаларда, мектептерде, фитнес орталықтарында және салауатты тамақтануға мамандандырылған компанияларда кеңінен таралған. Екінші құрылтайшының сөзіне сүйенсек, компания өндіріс технологиясын жетілдіруді жалғастыруда. Осылайша өзінің тұтынушыларына өзінің пайдалы қасиеттерін 100%-ға сақтаған өнімді ұсына аламыз.

Кәсіпкер Евсеева Дана несбірнеше киім-кешек брендтерін және жартылай фабрикаттардың өндірісін дамытуда. Бұған қоса өзінің болашақ қызметкерлерінің арасында оқытуды жүргізіп келеді.

«Қазіргі таңда менде екі киім-кешек бренді Isabel Garcia және «Дана Есей» бар.  «Дана Есей» базасында бізде тігіншілерге арналған оқыту орталығы жұмыс істейді. Біз мамандарды оқытып қана қоймай, оларды жұмысқа орналастырамыз. Біз басында қызметкерлер тапшылығына ұшырадық, қызметкерлерді сайттар мен хабарламалар арқылы табуға тырыстық. Кейінірек болашақ тігіншілерді оқытуға ғана емес, оларды ары қарай жұмысқа орналастыруға мүмкіндік беретін «Атамекен» ұлттық палатасының жобасы туралы білдік» – деді Дана.

Дананың сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда орталықта 60 адам білім алуда және орталық жұмысын мұнымен тоқтатпайтындығын анық.

«Орталықта білім алып жүрген көптеген бойжеткендер өзінің ательесін ашуды жоспарлайды. Алайда біз үшін жеке кадрлардың болуы өте маңызды, сол себептен білім беруді ешқашан тоқтатпаймыз» – деді Дана.  

Дана итальяндық Isabel Garcia бренді мен оның компаниясы осы маркалы киім-кешекті Қазақстанда сатуға рұқсат алған компаниялардың бірі екендігін айтты. Бренд өзінің кештерге арналған және коктейльді көйлектерімен танымал. «Дана Есей» — үй киім-кешегіне мамандандырылған жеке бренд.

«Ең бастысы, өз ісіңді жан-тәніңмен сүю. Менде бірнеше бизнес бағыты бар, алайда өзімнің жүрегім қалайтын іспен айналысуды тоқтатпаймын.  Міне, 12 жыл бойы бизнеспен айналысып келемін. Біздің ісіміз маған сөзсіз ұнайтын бағыттардың бірі екендігін анық білемін» – деп Дана пікірімен бөлісті.

Кәсіпкер ханым көпбалалы ана екендігіне қарамастан, үздік бизнес мансап жолында жетістіктерге жету мүмкін екендігін дәлелдеді.

«Өзіңе таңдау қоюдың қажеті жоқ: мансап па, әлде отбасы деген сұрақ орынды емес десе болады. Алдыға қойған мақсатыңды нақты түсінсең, барлығы оңай қолыңнан келеді. Жұмысты басқа адамдарға бөлуден, балаларды қараусыз қалдырудан қорқудың қажеті жоқ. Себебі сен бақытты, өзіңнің сүйікті ісіңнен ләззат алсаң, балаларың да, отбасың да бақытты болады» – деп өз сырымен бөлісті Дана.

Көрмеде ұлттық нақышта тігілетін бұйымдарын ұсынған шеберлер де болды. Мысалы, Асия мен Альмира есімді кәсіпкер ханымдар өздері жасайтын бұйымдар соңғы кезде халық арасында танымалдыққа ғана емес, сатып алушыларда сұрауға ие болды. Олардың өнімдерін жиі тойға арналған жасау немесе мерейтойға және мүшелтойға сыйлық ретінде сатып алады екен.

«Біздің шағын кәсіпорнымыз «Апарова» ЖК бизнесте алғашқы қадамдарын жасауда. Біз екі жылдан аса жұмыс істейміз. Алайда өз қызмет түрімізден рақаттанамыз. Көрме бізге өзімізді көрсетуге, қазақстандық өнімдермен бөлісуге мүмкіндік берді» – деді кәсіпкер ханым.

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрмесі 2006 жылдан бастап өткізілуде. Жеті жыл ішінде конкурстың ұйымдастырушысы болып «Атамекен» Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы саналады. Көрме ондаған қатысушыларды және мыңдаған келушілерді біріктіреді. Конкурстың негізгі міндеті – кәсіпкерлік қызметті дамыту, өнім сапасын арттыру, сонымен бірге халық арасында отандық тауарларың танымалдығын арттыру.