Solva.kz App

Іске арналған ақша
Жүктеу

Solva компаниясы ITeachMe қорымен бірлесе отырып, ҚНРжДА қолдауымен ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған қаржылық сауаттылық бойынша тренингтерді ұйымдастырады

Solva компаниясы ITeachMe қорымен бірлесе отырып, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРжДА) қолдауымен осы жылы мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған қаржылық сауаттылық бойынша тренингтерді жалғастырады  ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған қаржылық сауаттылық бойынша жаттықтыруларды ұйымдастырады. Жоба өткен жылы күз мезгілінде басталды.

2021 жылы басталған «Қаржылық сауаттылық» курсы» мүгедектілігі бар тұлғаларға және мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналар үшін «жедел көмек» көзіне айналғандығы анық. Әлемдегі тұрақсыз ситуация бүгінгі таңда ақша табу машығы ғана емес, сонымен бірге оны сақтап, арттыру маңызды екендігін көрсетті» – деді IteachMe қорының өкілдері.

«IteachMe» қор директоры Захира Бегалиеваның сөзіне сүйенсек, «Қаржылық сауаттылық» курсының бірінші маусымының нәтижелері бойынша қатысушылар шамадан тыс кредиттеуден айырылған, бұған қоса қаржылық шығындарды жоспарлауды, «қауіпсіздік құралын» қалыптастыруды, шығындарды бірнеше айға алдын ала жоспарлауды үйренген.

«Өткен жылдағы жобамен салыстырғанда осы жоба оның нысаналы тобының белгілі бір бөлігі тек қана мемлекет тілін білетіндігі және орыс тілінде білім алуға дайын емес екендігі анықталды. « Қаржылық сауаттылық» курсының екінші маусымы осы ерекшелікті ескере отырып, әрбір ағынды мемлекеттік және орыс тілдерінде екі қатар топтар түрінде іске қосуды жоспарлап отырмыз» – деді Бегалиева ханым.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020-2024 жылдарға арналған Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру концепциясының шеңберінде Fingramota.kz қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жобаны жүзеге асырады және еліміздегі қаржылық қолжетімділікті арттыруға және қаржылық инклюзияға бағытталған нарықтың маңызды бастамаларына қолдау көрсетті.

 «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған қаржылық сауаттылық бойынша жобалар – басымды жобалардың бірі» – деді Агенттіктің Қаржылық қызмет тұтынушылары құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.

Оның сөзіне сүйенсек, ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арнап өткізілетін оқыту тренингтері оларды жаңа кәсіпті меңгеруге және өз ісін ашуға уәждемесін елеулі деңгейде артты. «Біз 2021 жылы курс қатысушыларынан көптеген оң пікірлер алдық. Қатысушылар өздерінің түрлі бизнес-машықтарын дамытуға және қоғам өміріндегі маңыздылығын түсінуге мүмкіндік алды» – деді Терентьев мырза.

Тренингті қосымша ұйымдастырушы болып табылатын Solva компаниясы еліміздегі қаржылық сауаттылықты дамытумен айналысады және ағымдағы әлемдегі ситуацияны ескере отырып, осы бағытта өз қызметін мейлінше дамытуды мақсаты етеді.

«Біздің барлығымыз үшін негізгі сұрақ – жеке қаржылық қызметті қамтамасыз ету жолдары. Ағымдағы күрделі мезгілде бізге аз қорғалған азаматтарға қолдау көрсету маңызды. Ересек тұлғаларға қаржылық сауаттылық бойынша жоба өте маңызды және қажетті екендігін растады. Және біз адамдарға кез келген қиыншылықтармен күресіп, жеңіске жету үшін көмектесу маңызды» – деді Solva МҚҰ бас директоры Анна Максимова.

Жоба студенті Олеся Ибраева қаржылық сауаттылық бойынша курстар оған отбасының табысы мен кірісін дұрыс құрылымдау, сонымен бірге жалақыдан жалақыға дейін өмір сүруді тоқтатуға көмектескендігі туралы айтты.

«Біз әдетте өзіміздің табысымыз бен шығындарымыз, қаражатты қалай жұмсағанымыз туралы ойланбаймыз. Осы курстан кейін менде тұрақты және міндетті шығындардың бар екендігі туралы пікір қалыптасты. Жаңа білімді өмірде пайдалануды бастадым және оң динамиканы көрудемін» – деді Олеся өз сөзінде.

Олеся курстарға бару көптеген адамдарға қолжетімді емес екендігін айтты. Сол себептен қаржылық сауаттылық бойынша жобалар көптеген қазақстандықтар үшін өте қажетті.

«ITeachMe қорына, ұйымдастырушыларға және лекторларға ұсынылған мүмкіндік үшін алғысымды білдіремін. Нарықта мұндай курстар қымбат, жаңа білім алу барлығына қолжетімді емес. Болашақта мұндай курстар ұйымдастырылса, міндетті түрде тағы қатысамын» – деді Олеся.

№1 Қаржылық сауаттылық мектебінің директоры және курс жүргізушісі Акжунис Брасилова  әлемдегі белгісіздік адамдарға және халықтың осал топтарына елеулі қысымды көрсететіндігін айтты. Дәл осы сәтте ақша қандай қағидаттар мен заңдарды сақтау маңыздылығын растады.

«Күрделі кезеңдерде қаржы әлемін түсіну өте маңызды машық. Ал мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін қаржылық сауаттылық сұрағы аса өзекті. Қаржыны басқару машығы есебінен тұрақтылықты сақтау, тұрақсыз экономикалық ситуацияда минусқа кетіп қалмауға болады» – деді Брасилова ханым.

Қаржылық сауаттылық негіздерін түсінудің және курсқа қатысудың негізгі артықшылықтарының бірі – курс қатысушылары тарапынан ақпаратты басқа адамдарға беру машығы.

«Ерекше адамдар өте рақымшыл және алған білімін өмірде бірден пайдалана бастайды. Сол себептен егер оларда қандай да бір қаржылық машық қалыптасса, олар ақпаратпен бөлісе алады және осылайша еліміздегі қаржы саласындағы сауатты адамдардың санын артуына алып келеді» – деп сөзін Акжунис Брасилова қорытындылады.