Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Облигацияның басқа қаржылық құралдардан қандай артықшылықтары бар?

Облигациялар аса танымал емес, алайда инвестиция құралдарының ішінде ең табысты құралдардың бірі болып саналады. Сенімділік тұрғысында қарастыратын болсақ, облигациялар банктік депозиттерге бәсекелес ретінде қарастырылады. Қазақстандағы Solva компаниясы  осы қаржылық құралдың негізгі артықшылықтарын қарастырды.

Пандемия кезінде қазақстандықтар инвестициялаудың түрлі құралдарын пайдалана отырып, қаражатты жинау мен оны арттырудың маңыздылығы туралы ойлана бастады.

Әдетте халық арасында қаражат жинаудың ең танымал тәсілі – ақшаны банкте немесе шетел валютасында сақтау. Осыған дейін Қазақстандағы Solva тобының мамандары жүргізген сауалнама нәтижелеріне сүйенетін болсақ, еліміздің тұрғындарының 20%-ы өткен жылы ақша жинаудың осы тәсілін таңдаған екен. Респонденттер осы құралды аса тиімді және қауіпсіз деп көрсеткен. Жылжымайтын мүлікті сатып алу қазақстандықтардың пікірінше, инвестициялаудың басымды тәсілдеріне кіретіндігін және мүмкіндігінше осы нарықта сауалнамаға қатысқан 17% респондент растаған.

Алайда бүгінгі күнгі жағдай бойынша капиталды арттырудың аса тиімді механизмдері де бар. Мысалы, экономиканың түрлі секторындағы жеке компаниялардың облигациялары.

Облигациялар қор нарығындағы негізгі құралдардың бірі ғана емес, компаниялар, ұйымдар мен қорлар бизнеске қаражат тарту үшін шығаратын құнды қағаз болып табылады. Әдетте облигациялар есебінен инвесторлардан алынған қаражат ұйымнан ары қарай табыс алу мақсатында қызметті дамытуға жіберіледі.

«Облигацияны табыс алуға мүдделі инвесторлар таңдайды және инвесторлар өз қаражатын теңгенің ауытқуларынан қорғауды басымды мақсаты ретінде қояды. Бұл ретте акцияларға қарағанда, облигацияны сатып алу тәуекелдікке мейлінше аз ұшырайды», – деп көрсетті Қазақстандағы Solva компаниясы.

Осылайша инвесторлар үшін облигациялардың негізгі артықшылықтары – жоғары сенімділік (мысалы, акциялармен салыстырғанда), банктік депозиттермен салыстырғанда аса жоғары табыстылық. Компания облигацияларының мөлшерлемесі 20%-ға жетуі мүмкін.

Мысалы, «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» компаниясы өткен жылдан бастап облигациялар нарығының белсенді қатысушысы болып табылады. Бұған қоса қарыздық қағаздарды шығарған Қазақстан тарихындағы алғашқы микроқаржылық ұйым. Бірінші шығарылым 4 млрд. теңгені құрап, қысқа мерзім ішінде сатылды. Компания 2021 жылғы 18 наурызда фInternational Exchange (AIX, AIX Market Notices | AIX) биржасында облигацияларды жаңадан жариялауды жоспарлаған.

Компанияның деректеріне сүйенсек, шығарылым көлемі 7 млрд. теңгені құрайды, купон мөлшерлемесі айналымның алғашқы екі жыл ішінде жылына 18,5%-ды, ал айналымның үшінші жылында 18%-ды құрайтын болады. Бір қағаздың номиналды құны 1 мың теңгені құрайды. Бұл ретте купонды төлеу ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын болады.

 

«ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС үшін осы шығарылым бағалы қағаздардың рекордты көлемінде (7 млрд. теңге) ғана емес, сонымен бірге купонды ай сайынғы төлеу табыстылығы жоғары облигациялар ұзақ мерзімді банктік депозиттер ұқсас етеді. Облигация иелері бағалы қағаздың немесе банктік депозиттің купондық табысын ай сайын қайта инвестициялау есебінен өтеудің тиімді табыстылығын арттыра алады» – деп «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС пресс-қызметі атап көрсетті.

Қазақстандық қаржылық биржа (KASE) деректері бойынша ағымдағы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша корпоративтік облигациялар нарығының көлемі 14,4 млрд. теңгені құраған. Бұл ретте биржа тізімінде 70 эмитент компанияның облигациялары бар.

 

Қазіргі таңда жеке тұлғалар корпоративтік қарыз нарығына қызығушылық танытып келеді. Осылайша облигациялардың алғашқы нарығындағы жеке тұлғалардың үлесі 0,5%-ды құраса, екінші нарықта 1,2%-ға (салыстыратын болсақ, қаңтар айында осы сан эмитенттің жалпы санының 0,4%-н құраған) тең болған.

Бағалы қағаздар орталық депозиторийінде 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жеке тұлғалар 140 000 астам дербес шоттарды ашқан. Бұл ретте жылдың басынан ай сайынғы өсім шамамен 4 мың шотты құраса, жылдың басынан өсім 7,803 шотты құраған.

Анықтама үшін:

«ОнлайнКазФинанс» МҚҰ»  Қазақстан нарығында 4 жылдан аса қызмет көрсете отырып, елімізде жеке тұлғалар мен ШОБ субъектілеріне онлайн режимде қарыз беруді жүзеге асыратын алғашқы микроқаржылық компанияға айналды. Компания 2018 жылдан бастап таза табыстың екі мәнді тұрақты өсімін көрсетіп келеді. 2020 жылдың 9 айының нәтижелері бойынша табыс 2,2 млрд. теңгеі құраған. Қорландыру құрылымындағы жеке капиталдың үлесі (2018 ж. 6,4%-дан 2019 ж. 23,2%-ға және 2020 жылдың 9 айы ішінде 28,6%-ға жеткен) компанияның жоғары сенімділігі мен кредитке қабілеттілігін көрсетеді. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішіндегі «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС-ның кредиттік портфелі екі есе артып, 2020 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 36 млрд. теңгені құраған.