Solva Шығыс Қазақстан облысында қаржылық сауаттылық бойынша семинарларды өткізді
Қазақстандағы Solva Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесе отырып, Өскемен қ. қаржылық сауаттылық бойынша үшкүндік семинарды өткізді. Семинар барысында өңірдегі қаржылық сауаттылықпен және кәсіпкерлік қызметпен байланысты күрделі сұрақтар қарастырылды.
ҚР Ұлттық банкі ұсынған деректерге сәйкес Шығыс Қазақстан облысы өңірлер бойынша республикада қарыз деңгейі бойынша бесінші орында екен. Осылайша 2021 жылдың мамыр айы ішіндегі деректер бойынша ШҚО-да банктермен берілген кредит көлемі 53,3 млрд. теңгені құрап, жылдың басынан 60%-ға (қаңтар айындағы көрсеткіш 32,9 млрд. теңге) артты. Кредиттеу көлемімен қатар мерзімі өткен берешек деңгейінің артатындығы анық. Соның нәтижесінде өңірде қаржылық сауаттылықты дамыту сұрағы өткір тұрғандығы белгілі болды.
Осылайша Solva тобы Өскемен қ. жүргізілген семинарлар нәтижелері бойынша қаржылық біліммен байланысты бірқатар проблемалық сұрақтарды анықтады.
«Шығыс Қазақстан облысындағы өмір сүру деңгейі аса жоғары, алайда өңірде қаржылық алаяқтықтың елеулі деңгейі байқалуда. Халық арасында қаражаттың болуына байланысты белсенді түрде түрлі жаттықтырулар мен білім беру лекциялар өткізіледі, бірақ мұндай іс-шаралар қаржылық сауаттылық түсінігін бермейді, әдетте қаржылық өнімдерді насихаттайды», – деді қазақ тіліндегі кейстерді сипаттаған «№ 1 қаржылық сауаттылық мектебінің» директоры Акжунис Брасилова.
Мұндай аспект жергілікті тұрғындарды дұрыс емес шешімдерден қорғау үшін облыстағы қаржылық сауаттылықты дамыту бойынша тиімді жұмысты жүргізудің белсенділігін одан әрі арттырады.
«Жаттығулардың қатысушылары ақпарттың жоғары деңгейі мен тиімділігін бағалады. Тыңдаушылардың көпшілігінде қаржылық өнімдер мен қызметтер туралы түсінік қалыптасқан және оларда негізгі деңгейде жеке қаржыны жүргізу машықтары да бар. Бұл ретте оларға даму, кредиттеу құралдары туралы ақпарат пайдалы болды, қаражатты жинау механизмдеріне жоғары баға берілді», – деді «Сәтті қаржыландыру» курсының авторы Роман Маргацкий.
ШҚО-да өткізілген қаржы туралы білім беру семинарларын өткізу өзектілігі қарыз жүктелімін төмендету және қаржылық алаяқтықтың алдын алу қажеттілігімен ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлерге көмек көрсету мақсатына да тікелей байланысты.
«Неліктен қазіргі таңда кәсіпкерлер аса сәтті бизнес жүргізе алмауда? Себебі олар қаржыны басқара алмайды, бизнес-модельдеу негіздерімен таныс емес, қаржылық менеджментті, бастапқы бухгалтерлік есептілікті білмейді», – деді ШҚО іскерлік әйелдердің өңірлік кеңесінің төрағасы Елена Березинская – Абилова.
Оның сөзіне сүйенсек, қаржылық сауаттылық бойынша жаттықтырулардың құндылығы олардың ақпаратқа толықтығы және тиімді берілуінде. Әдетте қаржылық сауаттылықты арттыруды қалайтын кәсіпкерлер жақындары мен отбасы мүшелерін тыңдай бермейді және уәждемелік бизнес-жаттығуларға жиі жүгінеді. Әрине, мұндай жағдайда, қаржылық сауаттылық бойынша семинарлар халыққа күрделі қаржылық ситуациялардың алдын алуға елеулі деңгейде көмек көрсетеді.
«Мені осы семинарлардың концепциясында ұсынылған кейстер толық қанағаттандырды. Алаяқтық, қаржылық сауаттылық, кредиттеу туралы ақпарат толық және қол жетімді түрде түсіндірілді, барлық аспекттер бойынша толық жауап берілді», – деп сөзін қорытындылады Елена Березинская – Абилова.
Осыған дейін өткізілген семинарға облыста қызмет атқаратын ондаған кәсіпкерлер қатысып, мұндай кездесулерді жиі өткізу қажеттілігін атап көрсеткен.
«Мен бірнеше жыл қатарынан ерлер мен әйелдерге арналған киім-кешекті шығарумен айналысамын. Алайда бизнес ерекшеліктеріне байланысты тұрақты негізде қаржылық қиыншылықтар да пайда болады. Кейде тапқан қаражат тек қана қызметкерлердің жалақысына жетеді. Мұндай семинарлар өз бизнесіңе не жетіспейтіндігін көруге және не себептен тұрақты табысқа шығу мүмкін емес екендігін түсінуге көмектеседі. Лекциялардың нәтижелері бойынша шығындармен және менеджментпен байланысты сұрақтарды қайта қарастыру қажет», – деді семинар қатысушыларының бірі, Өскемен қ. тігін цехінің жетекшісі Анара.
Кәсіпкерлердің ішінде қаржылық біліммен байланысты емес кәсіпорын өкілдері де болды. Алайда семинарға қатысқан ара ұяларының иесі Русланның сөзіне сүйенсек, омарта шаруашылығы басқа бизнестен ерекшеленбейді.
«Омарта шаруашылығындағы жұмыс қатаң есептілік пен бизнес-жоспарлауды талап етеді. Мұндай бизнес бір қарағанда ғана тәтті көрінеді, шын мәнінде, негізгі білімге ие болмастан бизнес жүргізу өте қиын. Менің ара ұялары бар таныстарым көп, алайда олар дұрыс қаражат таба алмауда. Мен лекцияға сарапшыларды тыңдау, бизнесте қолдануға болатын жаңа білімді алу үшін келдім. Іс-шарада айтылған кейбір ұғымдарды білсем, кейбір түсініктерді бірінші рет естідім», – деді қатысушы.
Семинарлар қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылды. Лекциялар осыған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бекіткен 2020-2024 жж. Қаржылық сауаттылықты арттыру тұжырымдамасының негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленген. Іс-шараны Қазақстандағы Solva тобы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесе отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған.