Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Қаржылық және цифрлық видео – сауаттылық: “Кредиттік тарих”

«Қаржылық және цифрлық видео – сауаттылық» курсының бірнеше мақсаттары бар:

  • Кредиттік өнімдер мен қаржылық құралдар туралы білімді арттыруф;
  • Кредиттеу мен кредиттеу бағдарламаның ерекшеліктерін талдау;
  • Қаржылық операцияларды цифрландырумен байланысты соңғы кездерде жиі орын алатын алаяқтық фактілерінен қорғану жолдары мен әдістерін қарастыру.

Видео – курс 5 тақырыптан тұрады:

Екінші тақырып – «Кредиттік тарих».

Кредиттік тарих дегеніміз не? Кредиттік өнімдердің пайдаланушыларына неліктен кредиттік тарихты мұқият бақылау қажет? Қатысушылар осы секілді сұрақтарға жауап алады. Кредиттік тарих – сіздің қарыздарыңыз бен берешек сомаларыңыз туралы ақпарат. Кредиттік тарихта сіз шоттарыңыз бойынша қалай төлем жасағандығыңыз, қарыздардың болуы, төлем кестелері бойынша төлемнің уақытылы төленетіндігі, мерзімі өткен төлемдердің болатындығы туралы ақпарат көрсетіледі.

Егер сіз өміріңізде кемінде бір рет тауарды кредитке сатып алсаңыз немесе кредитті банкте немесе микроқаржылық ұйымдарда ресімдесеңіз, сізде кредиттік тарих пайда болады. Мұндай кредиттік тарих заңды және жеке тұлғаларда қалыптастырылады. Кредиттік тарихтар туралы толық ақпарат «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледі.  Толығырақ Анель Шакенованың видео – курсында https://www.youtube.com/watch?v=T3fWENMV_Ic