Жеке клиенттерге Бизнес үшін

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

Қазіргі таңда кез келген ересек адамға қаржы саласында сауатты болу өте маңызды екендігі туралы тезисті барлығы біледі. Сұрақтың өзектілігін үкіметте түсінеді. Осылайша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 338 қаулысымен Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020 – 2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген.

Бұған қоса тиісті білім беру бағдарламаларын Швеция, Ұлыбритания, АҚШ және т.с.с. әлемнің көптеген мемлекеттерінде мектептен бастап беріледі. Дамыған мемлекеттердің тәжірибесі балаларға қаржыны пайдаланудың негіздерін ерте жастан бастап үйрететіндігін көрсетуде.

Қаржылық сауаттылықтың не екендігін және оны күнделікті өмірде қалай пайдалануға болатындығын толығырақ талқылайық.

«Қаржылық сауаттылық» түсінігі қаржы саласындағы ықтимал құрал-саймандарды практикада қалай сәтті пайдалануға болатындығын түсіндіруге мүмкіндік беретін білім мен машықтың жиынтығын білдіреді.  Соның нәтижесінде адам табысты жинауды, бюджетті сауатты жоспарлауды және шығындарды рационалды жаратуды үйренеді. Экономикада тұрақсыздық болған кезде бұл болашаққа деген сенімділікпен қарауға мүмкіндік береді.

Ақша тауып, оны кез келген тауарға немесе қызметке жұмсауды әрбір адам біледі. Неліктен қаржылық сауаттылық қаржының кәсіби саласына қатысы бар екендігін түсінген өте маңызды.

Егер бір жан-жағымызға қарасақ, жалақыдан жалақыға дейін қиыншылық көретіндердің, қалағанын алмай, капиталды арттыруды қалайтын адамдардың саны көп екендігін байқаймыз. Тағы бір кеңінен таралған ситуация – қарызға алынған қаражатты сауатсыз пайдалану себебінен борышқорлық шұңқырға түсу. Бұған қарамастан шағын ғана қаражат алса да, қаржыны тиімді басқара алатын адамдар да бар екені анық.

Қаржылық сауаттылық неден басталады?

Әрбір адамға қол жетімді қарапайым негіздері келесідей: отбасылық бюджетті бақылау, кеңінен таралған қаржылық өнімдер мен қызметтерді сауатты пайдалану машықтары. Оған банктік карточкаларды пайдалану, салымдар бойынша табысты есептеу, кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлік жүктелімді есептеу, ақшалай аударымдарды жіберу, коммуналдық қызметтерді төлеу кіреді. Біз осындай әрекеттерге күн сайын жолығамыз.

Көптеген адамдар үшін қаржылық сауаттылық сұрағы өзекті болмауы ықтимал, ал кейбір адамдар бұл тақырыппен тіпті айналысуды қаламайды. Өзіне және жақындарына өмірдің жоғары деңгейін қалыптастыруды, ақшаны қалай жаратуды, қосымша табыс табудың көздерін табуды, оны көбейтуді қалаған адам өзінің қаржылық білімін дамытуға тырысады.

Қазақстандағы IDF Eurasia тобының (Solva және Moneyman брендтері) жаңа жобасына қаржылық сауаттылық порталына қош келдіңіз!