Ай сайынғы төлем сомасын немесе кредит бойынша артық төлем сомасын азайту секілді сұрақты шешу үшін қайта қаржыландыру көмегіне жүгінсе болады. Қазақстандағы IDF Eurasia тобы (Solva және MoneyMan брендтері) осы қызметтің оң және теріс жақтарын қарастыруды ұсынады.
Кредитті қайта қаржыландыру ай сайынғы қаржылық жүктелімді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Қайта қаржыландыру ағымдағы ескі кредитті тиімді шарттар қарастырылған жаңа кредитпен алмастыруды білдіреді.
Ол үшін банк немесе микроқаржылық ұйым қарыз алушыға бір немесе бірнеше ағымдағы кредиттерді толық немесе ішінара өтеуге қаражат ұсынады. Одан кейін қалған қарыз сомасын төлеу жаңа өтеу кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Бұл сонымен бірге қосымша ақша алуға мүмкіндік береді, себебі қайта қаржыландыру барысында қарыз алушы алған сома қарызды өтеуге қажетті сомадан жоғары болуы ықтимал. Қайта қаржыландыруды ағымдағы кредит берген ұйымда жүргізуге болады, бұған қоса басқа ұйымның қызметіне жүгіну де қарастырылған.
Осылайша бірнеше кредиттерді бір кредитке біріктіруге, ай сайынғы төлем сомасын азайтуға, кредитті төлеуді тездетуге немесе сыйақы мөлшерлемесін төмендетуге болады. Бұл ретте ай сайынғы сыйақы сомасын төмендету кейбір жағдайларда жалпы қарыз көлемін арттыруға алып келетіндігін ескерген жөн.
Мысалы, ағымдағы кредит бойынша қарыз 500 000 теңге делік. Қарыздың 200 000 теңге мөлшеріндегі сомасы төленді, берешек қалдығын төлеу үшін бір жыл уақыт қажет. Ай сайынғы төлем сомасы 52 мың теңге. Алайда қарыз алушының қаржылық жағдайының төмендеуі есебінен оған ай сайынғы төлем сомасын қысқарту қажет. Ол үшін кредитті 2 жылға қайта қаржыландыру қажет. Осылайша кредиттік жүктелімді 30 мың теңгеге дейін төмендетуге болады, бұл ретте қарыздың жалпы сомасы 600 мың теңгеге дейін артады.
www.Solva.kz МҚҰ кредитті қайта қаржыландырудың тиімді тәсілдерінің бірін ұсынады. Қиыншылықтар туындаған жағдайда, қарыз алушылар кредитті 2 млн. теңгеге дейінгі сомаға дейін қайта қаржыландыра алады. Бұл ретте кредитті төлеу мерзімі 6 айдан 3 жылға дейін болады, осылайша ай сайынғы төлем сомасын қарыз алушы өзіне тиімді мөлшерге дейін төмендетеді. Қарыз алушының қаржылық ситуациясы төмендеген жағдайда, кредитті қандай да бір айыппұл санкцияларынсыз мерзімінен бұрын өтеуге болады.
Әдетте қаржылық ұйымдардың клиенттері әдетте 5 млн. теңгеге дейінгі кредитті 6 айдан басталатын мерзімге қайта қаржыландырады. Бұл ретте сыйақы мөлшерлемесі жылына 30%-ға дейін жетуі ықтимал. www.Solva.kz МҚҰ-да сыйақы мөлшерлемесі 19,9%-дан басталады. Бұл ретте банктегі кредитті қайта қаржыландыру әрқашан мүмкін емес. Қызмет мерзімі өткен төлемдері бар клиенттерге көрсетілмейді. Қайта қаржыландырудан бас тартудың жиі себептерінің бірі – табыстың сәйкессіздігі. Әдетте төлем көлемі клиенттің ай сайынғы табысының 40%-нан аспауы тиіс. www.Solva.kz МҚҰ банкте өтінімі мақұлданбаған клиенттерге кредитті өздеріне тиімді шарттармен қайта қаржыландыру мүмкіндігін береді. Қарыз алушы өзінің жеке басын куәландыратын құжат пен берешек туралы анықтаманы ұсынуы қажет. Ары қарай өтінім мақұлданады, ал қаражат банктік картаға аударылады.