Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Шымкент қ. тұрғыны Улжалгас Агатаева көлік жууға арналған құралдардың өндірісі бойынша бизнесті қалай ойлап тапқаны туралы айтып берді.

Улжалгас АгатаеваКөлік жууға арналған құралдардың өндірісі бойынша бизнес
Solva клиенті
Әйел ісі

Бизнес туралы идея сізге қалай келді?

Бір күні досыммен қала сыртындағы демалыстан қайтып келе жатып, көлік жуу нүктесіне кірдік. Қызметкерлер көлікті жуып жатқан кезде маған жеке бизнес туралы идея келді.

Көлік жуатын қызметкерлер қандай шығыс материалдарын және қандай бағамен сатып алатындығы мені қызықтырды. Сатып алынатын негізгі тауар көлікті жууға арналған жуғыш құралы екен, оны көлік жууғыштар “сусабын” деп атайды екен. Құралды Еуропадан әкелгендіктен, Қазақстанға жеткенге дейін оның құны елеулі түрде жоғарылайтындығы, алайда оның өндірісі өте қарапайым екендігі анықталды. “Сусабынды” жасау үшін концентраттарды қажетті пропорцияда араластыру, су құю және оны канистрларға құю. Сұйықтық пен канистрді Шымкенттен таптым, ал концентраттарды Қытайдан тапсырыспен алдырамын.

Басқа мемлекеттен өнім жеткізушісін табу қиын ба?

Менің шағын бизнесім бар. Kaspi сатып алушыларына жиһаздарды онлайн сатумен қосымша айналысамын. Менің серіктесім Қытайда тұрады және біз 6 жыл бойы серіктес болып келеміз. Мен ол арқылы таңғы асқа арналған шағын үстелдерді және тартпалы шағын жәшіктерді сатып аламын. 2 ай ішінде 200 дана тауар сатамын. Бұл бизнес қазір аса үлкен қаражатты талап етпейді. Қытайда серіктесім болғандықтан, жеткізіліммен қиыншылықтар туындамады.

Жеке ісіңізді бастаған кезде қандай қиыншылықтар болды?

Мен бизнесті ешкімнің көмегінсіз өзім аштым. Менің күйеуімнің автокөлік жуатын нүктесі бар. Кейбір сұрақтар бойынша кеңес сұрағаным болмаса, үдерісті басынан аяғына дейін өзім басқардым. Өндірісті бастау үшін қаражат болмады, сол себептен Solva компаниясынан микрокредит алдым. Қоршаған ортамдағы адамдар “Бұл істі не істейсің?” деген сұрақты қойғандарына қарамастан, мен өз арманымды жүзеге асырдым.

Басында мен концентраттардың құрамы туралы ештеңе білмедім. Осылайша ыдыс-аяқ жууға арналған сұйықтықты жіберген адал емес жеткізушіге тап болдым. Ортадағы өтірік көлік жуу барысында көпіршіктің көп болуы себебінен анықталды. Қателер болатындығы анық, ең бастысы, сабақ алу және әрқашан үйренуден шаршамау қажет.

Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?

Онлайн-дүкен ашу жоспарда бар, себебі қазір барлық сауда әлеуметтік желіге өткен. Менің қаламда бәсекелестер жоқ, алайда ірі қалаларда бар. Сол себептен дамуға тырысу қажет.

Отбасыңыз сіздің бизнесіңіз туралы не ойлайды?

Күйеуіме әдетте менің тапқырлығым ұнайды. Оның жеке автокөлік жуу нүктесі бар, тиісінше біздің бизнестерім бір бірін толықтырады.

Балаларыңыз бар ма?

Иә, менің төрт балам бар. Үлкен қызым 12-де, ең кенже ұлым – екі жарым жаста. Бізге ешкім көмектеспейді, ата-аналарымыз басқа қалада тұрады. Сондықтан өзімізге ғана сенеміз. Үлкен қызым кіші балаларыммен көмектеседі.

“Ерлерге арналған бизнесте нең бар? Көлікпен байланысты бизнес – ерлерге арналған іс” деген пікірді жиі естідіңіз бе?

Иә, қиыншылықтар болды. “Бұл іс әйелдерге арналмаған, барлығын түсіну қиын болады” деген пікірлер де болды. Оған қарамастан, ішкі күш қуатым алдыға итермеледі. Өз көзіммен нәтижені көрмегенше тоқтамаймын.

Өз ісін ашуды қалайтын әйелдерге беретін кеңесіңіз

Қорықпаңыздар! Қазір бизнес үшін мүмкіндіктер өте көп. Біз өзіміз және балаларымыз үшін қаржылай тәуелсіз болуымыз қажет.