Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Талдықорғанда «Әйел және ақша» атты 2023 жылдың алғашқы семинары өтті

Іс-шаралар
  • #Әйелменақша

25 ақпанда Талдықорғанда «Әйел және ақша» циклінен 2023 жылғы бірінші қаржылық сауаттылық тренингі өтті. Білім беру семинарларының сериясын Solva компаниясы «Әйелдер ісі» атты жеке платформасының базасында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (ҚНРДА) және «№1 Қаржылық сауаттылық мектебімен» бірлесіп өткізуде.

Тренингке 60-тан астам әйел қатысты, олардың арасында қалаға жақын орналасқан ауылдардан келгендер бар. Семинар барысында қатысушылар өз бюджеттерін тиімді жоспарлау және жүргізу, бизнесті және жеке мақсаттарды дамыту үшін несие қаражатын дұрыс пайдалану, сондай-ақ өздерін ықтимал қаржылық тәуекелдерден қорғау жолдарын үйренді. Сондай-ақ, семинар қонақтары өздері, кәсіптері туралы айтып, бір-бірімен танысты және іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік алды. Қарашоқыдан келген кондитер Индира Шабденова бұл шараның өте пайдалы болғанын айтады.

«Мен өз бюджетімді ешқашан жоспарлаған емеспін. Тапқан ақшаның барлығын өндіріске салып жүрдім. Нәтижесінде жыл сайын табысым өспеді. Семинарда мен мұның себебін түсіндім – тек шығыстарды ғана емес, барлық ақшаның қозғалысын жоспарлауым керек».

Бұл 2023 жылға жоспарланған 11 семинардың бірінші тренингі. Білім шаралары бұрын өтпеген қалалар мен елді мекендерде ұйымдастырылады. Бұған дейін мұндай семинарлар Астана, Қарағанды, Түркістан, Шымкент және Шелекте өткен болатын.

«Әйел және ақша» білім беру бағдарламасының мақсаты – Қазақстандағы кәсіпкер әйелдердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру және өз ісін ашу және дамыту мүмкіндіктерін кеңейту.