Кәсіпкер Асыл Әшімова өз ой-пікірімен бөлісті. 2018 жылы ол перде тігу ісін ашты, бірақ көпұзамай бизнесті сатуға мәжбүр болған. Кәсіпкер бізге кәсіп бастау үшін қандай бюджет қажет екендігін айтты.
*Аты-жөні бизнес иесінің өтініші бойынша өзгертілді.
Жеке салонымды ашпас бұрын мен бірнеше жыл Астанадағы элиталық салондардың бірінде перде дизайнері болып жұмыс істедім. Бұл алтын уақыт болды: адамдар үйлерінің интерьеріне үлкен ақша жұмсайтын. Осы толқында 2018 жылы жеке салонымды ашуға шешім қабылдадым. Тапсырыс берушілер жағынан қиындық тумады. Бұрынғы жұмыс орнымда клиенттерімнің базасы қалыптасып қалған, соларды өзіме шақырдым. Дизайнермен бірге сатып алушылар кетеді, ондай жағдай біздің бизнесте жиі кездеседі.
Алғашында мен маталардың үлгілерін клиенттердің үйіне апарып, жұмыс жасайтынмын.Перделерді өзім тігетінмен немесе үйден жұмыс жасайтын тігіншілерге тапсырыс беретінмін, сондықтан офлайн нүктені ашу қажеттілігі болмады. Тігіншілерге еңбегіне қарап ақша төледім. . Айына орта есеппен 100-150 мың теңге. Маталарды клиенттердің сұрауы бойынша сатып алатынмын.
Уақыт өткен сайын маталардың үлгілері көбейе бастады. Оларды өзіммен алып жүру мүмкін болмады, ал клиенттер болса, толық ассортиментті көргісі келді. Салон ашсам, сату көлемі артады деп ойладым. Сол кезде танысым ғимаратын қолайлы бағада жалға алуды ұсынды. Осылайша 2019 жылы өз салонымды аштым. Қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдым, итальяндық және түрік маталарының үлкен партиясына тапсырыс бердім, жұмысшыларды жалдадым.
ШЫҒЫНДАР | СОМАСЫ, теңге |
Janome өндірістік автоматты тігін машинасы2 дана | 150 000 |
Торлағыш (оверлок) | 290 000 |
Өндірістік үтік | 60 000 |
Бу үтігі | 45 000 |
Маталар мен маталардың үлгілері | 2 000 000 |
Фурнитура мен тігуге арналған басқа да заттар | 500 000 |
Өнімді пішуге арналған үлкен үстел | 170 000 |
Маңдайша жазу | 20 000 |
БАРЛЫҒЫ | 3 235 000 |
Ай сайынғы орташа табыс – 300-500 мың теңге. Бұл ақшадан жалгерлік құнды, қызметкерлердіңжалақысы мен салықты төлеу қажет.
Ғимаратты жалға алу | 120 000 |
Жалақы | 250 000 |
ЖК ретінде аударымдар | 44 700 тг. бастап 71 700 тг. дейін |
Жеңілдетілген салық «табыс», 3% | 2023 жылға дейін босатылған |
Кейбір айларда минусқа кеттім. Шығындарды кірісі жоғары болған келесі айлар есебінен жауып отырдым. Перделердің сатылымына жыл маусымдары да әсер етеді. Мысалы, Жаңа жыл мен 8 наурыз алдында сұраныс жоғары, ал қалған уақытта сұраныс едәуір азаяды.
3 235 000 тг. көлеміндегі жұмсалған соманы бір жыл ішінде қайтарып алуға болады.
Бірнеше жыл өтті, алайда перде өндірісі мен оны сату үлкен табыс әкелмеді. Тапқан ақшажалгерлік ақыны, жалақыны төлеу мен майда шүйде шығындарды өтеуге ғана жетті. Ірі және табысты бизнес жасай алмадым. Бұл шырғалаң шеңберге айналды. Ақша тапсаң жалақы бер, жалгерлік ақыны төле және тағы басқа шығындарды өте дегендей.
Бизнестің өзін-өзі ақтамауының бірнеше себебі болды:
Перделерді тігу үшін біз тек қана аса сапалы люкс маталарды пайдаландық, сол себептен олардың құны орташадан жоғары болды. Астанада төлем қабілеттілігі жоғары клиенттер перде алу үшін Сол жағалаудың орталығында орналасқан көрнекті салондарға барады. Ал біздің салон көзге көрінбейтін, ескі әрі жақында бұзылуы тиіс ғимаратта орналасты.
Люкс сегментіндегі сатып алушылар үшін қымбат салон мен оның интерьері үлкен рөл атқарады. Бізге мұндай жағдай жасауға қаражат жетпеді. Бұған қоса салонның жалпы алаңы бәсекелестерден қарағанда кішірек болғандықтан, шоу-рум жасау мүмкіндігі де болмады.
Перде өндірісі бизнесінде бәсекелестік өте жоғары. Көптеген салондар маркетингке, клиенттердің санын арттыруға, салонды әшекелеуге және персоналды оқытуға қаржы бөледі. Менің бизнесті дамытуға қаражатым болмады. Әрине, мен Инстаграмды, 2ГИС-ті дамытуға тырыстым. Бірнеше рет жарнама сатып алдым, осыдан кейін өтінімдер болғанымен, сатылым аз болды. Перде – бұл сатуға күрделі тауар, себебі оның құны айтарлықтай жоғары. Сатып алушылар салыстырады, түрлі нұсқаларды қарайды, ұзақ ойланады, сатып алуды кейінге қалдырады немесе бәсекелестерге жүгінеді. Көбісі сапалы пердені арзан бағаға сатып алғысы келеді.
Нәтижесінде бәсекелестікке шыдамай, осы жылы бизнесімді сатуға қоюға мәжбүр болдым.
Жеке іс ашпас бұрын мүмкіндіктеріңізді бағалап, бизнес-ортаны зерттеңіз. Мен болсам барлығын интуитивті түрде жасадым. Бизнесті алдын ала зерттегенде салонның өзін-өзі ақтауын түсінетін едім. Мүмкін онлайн түрде және клиенттердің үйіне барып жұмыс жасаунұсқасын таңдайтын едім.
Мен өзім тіккен перделерімді маркетплейстер арқылы сатуға шешім қабылдадым. Маркетплейстерді зерттегеннен кейін, алғашында үлкен салымды талап етпейтін түрінтаңдадым. Салонмен байланысты тәжірибем мені талдауға және ойланып шешім қабылдауға үйретті.
Маркетплейсте небәрі бір апта ішінде орташадан жоғары бағаға 3 перде саттым. Бұл тек бастамасы екендігіне сенімдімін.