Павлодарда Solva компаниясы өткізген қаржылық сауаттылық бойынша тренингке 80-нен астам әйел, тәжірибелі және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қатысты.
15-сәуірде Solva серіктестермен, №1 Қаржылық сауаттылық мектебімен және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (ҚНРДА) бірлесіп тренингке қатысушыларға қаржылық жоспарлау, несиелерді сауатты пайдалану, қаржылық тәуекелдерді болдырмау туралы айтып берді.
Семинар қонақтары, олардың арасында ірі жергілікті әйелдер қауымдастығының қатысушылары өз әсерлерімен бөлісті:
«Өте қызықты тренинг, қажетті және пайдалы ақпарат алдық, барлығы мәнді. Жоғары деңгейде ұйымдастырылды»
«Бухгалтерлік есеп, бюджетті жоспарлау және несиелерді өтеу туралы білу пайдалы болды»