Tubeteikaz брендінің негізін қалаушы Азиза Ізім өз тәжірибесімен бөліседі.
Азиза Ізім, Tubeteikaz брендінің негізін қалаушы
Бала кезімде мен қобызда ойнаушы едім. Бізді жиі шетелдік байқауларға шақыратын. Өнер көрсету үшін біз әдемі және жарқын ұлттық костюмдерді киетінбіз. Бірақ маған басымызға киетін тақия ұнамаушы еді. Сол кезде менің ойымда қазір тігіп жатқан тақиялардың бейнесі пайда болды.
Кейінірек маған қазіргі жастардың киім кию үлгісіне тақияны қосу туралы ой келді. “Бүгінгі заманды біздің тарихымызбен әшекейлеу” менің девизіме айналды.
Ата-анам үй сала бастаған кезде барлық қаражат құрылысқа кетті. Отбасымызда дағдарыс басталды. Сол сәттен бастап өзім ақша табамын деп шешім. 15 жасымда Астанадағы медициналық колледжге түстім, оқу мен жұмысты қатар алып жүре бастадым. Кейінірек университетте дефектолог мамандығы бойынша білім алып, балалармен жұмыс істей бастадым. Қосымша сағаттар алып, жас маман үшін жақсы табыс таба бастадым.
Тапқан ақшама өз ісімді бастадым. Біртіндеп барлық қажетті заттарды: мата, мәшінке, фурнитураны сатып алдым. Жұмыстан сұранып, үйде тақия тіге бастадым. Әрине, бұл табысымның төмендеуіне алып келді. Ісін енді бастаған кәсіпкерлер кез келген жағдайға дайын болуы тиіс.
Мен әлі күнге дейін дефектолог жұмысын және жеке ісімді қатар алып келемін. Әзірше ештеңені өзгерткім келмейді. Балалармен жұмыс істеуді ұнатамын және тақия тігуден ләззат аламын.
Мен өз ісімді бастаған кезде әкем қайтыс болды. Тақияға бирка жасау үстінде едім, оған не жазу керек деген ойда болдым. Атамның атын – Азиза Ізім немесе әкемнің атын – Азиза Мұхитқызы арасында таңдау жасауым керек болды. Осы кезде әкемнің «Әттең сен ұл емессің, ұлым болмағаны өкінішті» деген сөзі есіме түсті. Менің ағаларымның біреуі де бизнес иесі болған жоқ. Мен әкеме өзімнің ешқандай ұлдан кем емес екенімді дәлелдегім келді. Арланып атамның атын әрбір адам білетіндей қыламын деп шештім. Енді біздің тақияларымызда «Азиза Ізім» деген жазбаны көре аласыздар.
Мен тақия кие бастаған кезде айналадағы адамдар үшін біртүрлі болып көрінді, бірақ тақия кию сәнді екеніне сенімді болдым. Басында ыңғайсыз болды, кейінірек адамдар комплимент жасап, тақияны қайдан алуға болатынын сұрай бастады. Мен әлі күнге дейін өз бұйымдарымның жүрген жарнамасымын.
Әріптестерім мен таныстарым менің Инстаграмдағы посттарымды өз парақшаларында жариялады, осылайша тапсырыс ала бастадым. Мен өзімді мақтан тұтып, шабыттана бастадым, өйткені, мен ұлттық мәдениетті жандандырып жатырмын.Тапсырыстар негізінен Инстаграмнан түскендіктен, біз парақшамызды белсенді дамытудамыз, тақиялардың жаңа топтамаларымен, сырға, сақина, шолпы секілді қолдан жасалынған зергерлік бұйымдармен контент жасаймыз
Бізге сондай-ақ ұсынымдар бойынша келеді. Астана және Алматы қалаларында сауда нүктелеріміз бар. Қазір онлайн тапсырысты әлемнің кез келген нүктесінен беруге болады. Біздің тақияларымызды Франция, Германия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, АҚШ пен Корея секілді мемлекеттерде киіп жүр.
Шолпы -– шашқа тағатын сылдырмақты бұйым. Бұрын шолпыны күмістен және монеталардан жасаған. Оны жас қыздар мен тұрмыс құрмаған қыздар киген. Кішкентай қыздардың шаш бұрымына қосып өрген. Осылайша қыздардың киіз үйден алыс кетпеуін шолпы дыбысының көмегімен бақылаған.
Шолпы – тазалықтың, әйел сұлулығының, байсалдылық пен сыпайылықтың белгісі.
Инстаграмды белсенді түрде дамытып, барлық бұйымдарды парақшамызда жариялаймыз
Барлық адамдар бірдей болып туылады, бірақ кейбіреулері ғана үлкен нәтижеге жетіп, миллиардер болады. Демек біз де сондай жетістікке жете аламыз, себебі бізде де дәл сондай ми, қол, аяқ бар.
1) Барлығын басында ойластырып алыңыз
Өз күшіңізді, бюджетіңіз бен уақытыңызды есептеңіз. Асықпаңыз, артықшылықтар мен кемшіліктерді жазыңыз. Мүмкіндік болса, жоспарларыңызды білетін адамдармен талқылаңыз.
2) Негізгі жұмыстан бас тартпаңыз
Негізгі жұмыс – бұл тұрақты табыс және сәтсіздіктен сақтандыру, себебі бизнесті жаңадан бастаған кезде бірден табыс алып келмеуі мүмкін. Қазір бизнесім өзін-өзі ақтайды және маған азын-аулық ақша қалады.
3) Демалуды ұмытпаңыз
Уақыттың жетіспеушілігі, жоғары бәсекелестік, қызметкерлер және клиенттермен проблемалар эмоционалды шаршауға алып келуі мүмкін.
Менің тақияларымды көшіру секілді жайтқа тап болдым. Көшірмелердің сапасы төмен болғанымен, сұранысқа ие бола бастады, себебі бағасы құны өте қол жетімді болды. Осы сәтте менің еңбегім ешкімге қажет емес деп ойладым. Демалу үшін өз қалама кетіп те қалдым. Кейінірек берілмеу керегін түсіндім, оның үстіне, мені клиенттерім іздей бастады.
Ары қарай еңбектенуге күш болу үшін өзіңе демалыс беру маңызды.
4) Өкілеттік беріңіз
Егер жұмыс пен бизнесті қатар алып жүру туралы шешім қабылдасаңыз, тапсырмалардың белгілі бір бөлігін басқа қызметкерлерге беріңіз. Мысалы, Инстаграмдағы брендіміздің аккаунтын менің танысым жүргізеді, ол әрі фотограф, әрівидеограф болып жұмыс істейді. Көмекшім тақия негізін тіксе, мен өнімді әшекейлеумен, сатып алумен және дайын бұйымдарды жіберумен айналысамын.
Ешкімді тыңдамаңыз. Өмір жолында қиыншылықтар, сізді айнытуға тырысатын, сізге сенбейтін адамдар кездеседі. Өзіңізге және шешіміңізге сенімді болыңыз, тіпті ештеңе ойдағыдай болмаса да, ісіңізді жалғастыра беріңіз.