Маркетплейс нарығы біздің елімізде және әлемнің барлық мемлекеттерінде қарқынды даму үстінде. PwC Kazakhstan-ның Цифрлық ҚазақстанАссоциациясымен бірлесе отырып жүргізген зерттеуінің деректері бойынша маркетплейс арқылы сату үлесі елімізде 2022 жылы 83%-ға артқан.
Интернет желісіндегі сауда алаңдарынның неғұрлым көбінде болу, сату көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Алайда алаң, тауарлар ассортименті көп болған сайын әрбір маркетплейсте жұмыс істеудің қыр-сырын жетік білу қажет.
Әрине, барлығын өзіңіз жасай аласыз, бірақ сіздің мүмкіндіктеріңіз бен біліміңіз жетпесе, маркетплейс менеджерінің көмегіне жүгінсеңіз болады.
Мақаладан келесі сұрақтарға жауап аласыз:
- маркетплейс менеджері деген кім, оның міндеттері және еңбек нарығындағы орташа жалақы мөлшері қандай;
- маркетплейс менеджері сатушыға қалай пайдалы болады;
- менеджерді жұмысқа қай кезеңде қосу қажет;
- маркетплейс менеджерін қалай табуға болады.
Маркетплейс менеджері – дүкен жұмысын басқаратын және оны маркетплейсте алға жылжытуға жауап беретін маман. Басқаша айтқанда, бұл жалдамалы сатушы.
Мысалы, hh.kz сайтындағы бос орындардың бірінде келесі міндеттер көрсетілген:
Әрбір компания менеджердің міндеттері мен жүктемелерін жеке анықтайды. Маркетплейс бойынша кейбір менеджерлер бір ғана дүкенді жүргізсе, басқа менеджерлер бірнеше дүкендермен айналысады. Қызметкер бұрыннан тіркелген аккаунт жұмысына немесе басынан бастап, демек профильді ресімдеуден бастап кампанияға қосыла алады . Маркетплейс менеджері тауар қандай платформада жақсы сатылатындығын және оған қалай қол жеткізуге болатындығын жақсы түсінуі тиіс. Маркетплейстерде жұмыс істеу менеджерден байланысқа бейімділік пен жан-жақтылықты талап етіледі.
Жалақы менеджердің құзыретіне және жұмыстың нысанына (онлайн немесе офлайн, ішінара немесе толық жұмыспен қамту), жүргізілетін маркетплейстердің санына, тапсырмалардың көлеміне байланысты.
hh.kz сайтының деректеріне сәйкес Қазақстандағы маркетплейс менеджерінің жалақысы – 100 000 – 500 000 тг. аралығында.
Маркетплейс менеджері бір мезгілде дүкендердің айналымы мен тауарлардың саны шағын, ал жұмыс кестесі икемді немесе онлайн болса, 3-5 сатушыға дейін жүргізе алады. Мұндай жағдайда, төлем туралы келісуге болады. Маманның жалақысы нарықтық жалақыдан төмен болуы ықтимал. Сонымен қатар жаңадан бастаған мамандарды немесе оқып жатқан менеджерлерді қарастыруға болады. Мұндай жағдайда, үдерістің барлық қатысушылары пайда көреді: менеджер тағылымдама орнын алса, сіз жұмысқа дайын маркетплейсті аласыз. Ары қарай ақылы негізде шағын сома төлеуге келісе аласыз.
Егер компанияңыздағы тапсырмалардың көлемі көп болса, бір ғана менеджерге қиын болады. Кейбір сатушылар бірнеше қашықтықтан жұмыс істейтін менеджерлерді және кеңседе жұмыс істейтін бас маманды қабылдайды. Мұндай жағдайда, оның жауапкершілік аймағына жеткізуді бақылау және қашықтықтан жұмыс істейтін команданы басқару кіреді.
Күніне не бәрі 1-2 сағат жұмыс істейтін менеджерді тауып, оған кейбір істерді тапсыруға болады. Мұндай жағдайда төлем сомасы айтарлықтай төмен болады. Алайда барлық жағдайлар жеке қарастырылуы тиіс, сол себептен менеджермен жеке сөйлесу қажет. Егер сіздің қызметкерге тұрақты негізде төлем жасау мүмкіндігіңіз болмаса, жобалық жұмысқа менеджерді қабылдауға болады. Бұл сізге арзанырақ түседі. Мысалы, егер сіздің тауарлар карточкаларын толтыруға уақытыңыз болмаса, мұндай жұмысты жобалық менеджерге тапсырыңыз.
Жақсы маман табысты еселеуге көмектеседі, бизнесіңіздің бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз етеді және оның маркетплейсте дамуын тездетеді.
Ол сіздің уақытыңызды үнемдеп, күнделікті жұмыстардан босатып, келесі мәселелерді шешуде көмектеседі:
Дұрыс жауап – сізге қажет болған сәтте.
Сізге маркетплейстің ережелерін өз бетіңізше түсіну қиын болса бастапқыда маманның көмегіне жүгінуіңізге болады, бірақ оның қызметін төлей алатындығыңызға сенімді болсаңыз керек. Егер өзіңіз түсініп, бизнесті іске қоссаңыз, менеджерді дамудың белгілі бір кезеңінде, мысалы, жұмыс көбейіп, сіз үлгермеген жағдайда жұмысқа шақыруға болады.
Біріншіден, қызметкерге тапсыруды қалайтын міндеттерді анықтау қажет. Соған қарай жұмыс нысаны мен кестесі, қызметкерге қанша төлеуге дайын екендігіңіз анықталады.
Ары қарай қажетті маманды іздеңіз немесе ұсынылған платформаларда сіздің талаптарыңыз бен жұмыс шарттары көрсетілген бос орын туралы хабарламаны жариялаңыз.
Маркетплейс менеджерін іздеу уақыт пен шыдамдылықты, ал жұмысқа алу қаражатты талап етеді, алайда сату үдерісін басқара алатын менеджерді тапсаңыз, бизнесіңіз дамиды, ал табысыңыз еселене түседі.