Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Маркетплейс менеджерін қалай табуға болады

Кеңестер
  • #Кеңестер

Маркетплейс нарығы біздің елімізде және әлемнің барлық мемлекеттерінде қарқынды даму үстінде. PwC Kazakhstan-ның Цифрлық ҚазақстанАссоциациясымен бірлесе отырып жүргізген зерттеуінің деректері бойынша маркетплейс арқылы сату үлесі елімізде 2022 жылы 83%-ға артқан.

Интернет желісіндегі сауда алаңдарынның неғұрлым көбінде болу, сату көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Алайда алаң, тауарлар ассортименті көп болған сайын әрбір маркетплейсте жұмыс істеудің қыр-сырын жетік білу қажет.

Әрине, барлығын өзіңіз жасай аласыз, бірақ сіздің мүмкіндіктеріңіз бен біліміңіз жетпесе, маркетплейс менеджерінің көмегіне жүгінсеңіз болады.

Мақаладан келесі сұрақтарға жауап аласыз:

  • маркетплейс менеджері деген кім, оның міндеттері және еңбек нарығындағы орташа жалақы мөлшері қандай;
  • маркетплейс менеджері сатушыға қалай пайдалы болады;
  • менеджерді жұмысқа қай кезеңде қосу қажет;
  • маркетплейс менеджерін қалай табуға болады.

Маркетплейс менеджері деген кім, оның міндеттері қандай

Маркетплейс менеджері – дүкен жұмысын басқаратын және оны маркетплейсте алға жылжытуға жауап беретін маман. Басқаша айтқанда, бұл жалдамалы сатушы.

Маркетплейс менеджерінің міндеттері:

  • Маркетплейсте тіркеу
  • Дүкен профилін ресімдеу
  • Бағалар мен акцияларды бақылау
  • Тауарлар карточкаларын әзірлеу
  • Бағалар мен сипаттамаларды жаңарту
  • Бәсекелестердің мониторингі: бағалар мен сату стратегияларын зерттеу
  • Сатуды және сатып алудан бас тартудың аналитикасын жасау, арнайы сервистерді пайдалану, сонымен бірге сату үдерісін басқару және табысты арттыру бойынша шешімдерді ұсыну
  • Тапсырыстарды ресімдеу
  • Жарнаманы іске қосу
  • Тапсырыстарды жіберуді, жеткізуді, тауарларды және олардың қалдықтарын сақтауды қадағалау
  • Пікірлер және негативпен жұмыс істеу, тұтынушы сұрақтарына жауап беру
  • Есептерді әзірлеу
  • Құжат айналымын жүргізу
  • Штаттан тыс фотограф, дизайнер, копирайтер секілді қызметкерлерді іздеу.
  • Егер менеджер кеңседе жұмыс істесе, офлайн тапсырмалар болуы мүмкін. Мысалы, тауарды жеткізуге дайындау, оны сұрыптау және таңбалау
  • Маркетплейс жұмысындағы өзгерістерді бақылау, себебі алаңдар жылдам дамып, жеткізу, жеңілдік, жұмыс механизмдерінің шарттары жиі өзгеріп отырады.

Мысалы, hh.kz сайтындағы бос орындардың бірінде келесі міндеттер көрсетілген:

Әрбір компания менеджердің міндеттері мен жүктемелерін жеке анықтайды. Маркетплейс бойынша кейбір менеджерлер бір ғана дүкенді жүргізсе, басқа менеджерлер бірнеше дүкендермен айналысады. Қызметкер бұрыннан тіркелген аккаунт жұмысына немесе басынан бастап, демек профильді ресімдеуден бастап кампанияға қосыла алады . Маркетплейс менеджері тауар қандай платформада жақсы сатылатындығын және оған қалай қол жеткізуге болатындығын жақсы түсінуі тиіс. Маркетплейстерде жұмыс істеу менеджерден байланысқа бейімділік пен жан-жақтылықты талап етіледі.

Маркетплейс менеджерінің жалақысы қандай

Жалақы менеджердің құзыретіне және жұмыстың нысанына (онлайн немесе офлайн, ішінара немесе толық жұмыспен қамту), жүргізілетін маркетплейстердің санына, тапсырмалардың көлеміне байланысты.

hh.kz сайтының деректеріне сәйкес Қазақстандағы маркетплейс менеджерінің жалақысы – 100 000 – 500 000 тг. аралығында.

Маркетплейс менеджері бір мезгілде дүкендердің айналымы мен тауарлардың саны шағын, ал жұмыс кестесі икемді немесе онлайн болса, 3-5 сатушыға дейін жүргізе алады. Мұндай жағдайда, төлем туралы келісуге болады. Маманның жалақысы нарықтық жалақыдан төмен болуы ықтимал. Сонымен қатар жаңадан бастаған мамандарды немесе оқып жатқан менеджерлерді қарастыруға болады. Мұндай жағдайда, үдерістің барлық қатысушылары пайда көреді: менеджер тағылымдама орнын алса, сіз жұмысқа дайын маркетплейсті аласыз. Ары қарай ақылы негізде шағын сома төлеуге келісе аласыз.

Егер компанияңыздағы тапсырмалардың көлемі көп болса, бір ғана менеджерге қиын болады. Кейбір сатушылар бірнеше қашықтықтан жұмыс істейтін менеджерлерді және кеңседе жұмыс істейтін бас маманды қабылдайды. Мұндай жағдайда, оның жауапкершілік аймағына жеткізуді бақылау және қашықтықтан жұмыс істейтін команданы басқару кіреді.

Күніне не бәрі 1-2 сағат жұмыс істейтін менеджерді тауып, оған кейбір істерді тапсыруға болады. Мұндай жағдайда төлем сомасы айтарлықтай төмен болады. Алайда барлық жағдайлар жеке қарастырылуы тиіс, сол себептен менеджермен жеке сөйлесу қажет. Егер сіздің қызметкерге тұрақты негізде төлем жасау мүмкіндігіңіз болмаса, жобалық жұмысқа менеджерді қабылдауға болады. Бұл сізге арзанырақ түседі. Мысалы, егер сіздің тауарлар карточкаларын толтыруға уақытыңыз болмаса, мұндай жұмысты жобалық менеджерге тапсырыңыз.

Маркетплейс менеджерін не үшін жұмысқа қабылдау қажет

Жақсы маман табысты еселеуге көмектеседі, бизнесіңіздің бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз етеді және оның маркетплейсте дамуын тездетеді.

Ол сіздің уақытыңызды үнемдеп, күнделікті жұмыстардан босатып, келесі мәселелерді шешуде көмектеседі:

  • бизнесіңізді масштабтауға
  • сату көлемін арттыруға
  • ассортиментті оңтайландырып, оны кеңейтуге, яғни локомотив тауарларды (аса табысты, жақсы өтетін) анықтауға, сонымен бірге өтпейтін тауарлардан арылуға
  • орташа чекті және қайтадан сатып алу санын арттыруға
  • маркетплейстегі бәсекелестерден ерекшеленуге
  • сатып алушылардың, оның ішінде тұрақты клиенттердің аудиториясын арттыруға
  • брендіңіздің танымалдылығын арттыруға
  • компанияға деген адалдықты жоғарлатуға
  • дүкенді дамытуға және тауарлардың жеке карточкаларын топқа көтеруге.

Менеджерді қандай кезеңде қосу қажет

Дұрыс жауап – сізге қажет болған сәтте.

Сізге маркетплейстің ережелерін өз бетіңізше түсіну қиын болса бастапқыда маманның көмегіне жүгінуіңізге болады, бірақ оның қызметін төлей алатындығыңызға сенімді болсаңыз керек. Егер өзіңіз түсініп, бизнесті іске қоссаңыз, менеджерді дамудың белгілі бір кезеңінде, мысалы, жұмыс көбейіп, сіз үлгермеген жағдайда жұмысқа шақыруға болады.

Маркетплейс менеджерін қалай табуға болады

Біріншіден, қызметкерге тапсыруды қалайтын міндеттерді анықтау қажет. Соған қарай жұмыс нысаны мен кестесі, қызметкерге қанша төлеуге дайын екендігіңіз анықталады.

Ары қарай қажетті маманды іздеңіз немесе ұсынылған платформаларда сіздің талаптарыңыз бен жұмыс шарттары көрсетілген бос орын туралы хабарламаны жариялаңыз.

  1. Браузерге негізгі сұрауды, мысалы, «Телеграмдағы маркетплейс бойынша чаттар» деп енгізіңіз. Сұрау бойынша көрсетілген мақалаларға өтіңіз. Әдетте оларда чаттарға сілтемелер беріледі. Өзіңізге қажетті чатқа өтіп, оның сипаттамасы мен ережелерін оқыңыз. Чат қатысушыларының ішінде сізге қажетті маман болуы ықтимал. Егер чат ережелеріне сәйкес бос орын туралы хабарлама қалдыру мүмкіндігі болса, бос орын сипаттамасы мен сіздің байланыс мәліметтеріңізді жариялаңыз.
  2. hh.kz сайтында хабарлама беруге немесе менеджерді «Резюме» бөлімінде табуға болады.
  3. kwork, workzilla секілді фриланстер биржаларында ТМД-ның барлық елдерінен қашықтықтан жұмыс істейтін мамандарды табуға болады. Чек жұмыстың күрделілік деңгейіне байланысты, 500 рубльден басталады. Биржаның тағы бір артықшылығы – белгілі бір жобалық жұмысты орындауға маманды тарту мүмкіндігінде. Яғни сізге менеджерді штатқа алу қажет емес, белгілі бір жұмыс мөлшерін жасату үшін жүгіне аласыз.
  4. OLX.kz арқылы бос орын туралы хабарлама беріңіз немесе іздеу жолағында негізгі сөздерді енгізіп, маманды іздеңіз.
  5. Маркетплейс менеджерлерін оқытатын мамандар арқылы табуға болады. Оларды тіпті Инстаграмнан кездестіре аласыз. «Каспи курс», «каспи эксперт» және т.с.с. сөздерді енгізіңіз. Менеджерді табу мүмкіндігінің болуын біліп, спикерге бос орын туралы өтінімді қалдырыңыз. Әдетте мұндай спикерлерде немесе мектептерде біз жоғарыда айтқан тегін тағылымдамалар болады.
  6. Инстаграмда маркетплейс менеджерлерін табуға болады. Ол үшін іздеу жүйесіне кілт сөздерді енгізу жеткілікті.

Маркетплейс менеджерін іздеу уақыт пен шыдамдылықты, ал жұмысқа алу қаражатты талап етеді, алайда сату үдерісін басқара алатын менеджерді тапсаңыз, бизнесіңіз дамиды, ал табысыңыз еселене түседі.