25 қарашада Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (ҚНРДА) және «№1 Қаржылық сауаттылық мектебімен» серіктестікте өткен «Әйел және ақша» атты Solva-ның семинарына Астанадан және көрші қалалардан 50-ден астам әйел қатысты.
Тренингке қатысушылар өз ісін бастау және дамыту үшін қажетті практикалық қаржылық білімді оңай және қолжетімді түрде алу, сондай-ақ Қазақстанның кәсіпкер-әйелдер қауымдастығының бір бөлігі болу мүмкіндігін жоғары бағалады.
Тренингке қатысушылардың бірі іс-шара туралы былай деп пікір қалдырды: «Қаржылық сауаттылық бойынша семинар – бұл кәсіпкер-әйелдер бизнесті дамыту үшін білім алатын кеңістік қана емес. Мұнда сіз пайдалы байланыстар орнатып, жаңа достар және пікірлестерден қолдау таба аласыз».
«Әйел және ақша» білім беру семинарларының циклі – Solva-ның «Әйелдер ісі» платформасы бастамаларының бірі, оның мақсаты Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін қолайлы ортаны құру және қолдау болып табылады. Келесі семинар 9 желтоқсанда Шымкентте өтеді.