Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Аспаздық бизнеске арналған жаңа идеялар – оңай!

Интервью
  • #Әйелісі
  • #Жекебизнес

Индира Шабденова үйде тәтті нан өнімдерін пісірумен айналысады, шоколад, жаңғақ немесе жеміс кесектері бар танымал американдық cookies печеньесіне қамыр дайындап, сатады. Ол бізге бизнесінің ерекшеліктері туралы айтып, кәсіпті жаңа бастағандарға арналған кеңестерімен бөлісті.

Печеньеге арналған дайын қамыр сату туралы ой сізге қалай келді?

Менің «Из печки на стол – пештен дастарханға» үйде пісірілген нан өнімдерін сататын бизнесім бар.

Жаңа жылға мен әртүрлі дәмі бар печенье салынған қораптарды әзірлеуге бел будым: зімбір, жалбыз, кокос, шоколад. Мен сатып алушыларға көңіл – күй сыйлау үшін қаптама мен түрлі-түсті жапсырмаларды сатып алып, Instagram-да қораптардағы печеньелер туралы жазба жарияладым. Дайын қамыр көп болғандықтан, мен оны қалай орау керектігін білмедім. Оны печеньеге тапсырыс түскен жағдайда тез арада пісіріп, тұтынушыға жеткізу үшін дайындадым. Менің жиенім, мобилограф, маған Instagram-ға печенье мен қамырдың суретін қоюды ұсынды – Америкада мұндай қамыр дайын, мұздатылған шұжық түрінде сатылады, сондықтан оны пішіндеуге және бірден пісіруге емес, кесуге ыңғайлы. Қамырды осы пішінде сақтау өте ыңғайлы, өйткені печенье дайын болған кезде бір апта ғана балғындықты сақтайды, содан кейін құрғақ болады. Осылайша, печеньеге арналған дайын қамыр сату туралы ой пайда болды – дәлірек айтсақ шоколад тамшылары бар қамыр.

Менің Instagram парақшама жазылып, оны көргендер қызығушылық танытты, жаңа өнім сатып алғысы келді. Олар: «Біз жұмыс істеп жатырмыз және дастархан жайып үлгермейміз, сондықтан сізден сатып алуға ыңғайлы болар еді», – деді. Осылайша қамырды аналар сатып ала бастады, содан кейін оқушылардың демалысы басталғандықтан, әжелер оны немерелеріне алып жатты.

Жаңа жылдық печеньесі бар қаптама

Ал cookies-ті Индира былай дайындайды

Фото және бейне Индираның инстаграмынан алынған: _indira_2905

Осылайша, оған сұраныс пайда болды. Неліктен сіз дәл осы істі жалғастыру туралы шешім қабылдадыңыз? 

Мен адамдарға, әсіресе тамақ дайындауға уақыты жоқ жастарға көмектескенді ұнатамын – осылайша олар отбасын үйде пісірілген дәмді өнімдермен қуантуға мүмкіндік алды, пештен – дастарханға.

Сіз үйде пісірілген тәтті нан өнімдерін дайындаумен айналысқаныңызға қанша уақыт болды? 

Бұрын менде наубайхана болатын. Ол 15 жыл жұмыс істеді. Жасым қазір елуде, демалуды жөн көрдім, наубайхананы саттым, бірақ қол қусырып ұзақ отыра алмадым, бір жыл демалып, екі жыл бұрын үйде тәтті нан өнімдерін дайындауды бастадым. Кезінде менен пісірілген тәтті нан өнімдерін сатып алған ауыл тұрғындары жұмысымды жоғары бағалап, сапалы өнімді қайта пісіруді ұсынды. Негізінде, мен бұл бизнестің қалай жұмыс істейтінін білемін, бұрынғы тәсіл бойынша жұмыс істеймін, бірақ тек жалғыз өзім және шағын көлемде.

Ассортиментті өзіңіз қалыптастырасыз ба? 

Ия, менің нан өнімдерін пісіруде үлкен тәжірибем бар, мен әлі де интернеттен жаңа рецепттерді көремін. Мен әр мерекеге клиенттерге жаңа өнім ұсынуға тырысамын.

Сізге бизнес жүргізуге көмектесетін команда бар ма?

Жоқ, мен бәрін өзім жасаймын. Мен курстардан өттім, Instagram жүргізуді үйрендім. Тапсырыс көп болған кезде ғана көмекшілерді жалдаймын.

Аспаздық бизнесті қалай бастау керек – сіздің қандай кеңесіңіз бар, бұл істе не нәрсеге назар аударған жөн? 

Біріншіден, мұздатылған қамырды дайындау үшін басқа иістер мен дәмдерді сіңірмейтіндей бөлек мұздатқыш қажет.

Екіншіден, ингредиенттерді үнемдеудің қажеті жоқ. Дәнмаңызы жақсы болуы үшін ұн сапалы болуы керек. Сары май – міндетті түрде 82 пайыз, маргарин печеньесін дүкендер мен базардан да сатып алуға болады. Үй пешінде дайындалған печенье дәмді, хош иісті және пайдалы болуы керек.

Бизнесті жаңа бастаған кәсіпкер әйелдерге қандай кеңесіңіз бар? 

Ең алдымен, ештеңеден қорқудың қажеті жоқ. Мен алғаш наубайхана ашқан кезде шамамен 30 жаста едім. Тандыр нандарынан бастадым, содан кейін тоқаш пісірдім және т.б. Ең бастысы – бірдеңе жасауға деген үлкен ықылас болу керек, ал мүмкіндіктер кейінен өздігінен ашылады.

Көбінесе жас аналар бизнесті бастауға қорқады, олар үйде отырады, бала күтімімен айналысады, бірақ міндетті түрде бірдеңе істеу керек, ештеңеден қорықпау керек – бұл оларға бала тәрбиесінде де, бизнесті жүргізуде де көмектеседі.

Қазір қандай жоспарларыңыз бар?

Негізі қазір дайын қамырды сатуға басымдық беремін. Мен сондай-ақ мұздатылған қаусырмаларды дайындап, сатқым келеді. Жазға қарай өнімді ауылдан қалаға жеткізу мәселесін шешемін. Қыста бұл оңайырақ, өйткені күн суық, қамыр бұзылмайды, сондықтан жазға қарай мен қалада цех ашып, өнімдерімді үлкен көлемде сатуды жоспарлап отырмын.