Solva.kz App

Іске арналған ақша
Жүктеу

Наталья Ульченко

Құс шаруашылығының иесі
Solva клиенті

Ақмола облысының тұрғыны Наталья Ульченко өзінің құс шаруашылығындағы алғашқы тәжірибесімен бөлісті

Өз ісіңізді ашу туралы ой сізге қалай келді?

Құс шаруашылығы – менің кенже ұлымның идеясы. Ол өзі қалада тұрады. Бір күні бізге сыйлық алып келіпті. Сыйлығы – 300 жұмыртқаға арналған инкубатор. Осы сыйлықпен бірге бізге қосымша жұмыс пайда болды.
Инкубаторды сатып алып келді. Ал ары қарай не істеу керек? Ол тіпті есіктен өтпеді. Терезе арқылы кіргізуге туралы келді.

Яғни бұған дейін құс шаруашылығымен айналысқан емессіз, дұрыс па?

Кеңес шаруашылығы кезінде шағын шаруашылығымыз болған. Алайда құсты өзіңе арнап өсірумен сатуға өсіру екі түрлі зат… Біз күйеуіміз екеуіміз құрылысшымыз, өзімізге жұмыс істейміз.

Инкубатор пайда болғаннан кейін ары қарай не істедіңіз?

Күйеуім интернет желісінен инкубаторлардың түрлері, олардың жұмыс істеу алгоритмі, қандай температура қажет екендігі туралы оқыды. Алғашқы жұмыртқаны Чехиядан алдырттық, себебі бірден жақсы өнім алуды дұрыс деп санадық! Қасымдағы таныстарым “Алыстан алып не істейсіңдер? Жақынырақ және арзанырақ алуға болады” деген пікір білдірді.
Кеденде жұмыртқаларды ұстап қалғандықтан, біз оларды пойыздан күтіп алдық. Ары қарай инкубаторға 300 жұмыртқа емес, 260 жұмыртқа ғана сыятындығы анықталды. Қырық жұмыртқаны жеуге тура келді…

Бірінші ұя балапан үлкен баламның бөлмесінде шықты. Немерелеріме бұл үдеріс өте қызық көрінсе, біз не істерімізді білмедік. Кейде баламыз неге бізге мұндай сыйлық жасады деп өкінген кезімізде болды. Бұған қарамастан, біз бірнеше балапандарды сатып та үлгердік. Әрине, қателерде, ойдағыдай жұмыртқалар шықпаған кездер де болды.

Болашаққа деген жоспарларыңыз

Бір күні ұлым бізге сыйымдылығы 1000 жұмыртқа алып беремін деп бізді қорқытқаны бар. Енді өндірісті ұйымдастыру үшін сарай соғуға кірістік. Көтерме өндірісті қалпына келтіріп, балапандарды сату үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелу жоспарда бар. Біздің ісімізде ел аузынан таралатын жарнаманың маңызы өте зор. Бір қате кетсе, ол сенің беделіңе теріс әсер тигізуі ықтимал..

Құс етін сату туралы жоспарымыз да бар. Қазір бұл істің қаншалықты тиімді екендігін санап жатырмыз.

Бизнесті іске қосқан кезде қандай үрейлеріңіз болды?

Жеке ісіңді ашу – үлкен стресс. Қателер жіберілсе, ақшадан айырылуға болады. Біз осы жылы табысқа ие болмадық, еңбектенумен және туындаған проблемаларды шешумен айналыстық. Мысалы, бір күнде 20 балапаннан айырылған кезде болды.

Алайда барлығы өз қалпына келеді, сондай сәтте еңбектенуді жалғастыра беру қажет екендігін түсінесің.

Өз ісіңді дамыту үшін ерен еңбек пен уақыт талап етіледі, одан көбірек күшті ұтқыр болуға және өзіңді дамытуға жұмсауға тура келеді. Біз құс шаруашылығын қалай жүргізу қажет екендігін білмедік. Барлығын өзіміз оқып білдік.

Өз ісін ашуды қалайтындарға беретін кеңесіңіз

Жаңа іспен айналысу әрқашан қиын. Ұлым өзіңді дамыту туралы кітаптарды алып келгенде армандап қана қоймай, өз мақсатыңа жету қажет деген тұжырымдаманы оқыған кезде өзіме “Егер басқалар істесе, менде істей аламын” деп мақсат қойдым.