Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Нұр-Сұлтан қ. тұрғыны Мариям Муканова балалар оқу орталығын қалай ашқандығы туралы айтып берді.

Мариям МукановаБалаларға арналған оқу орталығының негізін қалаушы
Solva клиенті
Әйел ісі

Ісіңізді қалай бастадыңыз? Неліктен жеке оқу орталығын ашу туралы шешім қабылдадыңыз?

Жеке іс ашуға бірнеше фактор әсер етті. Мен ұзақ уақыт бойы бухгалтер болып жұмыс істедім. Мансап жолының басында колледжде бухгалтерлік іс бойынша сабақ бердім. Мені білім беру саласы әрқашан қызықтыратын.

Бұған қоса әрқашан жеке ісімді бастау туралы ойлап жүретінмін. Бір күні танымал қазақстандық кәсіпкердің роликтерін көрдім. Осылайша шабыттанып, жеке бизнес ашсам, ол қоғамға пайдалы болуы қажет деп шештім. Өзім ана болғандықтан, балаларға арналған оқу орталығын ашу туралы идея туындады.

Мен өзімді нар тәуекелге бара алатын адам деп санаймын. Ақшаның болмауына қарамастан, өз ісімді ашуға деген ынтам жоғары еді. Кредит алсам да, өз ісімді бастап көремін деп шештім. Бастаманы кейінге қалдырмау үшін кредит алып, ғимарат сатып алып, бір аптаның ішінде жөндеу жұмыстарын жасап үлгердім.

7 ақпанда сатып алу сату шартына қол қойып, 13 ақпанда жөндеу жұмыстарын аяқтап, 14 ақпанда алғашқы балаларды қабылдадық.

Оқушылар мен мұғалімдерді қалай іздедіңіз?

Осы тұрғыда қиыншылықтар болмады. Балаларды қабылдау туралы хабарламаны аудандық чаттарға бердім. Осылайша болашақ оқушылар мен әлеуетті қызметкерлер хабарласа бастады.

Мұғалімдер санатымен қызықты оқиға болды. Бос орындар туралы хабарламаны 12 ақпан, яғни сенбі күні жарияладым. Сол күні қатты боран болып, ішімнен сұхбатқа ешкім келмейді деп ойлап едім, алайда адамдар келе бастады. Сол күні сұхбатқа келген әлеуетті қызметкерлердің барлығын жұмысқа қабылдадым. Олардың көп бөлігі осы күнге дейін бізбен бірге жұмыс істейді, ал кейбір қызметкерлер мектепте тұрақтылық бар және жалақы мөлшері жоғары болғандықтан, бізбен қоштасып, мектепке жұмысқа орналасқан.

Алғашқы кезде қандай қиыншылықтар болды?

Мен үшін алғашқы жарты жыл ең қиын кез болды. Маған кредитті қысқа мерзімге және үлкен ай сайынғы төлем сомасымен берді. Сол себептен қаражаттың барлығы оқу орталығына жұмсалды. Оқу орталығынан, жылжымайтын мүлікті жалға беру ақысынан түскен қаражатты жинадым, қызметкерлердің жалақысын төледім. Алайда қиыншылықтарды біз бірге жеңдік.

Қоршаған ортамдағы адамдардың сенбеушіліктері мені ренжіткен, ақ шаштар да пайда болды десем болады. Алайда мен осылайша дами бастадым!

Оқу орталығыңызда қандай қызметтер көрсетіледі?

Біз ақылы түрде кіші сынып оқушыларына арналған ұзартылған күн сабақтарын жүргіземіх, ағылшын және қазақ тілдері, математика бойынша сабақтарды береміз.

Қараша айынан бастап жабыстыру, көркем оқу секілді шығармашылық үйірмелері ашылады. Бізге мемлекет қажетті қолдауды көрсетті: барлық қағаздарды ресімдедік, енді мұғалімдерді табу ғана қалды.

Маған балалар гаджетпен ойнағаны емес, шығармашылықпен айналысқаны маңызды. Біздің орталықта балалар әлеуметтендіруден өтеді, олар кітап оқуға деген сүйіспеншілікке үйренеді. Мұндай машықтар мектепте және болашақта қажет болатындығы сөзсіз.

Сіздің қалаңызда ұқсас оқу орталықтары бар ма?

Өзің және өзіңнің қызығушылықтарың туралы ойлау қажет. Мысалы, мен үшін балаларым үйірмелерге қатысып, әрқашан қауіпсіздікте болуы маңызды еді. Ол туралы көптеген ата-аналар ойлайды.

Жеке ісін бастау туралы шешім қабылдаған әйелдерге беретін кеңесіңіз?

Өзің және өзіңнің қызығушылықтарың туралы ойлау қажет. Мысалы, мен үшін балаларым үйірмелерге қатысып, әрқашан қауіпсіздікте болуы маңызды еді. Ол туралы көптеген ата-аналар ойлайды.

Бизнес табыс әкеледі, алайда ол бірден болмайды. Инвестиция деген не екендігін ұмытпау және шығыннан қорықпау қажет. Тағы бір маңызды кеңес – өзіңізге жақын саланы таңдаңыз.