Выберите один из доступных языков (Сізге ыңғайлы тілдердің бірін таңдаңыз):
RU KZ

Үйде отырып, онлайн кредит алу

 

Әр адамның өмірінде ақша дәл қазір қажет болатын кездер болып тұрады. Бұл жиі шотты дереу төлеу керек болғанда орын алады. Кей жағдайда акция аяқталмай тұрып, тауарды тиімді бағамен сатып алуға үлгергіңіз келеді. Мақсатқа қол жеткізудің ең оңай жолы — үйден шықпай, кредит рәсімдеу.

Мұндай қызметті көптеген банктер мен микроқаржы ұйымдары ұсынады. Алайда тиімді әрі ыңғайлы шарттарды табу шынымен де қиын, өйткені ондаған пайыздық мөлшерлемені зерттеп, қолайлы сома мен мерзімді таңдауға тура келеді. Осы қиындықтан арылу үшін Solva.kz компаниясына жүгінуге болады.

 

Қарапайым, ыңғайлы, тез

 

Кредитті үйден шықпай онлайн режимде алу үшін бар болғаны 15 минут қажет болады. Алдымен қаржы компаниясының сайтына кіріп, өтінім бланкісін толтыру керек. Оған төлқұжат деректері мен ЖСН-ден басқа, төлеу қабілеттілігін растайтын аз ақпарат енгізіледі.

Кредит беру туралы шешімді автоматтандырылған скоринг жүйесі қабылдайды. Адамға қарағанда, ол секундына миллиардтаған математикалық есеп шығарады, сондықтан бүкіл процедураға бір-екі минуттан артық уақыт кетпейді. Өтінім мақұлданса, клиент көрсеткен мекенжайға курьер шарттың екі көшірмесін алып барады. Қаржы қызметтеріне қол жеткізу үшін сол шартқа қол қою ғана қалады.

Келесі қадам — кредит бағдарламасын таңдау. Растау үшін банк картасының нөмірін көрсетіп, СМС түрінде келген кодты енгізу керек. Ақша шотқа бір тәулік ішінде түседі. Кей жағдайда ғана ақша аударымы бір күннен артық уақыт алады.

 

Біздің шарттарымыз

 

Біз табыс туралы анықтама мен басқа да құжаттарды талап етпейміз, сондықтан ақшаны банк бас тартқан адамдар да ала алады. Ақша зейнеткерлерге, жұмыс өтілі аз жұмыскерлерге, шетелде жұмыс істейтін азаматтарға және 18 жасқа толған студенттерге беріледі.

Solva компаниясы төмендегідей шарттары бар бірнеше бағдарлама ұсынады:

  • сомасы — 200 мың теңгеден 2 000 000 теңгеге дейін;
  • мерзімі — 6 айдан 3 жылға дейін;
  • күн сайынғы пайыздық мөлшерлемесі — 0,10–0,13 %.

Ай сайынғы төлемді есептеу үшін қарапайым аннуитеттік схема қолданылады, ол ақша қайтаруды барынша ыңғайлы әрі ашық етеді. Кредиттің нақты сомасы мен артық төлемді сайттағы онлайн калькуляторды қолданып нақтылауға болады.

 

Қайтару тәсілі қандай?

 

Біз әртүрлі қаржы көздерінен, соның ішінде банк карталарынан және электрондық әмияндардан (Kassa24 не QIWI) түсетін қаражатты қабылдаймыз. Біздің клиенттеріміз жоғарыда көрсетілген төлем жүйелерінің терминалдары мен «Қазпошта» АҚ-ның абоненттік шоттарын да пайдалана алады. Төлем күні келмей тұрып, олар СМС немесе электрондық хат түрінде хабарлама алады.

Егер клиенттің кредитті мерзімінен бұрын төлеуге мүмкіндігі пайда болса, біз қуана қабылдаймыз! Еш комиссия жоқ, сондықтан Solva компаниясымен ынтымақтасу бұрынғыдан да тиімді болмақ.

 

 

 

Сауалнаманы толтырып, лезде шешім алыңыз!

Осы өнім үшін пайдаланушылар рейтингі
star
star
star
star
star
5
Үйде отырып, онлайн кредит алу - Solva
219 дауыс