Выберите один из доступных языков (Сізге ыңғайлы тілдердің бірін таңдаңыз):
RU KZ

Студенттер үшін оқуға кредит алу

 

Тәжірибе көрсеткендей, оқуға инвестиция салу көп пайда әкеледі. Жоғары білім туралы диплом табысты жұмысқа тұру мүмкіндігін бірнеше есе арттырады, ал қосымша курстар мен арнайы бағдарламалар жұмыс беруші алдында жас маманды әлдеқайда құнды қызметкер етіп көрсетеді. Сондықтан уақытша қаржылық қиындықтар жоспарларды өзгертуге сылтау болмауы керек. Оқуды жалғастыруға студенттерге арналған тиімді кредит көмектеседі, оны Solva компаниясы береді.

 

Біз неліктен банктерге қарағанда клиенттерге әлдеқайда адал ниетпен қараймыз?

 

Басқа қаржы мекемелеріне қарағанда, біздің ұйымымыз дәстүрлі талдау қызметін емес, автоматтандырылған скоринг жүйесін пайдаланады. Ол секундына миллиардтаған есеп жүргізіп, ықтимал клиенттің төлеу қабілеттілігін адамға қарағанда әлдеқайда тиімді анықтайды. Міне сондықтан да біз студенттерге білім алуға кредит беруде қосымша талаптар қоймаймыз. Банктен жиі бас тарту алатын басқа да адамдар бізбен ынтымақтастық орната алады, олар:

  • зейнеткерлер;
  • тұрақты жұмысы жоқ адамдар;
  • шетелде жұмыс істейтіндер;
  • бала тууға байланысты демалыстағы әйелдер;
  • жұмыс өтілі аз қызметкерлер.

 

Кредитті қалай рәсімдеу керек?

 

Өтінім беру үшін сабақтан сұранып, банкке барып, кезекте тұру қажет емес. Үйдегі компьютерді, ноутбукты немесе тіпті смартфонды пайдалансаңыз жеткілікті. Студент кредитті қалай алады деген сұрақтың жауабы қарапайым, бар болғаны оңай форманы толтырып, шешім қабылданғанын күту керек. Әдетте бұл процедура 10–15 минутты алады.

Студенттерге мақұлданған кредиттер Алматыда және Қазақстанның басқа қалаларында шартқа қол қойылған соң беріледі. Ол үшін де көп уақыт жұмсау керек емес, курьеріміз көрсетілген мекенжайға өзі барады. Соңғы кезең — тиімді бағдарламаны таңдау. Ұсынатын шарттарымыз:

  • пайыздық мөлшерлемесі — күніне 0,10–0,13 %;
  • мерзімі — 6–12 ай;
  • сомасы — 200–500 мың теңге.

 

Алу және қайтару

 

Алматы мен еліміздің басқа да қалаларында студенттерге арналған кредитті өтінім берілген күннің келесі күнінде мақсаты бойынша пайдалануға болады. Ақша банк картасына түседі, бұл оны қолма-қол ақшалай шешіп алуға немесе оқу орнының шотына аударуға мүмкіндік береді. Тек кей жағдайда ақша беру процесі бір тәуліктен асады.

Ақшаны әртүрлі тәсілмен қайтаруға болады. Көп клиентіміз интернет банкингті немесе қаржы ұйымдарының мобильді қолданбаларын пайдаланады. Сонымен бірге оларға QIWI және Kassa24 төлем жүйелері — электрондық әмияндары мен терминалдары қолжетімді. Студенттерге арналған оқу кредитін өтеудің тағы бір жолы — ақшаны «Қазпошта» АҚ-ның абоненттік шотынан аудару.

 

Осы өнім үшін пайдаланушылар рейтингі
star
star
star
star
star
5
Студенттер үшін оқуға кредит алу - Solva
289 дауыс