Выберите один из доступных языков (Сізге ыңғайлы тілдердің бірін таңдаңыз):
RU KZ

«Solva Loyal» клубының ережелері

1.         Жалпы ережелер

Бұл Ережелер «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС-ның (микроқаржы ұйымдарының тізіліміне 2017.17.04 күні 05.17.006 нөмірімен тіркелген) (бұдан әрі «Ұйымдастырушы» деп аталады) ресми ұсынысы (жария офертасы) болып табылады және «Solva Loyal» клубына (бұдан әрі «Клуб» деп аталады) қатысу үшін барлық маңызды шарттарды қамтиды.

Төменде берілген шарттарды қабылдап, Клубқа мүше болу шарттарын орындаған жеке тұлға Клуб қатысушысы (бұдан әрі «Қатысушы» деп аталады) болады және Ұйымдастырушы мен Қатысушының (Қатысушылардың) қарым-қатынасына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395–399-баптарының нормалары қолданылады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты осы Ережелердің мәтінімен мұқият танысып шығыңыз. Қандай да бір тармақпен келіспейтін болсаңыз, Ұйымдастырушы қатысудан бас тартуды ұсынады.

2.         Негізгі түсініктер

2.1.    «Solva Loyal» клубы — «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС клиенттерінің жабық қоғамдастығы, оның Ұйымдастырушы төменде сипатталған шарттарға сай берген артықшылықтары бар.

2.2.     18 (он сегіз) жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, осы Ережелерде орнатылған тәртіпке сай Клубқа мүше болу үшін барлық талаптарды орындаған жеке тұлғалар «Solva Loyal» клубына қатыса алады. Ұйымдастырушы қызметкерлері, оның үлестес тұлғалары, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Ұйымдастырушының 3 (үш) және одан көп конкурсына қатысатын тұлғалар бұл Клубтың қатысушысы бола алмайды. Азаматтығы жоқ адамдар Қатысушы бола алмайды. Егер Қатысушы жоғарыда аталған критерийлерге сай болмаса немесе оның әрекеттері Клубқа мүше болу үшін жосықсыз әдістерді пайдаланғандай Ұйымдастырушыда күмән тудырса, Ұйымдастырушы Клубқа мүше болу туралы өтінімін қарағанда оның белсенділігін ескермеуге құқылы.

3.         «Solva Loyal» клубына мүше болу шарттары

3.1.    Клубқа мүше болуға үміткер мынадай әрекеттерді орындауы керек:

1) «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС қызметтерін кемінде 4 (төрт) рет пайдалануы керек, қызметтер деп микрокредитті алып, мерзімінен кешіктірмей және Ұйымдастырушы мен Үміткер арасында жасалған микрокредит беру туралы шартта көрсетілген талаптарға қатаң сәйкестікпен қайтару түсіндіріледі. Бұл ретте бұрын өтелген микрокредит беру туралы шарттар бойынша мерзімдер жиынтығы кемінде 24 (жиырма төрт) айды, алынған және өтелген микрокредиттердің жалпы сомасы кемінде 2 000 000 (екі миллион) теңгені құрауы тиіс. Мерзімінен бұрын және/немесе төлем кестесін бұзып өтелген микрокредиттер есепке алынбайды;

2) Ұйымдастырушыға Клубқа мүше болу туралы өтінім жолдау керек, онда Үміткердің ЖСН-ы, микрокредит беру туралы шарттардың нөмірлері болуы керек;

3) жеке келіп, Ұйымдастырушы кеңсесіне келесі құжаттарды ұсынуы тиіс: Үміткердің жазбаша өтініші; Үміткердің түпнұсқа жеке куәлігі; микрокредит беру туралы түпнұсқа шарттар, соның ішінде олардың қосымша келісімдері.

3.2.   Клуб құрамына алған жағдайда, Ұйымдастырушы Үміткердің Өтінімі бекітілген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Үміткерге Ұйымдастырушының сайтындағы (бұдан әрі «Сайт» деп аталады) жеке кабинетте клиент көрсеткен электрондық пошта арқылы хабарлауға міндетті.

4.         «Solva Loyal» клубы қатысушысының артықшылықтары

4.1.    Клуб қатысушысы 200 000 (екі жүз мың) теңгеден бастап 500 000 (бес жүз мың) теңгеге дейінгі сомада микрокредитті 20 %-дан басталатын жылдық сыйақы мөлшерлемесімен алуға құқылы.

4.2.    Қарызды ұйымдастыру үшін алынатын комиссия жеке анықталады және негізгі қарыз сомасының 0–10 % құрауы мүмкін.

5.         Тараптардың жауапкершілігі

5.1.    Тараптар осы Ережелердің шарттарында қарастырылған жағдайларда және тәртіппен жауапкершілік көтереді немесе жауапкершіліктен босатылады.

5.2.    Қалған жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жалпы негіздер бойынша жауапкершілік көтереді.

6.         Заңмен қорғалатын құпия болып табылатын дербес деректер, ақпарат және мәліметтер

6.1.     ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңына сәйкес Қатысушы осы Ережелердің шарттарымен келісе отырып, Ұйымдастырушыға өзі туралы дербес деректерді, ЖСН мен телефон нөмірін тек осы Ережелердің мақсаттарында ғана, сондай-ақ онда көрсетілген жағдайларда заңда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен жинауына, өңдеуіне, алуына, сақтауына және таратуына келісімін береді.

6.2.    Қатысушы Ереже шарттарымен келісе отырып, соның ішінде Ұйымдастырушыға осы Ережелердің талаптарын орындау нәтижесінде белгілі болған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын Қатысушы туралы ақпараттың тек осы Ережелерді орындау мақсатында немесе осы Ережелерде қарастырылған жағдайларда, я болмаса осындай ақпаратты беру Ұйымдастырушы үшін міндетті болатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда ғана үшінші тұлғаларға берілетініне келіседі.

7.         Басқа шарттар

7.1.    Еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайларында, соның ішінде: мемлекеттік билік органдарының әрекеттері (соның ішінде құқықтық актілер шығару), өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, басқа да табиғат апаттары, электр энергиясының жоқ болуы және/немесе компьютер желісі жұмысындағы ақаулар, ереуілдер, азаматтық толқулар, тәртіпсіздіктер, Ұйымдастырушының осы Ережелер шарттарын орындауына кедергі келтіретін, жоғарыда тізілгенмен шектелмейтін кез келген басқа да жағдайдың әсерінен Ережелердің шарттары бұзылғанына Ұйымдастырушы жауапты болмайды.

7.2.    Ұйымдастырушы Ережелердің шарттарын өзгерту құқығын сақтап қалады, осыған байланысты Қатысушы Сайтта жарияланған осындай өзгерістерді тұрақты түрде бақылап отыруға міндетті болады.

7.3.    Ұйымдастырушы Клубқа қатысу үшін деректерді жіберуді не алуды шектеуі не кешіктіруі ықтимал желі, компьютер техникасы, аппараттық және/немесе бағдарламалық құрал жұмысы салдарынан орын алған кез келген түрдегі қате үшін жауапты емес. Ұйымдастырушы барлық деректер тиісті жолмен берілетініне кепілдік бермейді және осындай деректердің берілмеуі салдарынан Клубқа қатысу мүмкіндігін жіберіп алынғаны үшін жауапты болмайды.

8.         Ұйымдастырушы деректемелері

«ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС
БСН 160840000397
Микроқаржы ұйымдары тізіліміне 2017.17.04 күні 05.17.006 нөмірімен тіркелді
Мекенжайы: 050010, Алматы қ. Достық даңғ., 172, 8-қабат

Осы өнім үшін пайдаланушылар рейтингі
star
star
star
star
star
5
«Solva Loyal» клубының ережелері - Solva
236 дауыс