«Адал ниетті қарыз алушыларға арналған сыйақы сыйлыққа!» Науқанын өткізу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Науқанды ұйымдастырушы – «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС (БСН 160840000397, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 0500051, Наурызбай батыр к., 8 (бұдан былай мәтін бойынша – «Ұйымдастырушы»).
«Адал ниетті қарыз алушыларға арналған сыйақы сыйлыққа!» Науқаны (бұдан былай – Науқан) Қазақстан Республикасы аумағында 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 2020 жылдың 11 мамырына дейін әрекет еткен төтенше жағдай (бұдан былай – ТЖ) кезеңі ішіндегі сыйақыны осы Ережелердің 4 және 6 т. көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Науқанның қатысушылары төлемейтіндігін білдіреді.
Науқанның өткізілу мерзімдері 2020 жылдың 07 сәуірінен бастап 2023 жылдың 17 сәуіріне дейін. Ұйымдастырушының қарауы бойынша Науқанның өткізілу кезеңі өзгертіле алады.
Науқан Қазақстан Республикасы аумағында, Ұйымдастырушы өз бетімен анықтайтын, Қатысушылардың шектелген ортасы арасында өткізіледі. Науқанның қатысушылары келесі талаптарға сәйкес келетін жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер болып табылады:
Ұйымдастырушымен 2020 жылдың 16 наурызына дейін жасалған, микронесие ұсыну жөніндегі белсенді шарты барлар;
2020 жылдың 07 сәуірінен бастап 2020 жылдың 17 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу жөніндегі агенттігінің 2020 жылдың 26 наурызы күнгі №167 Бұйрығымен сәйкес 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 2020 жылдың 15 маусымына дейін төлемдері кейінге шегерілгендер;
2020 жылдың 16 наурызындағы жағдай бойынша міндеттемелердің орындалуын кешіктірмеу немесе міндеттемелерді орындауды кешіктірудің 90 күнтізбелік күннен аспауы.
Қатысушыларға Науқан туралы ақпараттандыру үшін осы Ережелер Қатысушылардың олар Ұйымдастырушының https://solva.kz/ сайтына тіркелу кезінде өздері көрсеткен электронды адрестеріне және (немесе) одан кейінге шегеру туралы өтініп келіп түскен электронды адрестерге жіберіледі және (немесе) Ережелер Ұйымдастырушы сайтында ашылған Қатысушының жеке кабинетінде орналастырылады және (немесе) Ұйымдастырушының https://solva.kz/ сайтына орналастырыла алады. Науқан әрекеті басталған күннен бастап Ұйымдастырушы Қатысушыларға 15.06.2020 жылға дейін төлемдерді кейінге шегеруді және Ұйымдастырушының сайтына тіркелу кезінде Қатысушы анкетада көрсеткен телефон нөміріне ТЖ кезеңінде сыйақы есептемеу мүмкіндігін ұсыну туралы СМС жіберу арқылы Науқанға қатысу туралы хабарлайды. Қатысушыларға Науқанға қатысу туралы еске салу мақсаттарында Ұйымдастырушы, сонымен қатар, Науқанның өткізілуінің күллі мерзімі ішінде мазмұны басқа, бірақ сәйкес тақырыпты СМС жіберуге құқылы.
Науқанға сәйкес әрбір Қатысушы, 2020 жылдың 15 маусымынан кейін қарыздың әрекет ету мерзімінің соңына дейін микронесие ұсыну туралы Шарт бойынша міндеттемелерді уақытын өткізусіз орындаған уақытта, ТЖ кезеңі үшін микронесие бойынша сыйақыны төлемеу құқығын сыйлыққа алады (2020 жылдың 16 наурызынан бастап 2020 жылдың 11 мамырына дейін (қоса алғанда).
Егер 15.06.2020 жыладан кейін қарыздың ұсынылу мерзімінің соңына дейінгі кезең ішінде Қатысушы кестемен сәйкес микронесие ұсыну туралы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бір немесе бірнеше мерзімін өткізуге жол берсе, сонымен қатар, егер Қатысушы 15.06.2020 жылдан кейін алғашқы төлем күні келгенге дейін бар мерзімі өткен төлемді өтеуді жүзеге асырмаған болса, Қатысушы автоматты түрде Науқанға қатысудан шығады және оған ТЖ кезеңі үшін (2020 жылдың 16 наурызынан бастап 2020 жылдың 11 мамырына дейін) сыйақыны төлеуді толық көлемде жүзеге асыру қажет болады.
2020 жылдың 16 наурызынан бастап 2020 жылдың 11 мамырына дейінгі ТЖ кезеңі үшін сыйақы төлемдер кестесіне соңғы төлеммен (төлемдермен) қосылады, олар микронесие ұсыну туралы Шартты жасасу кезінде төлемдер кестесінде көрсетілген ай сайынғы төлемнің мөлшерінен аспаулары тиіс.
Қатысушы құқылы:
осы Ережелермен анықталған Науқан шарттарымен танысу.
Ұйымдастырушының осы Ережелермен анықталған міндеттерін орындауын талап ету.
Ұйымдастырушы міндеттенеді:
Науқанды осы Ережелермен анықталған тәртіппен өткізу;
Қатысушыларға қатысушы Ұйымдастырушы сайтында тіркелу кезінде және (немесе) кейінге шегеруді ұсыну туралы өтініште көрсеткен телефон нөміріне СМС хабар жіберу жолымен олардың жеңісі туралы хабарлау.
Қатысушы Ұйымдастырушыға Науқанды өткізу нәтижелерін жариялау құқығын береді.
Ұйымдастырушы жауапкершілік жүктемейді:
қатысушылардың осы Ережелерде қарастырылған міндеттер, талаптар мен шарттарды орындамауы (уақтылы орындамауы) үшін;
қатысушының Науқанды өткізу Ережелерін білмеуден туындаған жағдайлар үшін.
Науқанға қатысу автоматты түрде Қатысушының осы Ережелермен танысқандығын және келісімін білдіреді.
Осы Ережелермен қарастырылмаған барлық басқа жағдайларда Ұйымдастырушы және қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
Науқанды Ұйымдастырушы осы Ережелерге өзгертулер енгізуге құқылы. Осы Ережелер өзгертілген жағдайда Науқанды Ұйымдастырушы Науқанның Қатысушыларына осы ережелердің 5 т. қарастырылған тәсілдермен сәйкес хабар жіберу арқылы хабарлауға міндеттенеді.
Қатысушы Науқанды Ұйымдастырушыға Науқанды Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарымен сәйкес, Қатысушы өкілінің дербес деректеріне қатысты кез-келген ақпараты Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңымен сәйкес сақтау және өңдеуге, оның ішінде автоматтандырылған, құқылы екендігіне, оның ішінде Науқанды Ұйымдастырушыға Науқанды өткізу мақсатымен, оның ішінде Қатысушыға ақпараттық қолдау көрсету, ақпараттық және жарнамалық хабарлар тарату мақсатымен ұсынылған дербес деректерді жинау, жүйелендіру, жинақтау, сақтау, нақтылау, пайдалану, тарату, дара биліктен ауыру, блоктау, жоюға, сонымен қатар, Науқанды Ұйымдастырушы шарттық негізде Қатысушы өкілінің дербес деректерін осы тармақта көрсетілген мақсаттарда өңдеу үшін аталмыш тұлғалардың Қазақстан Республикасының оларды өңдеу кезінде Қатысушының дербес деректерінің құпиялығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы талаптарын сақтау талаптары негізінде үшінші тұлғаларды тартуға құқылы екендігіне келісім береді.
Осы өнім үшін пайдаланушылар рейтингі
5
«Адал ниетті қарыз алушыларға арналған сыйақы сыйлыққа!» Науқанын өткізу ЕРЕЖЕЛЕРІ | Solva