Выберите один из доступных языков (Сізге ыңғайлы тілдердің бірін таңдаңыз):
RU KZ

Жылжымайтын мүлік кепілге қойылатын кредит

Жылжымайтын мүлік кепілге қойылатын кредит — әдетте айтарлықтай тәуекелді мәміле. Сіз оны уақытылы өтей алмасаңыз, мүлікке тыйым салынып, ол аукционда сатылып кетуі ықтимал. Ондай проблемалардан аулақ болу үшін жаңа буындағы Solva қаржы компаниясының қызметтерін пайдалануға болады. Онлайн сервис кепілсіз, анықтамасыз және кепілгерсіз жылдам қарыз береді.

Бүгін Solva ұсынатын шарттар

Бүгін Solva компаниясының клиенттерге беріп отырған қаржы өнімдері банк кредиттеріне барынша жақындатылған. Солай бола тұра, олар клиенттерге қойылған жұмсақ талаптар есебінен әлдеқайда қолжетімді болып қала бермек, себебі тек жеке куәлік және ЖСН бойынша рәсімделеді.

Solva сервисінде бірегей кредиттік скоринг жүйесі жұмыс істейді, соның арқасында өтінім жасаған клиентке және кредит тарихы мінсіз емес және тұрақты жұмысы жоқ адамдарға бас тартпай қаражат беру туралы шешім лезде қабылданады. Біздің онлайн сервисімізде қаражатты 18 жасқа толған қарыз алушылар қандай да бір басқа шектеусіз ала алады.

Мәмілелерде қолданылатын шарттар мынадай:

  • сомасы — 200 000–500 000 теңге;
  • мерзімі — 6, 9 немесе 12 ай;
  • банк кредиттеріне тең тиімді мөлшерлеме — бар болғаны күніне 0,10–0,13 %
  • қарызды бүкіл мерзім ішінде аннуитеттік төлемдермен өтеуге болады.

Жылжымайтын мүлікті және басқа мүлікті кепілге қоймай берілетін кредиттің бүкіл сомасын картаға алуға болады. Қажетті соманы банкоматтан шешіп алыңыз немесе өз банкіңіздің тарифтеріне сәйкес қолма-қол ақшасыз төлем жасаңыз.

Solva кредиттері неліктен қаржы қиындықтарын шешудің тиімді әрі ыңғайлы тәсілі болып келеді?

Жылжымайтын мүлік кепілінсіз және табысты растамай, кредитті біздің онлайн сервисімізден рәсімдеңіз де, оны жеке кабинеттен бір қимылмен басқарыңыз. Онда клиентке қажетті бүкіл ақпарат, соның ішінде қарыз сомасы, төлем жасау күні, артық төлем мөлшері берілген. Жеке кабинет арқылы кез келген қызықтыратын сұрақ бойынша маманымыздан кеңес ала аласыз.

Біз кредит төлеу барысында қажетті соманы дер кезінде төлеуге кедергі келтіруі ықтимал күтпеген қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін екенін жақсы түсінеміз. Осындай жағдайға 1–4 аптаға төлем мерзімін шегеру қарастырылған. Ол үшін жеке кабинетте онлайн өтінім берсеңіз жеткілікті. Бұл айыппұл мен комиссия есептелуден сақтайды (бір реттік айыппұл 5000 теңге, ал комиссия мөлшері — қарыз сомасының 0,5 %).

Solva кредиттері қарызды мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі қарастырылғандықтан тиімді болмақ. Егер сізде қосымша табыс көзі пайда болса немесе кредит қаражаты қажет болмай қалса, онда support@solva.kz поштасына хат жолдап, мамандарға төлемді мерзімінен бұрын жасау ниетіңіз туралы ескертіңіз. Осылайша мәміле бойынша артық төлем сомасын азайтасыз.

Онлайн сервистен кепілсіз, анықтамасыз және кепілгерсіз кредитті қалай алуға болады?

  1. Сайттағы онлайн сауалнаманы толтырыңыз — бұл жүйеде тіркелу үшін қажет және бар болғаны бірнеше минутты алады.
  2. Курьер үйіңізге жеткізетін шарт талаптарымен танысып шығып, оған қол қойыңыз.
  3. Solva сервисіндегі жеке кабинетке кіріп, соманы, мерзімді, ақша аударылатын карта нөмірін көрсетіп, кредит алу өтінімін беріңіз.

Кейін қарызды кез келген қолайлы тәсілмен өтей аласыз: онлайн: Kassa24 және QIWI электрондық әмияндары, «Қазпошта» шотынан соманы шығару, банк картасы, сондай-ақ қолма-қол ақшамен QIWI және Kassa24 терминалдары.

Осы өнім үшін пайдаланушылар рейтингі
star
star
star
star
star
5
Табысты растамай, жылжымайтын мүлік кепілге қойылатын кредит — Solva - Solva
289 дауыс