Выберите один из доступных языков (Сізге ыңғайлы тілдердің бірін таңдаңыз):
RU KZ

Қазақстандағы онлайн кредит

Solva сервисі Қазақстанда жеке тұлғаларға және кәсіпкерлерге онлайн кредит беруге маманданған. Біз ұсынып отырған жаңа буындағы қаржы өнімдерінің шарттары банк кредиттеріне барынша жақындатылған. Сонымен бірге Solva қызметінің тиімді әрі қолжетімді ететін көптеген қосымша артықшылықтары бар.

 

Solva кредиттерінің ерекшелігі

 

Solva онлайн сервисі бір жылға дейінгі мерзімге 500 000 теңгеге дейін қаражат береді. Осындай шарттардың арқасында қаржы өнімдері банк кредиттеріне барынша жақындатылған. Бізге хабарласқан клиенттер айлыққа дейін немесе уақытша қаржылық қиындықтарын шешу үшін қарызға ақша алмайды. Біздің қызметтеріміз Қазақстанның интернеті бар кез келген қаласында және елді мекенінде қолжетімді.

Solva — болашақта материалдық жағдайды жақсартатын ұзақ мерзімді мақсаттарды іске асыруға көмектесетін кредит беретін алғашқы онлайн сервис. Біздің клиенттеріміз автокөлік сатып алуға, бизнес ашуға, ипотекаға жарна салуға қаражат алу үшін жүгінеді.

Solva жылдам кредиттері қолжетімді болуымен ерекшеленеді. Қарыз алушыларға банкке барып, бөлімшелерінде кезекке тұру, көп анықтама жинау енді қажет емес. Ақшаны өтінім жасағаннан кейін 8 минуттан соң алуға болады. Бүкіл рәсімдеу процесі онлайн режимде жүреді және сізге бар болғаны мыналар керек:

  • өтінім беру үшін интернетке қосылған мобильді телефон не планшет;
  • ақша аударылатын банк картасы немесе шоты;
  • ЖСН;
  • жеке куәлік.

Біз клиенттен кепілзат қоюды немесе кепілгер табуды талап етпейміз. Барлық өтінімдер берілген бойда бірден қаралады, сондықтан біздің қызметтеріміздің арқасында сіз Қазақстанда онлайн кредитті барынша тез ала аласыз. Бұл мүмкін, өйткені Solva сервисінде төлеу қабілеттілігін бағалау үшін инновациялық скоринг алгоритмі қолданылады. Біз қарыз алушының кредит тарихын қараумен бірге, ол өтінім беру кезінде көрсеткен бүкіл ақпаратты талдаймыз. Осының арқасында банктерге қарағанда бас тартулар пайызын бірнеше есе төмендетуге мүмкіндік бар.

 

Solva сервисінде онлайн кредит беру шарттары

 

Solva онлайн кредиттері қарыз алушыларға қоятын минималды талаптарымен және жоғары емес пайыздық мөлшерлемесімен ерекшеленеді. Бүгін біздің қаржы өнімдеріміз Қазақстанның 18–68 жас аралығындағы, тұрақты табыс көзі бар барлық азаматтарына қолжетімді. Біз студенттерге, зейнеткерлерге, тұрақты жұмысы жоқ адамдарға, бала тууға байланысты демалыстағы әйелдерге және халықтың басқа да әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтарына кредит беруден бас тартпаймыз.

Онлайн сервисте 200 000 теңгеден 2 000 000 миллион теңгеге дейінгі сомада 6 айдан 3 жылға дейінгі мерзімге кредит алуға болады. Қолданылатын мөлшерлеме бар болғаны күніне 0,1–0,13 % құрайды. Бұл мән Қазақстан Республикасы банктерінің талаптарына толығымен сай келеді.

 

Solva онлайн кредиттерін басқару ыңғайлы

 

Solva сервисіндегі онлайн қарыздың басты артықшылықтарының бірі — ыңғайлы басқару. Клиенттер ыңғайлы өтеу тәсілін таңдай алады:

  • банк картасымен;
  • банктік аударыммен;
  • «Қазпошта» АҚ шотынан;
  • QIWI және Kassa24 терминалдары арқылы қолма-қол ақшамен;
  • QIWI әмиян және Kassa24 жүйесі арқылы электрондық ақшамен.

Егер күтпеген жағдай орын алып, кредитті уақытылы өтеуге мүмкіндік болмай қалса, төлем мерзімін 1–4 аптаға кейінге шегеруге болады. Осының арқасында мерзімді кешіктірген үшін айыппұл есептеліп, кредит тарихының бұзылуына жол бермеуге болады.

Қарыз қаражаты қажет болмай қалғанда, кредитті мерзімінен бұрын өтеп, артық пайыздарды төлемеуге болады. Бұл үшін қолдау көрсету қызметінің support@solva.kz мекенжайына хат жіберіп, төлемақыны мерзімінен бұрын төлеу туралы ниетіңізді еркін түрде көрсетсеңіз жеткілікті.

 

Solva сервисінде онлайн кредитті жылдам рәсімдеу

 

Қолжетімді мөлшерлемемен онлайн режимде кредит алу үшін бар болғаны үш қарапайым қадам жасайсыз:

  1. Сервиске тіркеліңіз.

Жылдам тіркелу үшін сайттағы «Ақша алу» опциясын таңдап, мынадай негізгі ақпаратты көрсету керек: аты-жөні, мобильді телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, жеке куәлік деректері, ЖСН нөмірі. Сауалнама толтыруға кететін уақыт 5–8 минуттан аспайды.

  1. Шартқа қол қойыңыз

Ақшаны заңды негізде беру үшін Solva әр клиентпен шартқа отырады. Құжатқа қол қойдыру үшін курьерді жібереміз

  1. Кредит алу өтінімін қалдырыңыз.

Жеке кабинетке кіріп, мәміле сомасы мен мерзімін көрсетіңіз де, қаражатты алудың ыңғайлы тәсілін — банк картасына немесе банк шотына алуды таңдаңыз, содан кейін олардың деректемелерін көрсетіңіз. Банктің жұмыс істеу шарттарына қарай ақша сол сәтте немесе келесі күні түседі.

Біз қаржылық көмекті әркім үшін қолжетімді әрі тиімді етіп жасаймыз. Бүгін Қазақстанның мыңдаған халқы Solva қызметтерін пайдаланады және өтінім жасаған күні табысты растамай және кепілсіз кредит алып жүр.

Сауалнаманы толтырып, лезде шешім алыңыз!

Осы өнім үшін пайдаланушылар рейтингі
star
star
star
star
star
5
Қазақстандағы онлайн кредит - Solva
247 дауыс