Выберите один из доступных языков (Сізге ыңғайлы тілдердің бірін таңдаңыз):
RU KZ

Онлайн кредит калькуляторы

Нәтиже
Қарыз мерзімі
Артық төлем
Берілетін сома (комиссиялары шегерілген)
Жылдық тиімді мөлшерлеме
Жалпы төлем сомасы

Тапсырыс беру

Айдың нөмірі Негізгі қарыз қалдығы Негізгі қарыз бойынша төлем Пайыз бойынша төлем Жалпы төлем сомасы

Тапсырыс беру

Ақшаны қарызға алған кез келген адам пайыздары есептелген қорытынды сома мен ай сайынғы төлем мөлшерін білгісі келеді. Көптеген банктер мен микроқаржы ұйымдары нақты цифрды күрделі есептеу және беті көп шарттардың көмегімен жасырғысы келеді. Шынымен адал әрі ашық шарттар алу үшін Solva компаниясына хабарласу керек.

Сайтымызда кредит калькуляторы берілген, ол маңызды қаржы көрсеткіштерін лезде есептеп береді. Осының арқасында клиенттер шартқа қол қоймай тұрып және ақшаны аудармай тұрып талаптардың тиімділігін бағалай алады. Бізбен ынтымақтасудың тағы бір артықшылығы — кредитті толық бақылауда ұстауға болады. «Жеке кабинетте» бағдарламаның аяқталуына қанша уақыт қалғанын, қандай соманы қайтару керек екенін және оның қай бөлігін пайыздар құрайтынын көруге болады.

 

Неліктен Solva компаниясын таңдаған адамдардың саны көбейіп жатыр?

 

Онлайн кредиттің дәл есептейтін әрі ыңғайлы калькуляторы — біздің компаниямызға хабарласу керек екенін білдіретін себептердің бірі ғана. Біз қызметімізді Қазақстанның 18 жасқа толған барлық тұрғындарына ұсынамыз. Оларға табыс туралы анықтама жинап, кепілгер іздеу қажет емес. Кредит алу үшін тек екі құжат — төлқұжат пен ЖСН қажет. Бұл банктер жиі бас тартатын зейнеткерлер, студенттер немесе ресми түрде жұмыспен қамтылмаған тұлғалар сияқты адамдардың өзіне оң шешім қабылдануына көмектеседі.

Қажетті ақша сомасын алу үшін маңызды шаруалардан бас тартып, кезекте тұрып, содан кейін апталап мақұлдауды күтудің қажеті жоқ. Өтінім онлайн режимде беріліп, шешім автоматты түрде қабылданады, бұған бар болғаны 10–15 минут қажет. Клиент тұтынушылық кредитті таңдағанда, калькулятор оған қолайлы шарттарды таңдауға көмектеседі:

  • мерзімі — 6 ай – 3 жыл;
  • сомасы — 200–2000 000 теңге;
  • күн сайынғы пайыздық мөлшерлемесі — 0,10–0,13 %.

 

Кредитті беру мен қайтарудың икемді шарттары

 

Solva компаниясы заңнамаға сәйкес әрекет етіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық ережесін сақтайды. Сондықтан да ол қаражатты кез келген есеп айырысу картасына аудара алады. Әдетте бұл тәулік ішінде орындалады, тек кей жағдайда ғана келесі жұмыс күні аударылады. Осының арқасында адам ақшаны өз қалауы бойынша жұмсауға ерікті.

Кредитті есептеу үшін калькулятор қарапайым аннуитеттік схеманы пайдаланады. Сондықтан қайтарылатын сома ай сайынғы тең төлемдерге бөлінеді. Қарызды келесі тәсілдермен қайтаруға болады:

  • қаржы ұйымдарының интернет банкингі немесе мобильді қолданбалары арқылы;
  • Kassa24 немесе QIWI электрондық әмияндарынан;
  • көрсетілген төлем жүйелерінің терминалдарынан;
  • «Қазпошта» АҚ шотынан.

Сауалнаманы толтырып, лезде шешім алыңыз!

Осы өнім үшін пайдаланушылар рейтингі
star
star
star
star
star
5
Онлайн кредит калькуляторы - Solva
247 дауыс