Заңды тұлғаны қайта құру туралы хабарлама
Құрметті клиенттер!
Осы арқылы 2022 жылғы «09» желтоқсаннан бастап «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» Акционерлік қоғамы («АҚ») (бұдан әрі – Компания) ретінде қайта құрылғандығы туралы ақпаратты хабарлаймыз.
Компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құру біздің болашақта шағын және орта бизнесті қаржыландыру мен дамыту бойынша жоспарларымызға тікелей байланысты.
ҚР Азаматтық кодексінің 46-бабының 5-тармағына сәйкес «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» АҚ «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС-ның бұрын жасалынған шарттары бойынша құқықтары мен міндеттемелерінің жалғыз құқықтық иесі болып табылады.
Компания ЖШС-дан АҚ-ға қайта құруға дейін өзіне қабылдаған барлық құқықтары мен міндеттерін қабылдайды. Бұрын жасалынған шарттарды өзгерту немесе қайта ресімдеу қажеттілігі жоқ. Компанияның қайта құрылуына байланысты Компанияның мөрі мен бланкі өзгертілді. Қалған деректемелер, оның ішінде БСН, орналасқан жері, банктік деректемелері өзгеріссіз сақталады.