Solva.kz App

Іске арналған ақша
Жүктеу

Solva.kz клиенттеріне арналған маңызды хабар

«ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС («Solva» бренді) хабарлайды 

2017 жылдың шілде айында Интернетте, соның ішінде www.YouTube.com видеохостингінде «Кредитіңді өтеп таста» бағдарламасы туралы ақпарат пайда бола бастады. Бұл бағдарламаға сәйкес мерзімі өткен кредитті қарыз сомасының 18–25 пайызымен өтеуге болады-мыс. Бұл ретте бағдарлама шарттары бойынша қарыз алушылардың кредитті заң деңгейінде бөліп төлеу және тең сомалармен өтеу мүмкіндігі бар. Оған қоса, 2018 жылдан бастап «Вин Лэвел Капитал» (WinLevel) ЖШҚ Қазақстанда белсенді жарнаманы жариялай бастады, оған сәйкес ол компания кез келген кредит беру мекемесінде, соның ішінде банктерде, микроқаржы ұйымдарында, басқа да кредит құрылымдарында кез келген кредит мәселесін шешу қызметін ұсынады. Атап өтетіні, аталған компания кредит міндеттемелері бар клиенттерге әртүрлі «анықтамалар» беру, сондай-ақ клиентті бір бағдарламаға және тізілімге қосу туралы шарт жасасу фактілері тіркелген. Бұл кезде, шарт та, анықтама да қолданыстағы заңды бұзып рәсімделеді және оның ешбір заңды күші болмайды және WinLevel тарапынан ешқандай кепілдік берілмейді.

«ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС (бұдан әрі «МҚҰ» деп аталады) осымен жоғарыда аталған бағдарламаға өзінің ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлайды. Оған қоса, МҚҰ сол бағдарламаның иелерімен ешбір азаматтық-құқықтық немесе серіктестік ынтымақтастықта тұрған жоқ.

МҚҰ өз клиенттерімен делдалсыз жұмыс істегенін, істеп жатқанын және істей беретінін ерекше атап өту керек. МҚҰ-ның даму стратегиясы тек клиенттермен тікелей өзара қарым-қатынас орнатуды көздейді. Кез келген мәселені тек ҚР заңнамасы аясында ғана шешеді.

МҚҰ қарыз алушыларға үшінші тұлғалармен микрокредитті рәсімдеу мәселелерінің, соның ішінде беру және өтеу сияқты барлық кезеңінде байланысудан аулақ болуға кеңес береді.

Барлық сұрақтар бойынша тек МҚҰ кеңсесіне, сондай-ақ сайтта көрсетілген жедел желі телефондары бойынша хабарласу қажет.

Қарыз алушы аталған делдал компаниялар көмегіне жүгінгенде бүкіл жауапкершілікті қарыз алушының өзі көтеретінін баса айтамыз.